Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «xiyғасырдан хат» деп аталатын бөлімнен үзінді



Дата22.12.2023
өлшемі18,95 Kb.
#142821

Медеу Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «XIYғасырдан хат» деп аталатын бөлімнен үзінді
Сергей РОЖНОВТЫҢ естелігінен: «...Шәріп екеуміз іздеп барғанда Қаныш Иман тайұлы таңбалы тастың іргесінде көлеңкелеп отыр екен. Бізге жайраңдай қа- рап: «Қане, жастар, мынаны қозғап кө ре лік. Алтыншоқыдан алтынға бергісіз қа зына таптық білем. Меніңше, өте қым- бат дүние. Сірә, көне уақыттың бел гісі», – деп түсінік бергені есімде. Қым бат тығы рас болу керек. Геологтің шымыр бо ла ттан құйылған балғасымен түйгіш теп көріп едік, титтей де сызат түсіре алма дық. Үшеуіміз олай-бұлай ырғап қозғай алсақшы. Зілма уырлығы сонша! Қосқа келіп, шай ішіп, біраз дем алған соң қайта бардық. Мен «Фотокормен» бетіндегі таң басын суретке түсірдім. Таңбаның анық көрінуін ойлап, суретке түсірерден бұрын кәдімгі тіс ысатын ақ ұнтақпен әрбір әрпін мұқият ағартып шыққанмын. Осы тас туралы жарияланған еңбектерді безендірген айшықты сурет дүниеге осылай келді...»
Өзі тапқан белгі тастың фотосуретін Қаныш Имантайұлы Мәскеуге, КСРО ҒА-на жолдаған. Бірнеше айдан соң академияның хабаршы журналында «Ұлытау тасы» туралы хабар жарияланды. Белгілі шығыс зерттеу шісі, профессор Поппэ тас бетіндегі жазуды ажыратып, оның көне дәуір белгісі екендігін, Әмір Темір жорығынан қалғандығын, тіпті жазылған жылы мен мәтінін де анықтайды.
Бертінде қазақ ғалымы Ә.Х. Марғұлан оны қайыра зерттеп, былай деп түпнұсқаға жақындата тәржіма жасаған:
«Тәңірі нісбет (несіп) бергей.
Тарих йсты юз тоқсан екіде, қой іл, йазаның ара айы.
Туранның сұлтаны Темір бек юз мың черік біла... Тоқтамыш хан біла санычмаққа йучді.
Бұ иерден өтіп, белгү болсын деп бұ обаны қобарды.
Іншалла, тәңірі бұл кішіге рах мат қылғай, бізні дұға біле йат қылғай».
...1936 жылдың күзінде Қарсақбайға, Қ.И. Сәтбаевтың атына
Ленинградтан хат келеді. Хатты Эрмитаждың сол кездегі директоры, академик И.А. Орбели жолдапты: академияның Ұлытауға арнаулы ғылыми экспедиция жіберуге шешім алғанын, Темір-
дің жорық жолында қалдырып кеткен тас белгісі бұдан былай Эрмитажда сақтала тын дығы жайлы ғылыми кеңестің қаулысы болғанын хабарлай келіп, экспедиция мүше лері нен таңбалы тас жатқан Алтыншоқыны көрсетуді өтініпті. Сөйтіп, XIV ғасырдың көне белгісі сол күзде-ақ әлем асыл-
дарының ұлы ордасы – Эрмитаждың 10-залына, екі терезе аралығындағы бірінші тағанға қойылыпты (1969 жылдың ақпан айында мен оны сол жерде көргем-ді. Тек тасты тұтас әкете алмай, жазу
түскен бетін болат пышықпен қарыстай қалың етіп кесіп әкеткен). ІІІ
Қаныш Имантайұлы «Ұлытау тасына» геологиялық сая-
хат кезінде кездейсоқ жолыққан. Тек оның тарихи ескерт кіш екендігін бірден болжамдап, КСРО ҒА-сына хабарлауын кездейсоқ
қарекет деуге бола ма? Жоқ. Әрнеге әуестік, одан да гөрі ғылым
сырына құмарлық оны жиыр ма жасында есеп жың ғылына қойып
кетіп, «Қазақша алгебра» оқулығын жазуға бастады. Тап сол
ынтызарлық студент Сәтбаевты туған халқының ауыз әдебиеті
үлгілерін жинауға әуей етіп, бұл істе де тыңға түрен салғандай,
фольклор іздеушілердің бірі болғандығын аңғартты. Сол саладағы
алғашқы еңбегі – Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінің 1923
жылғы 13 желтоқсанда «Байшуақ» (Сәтбай ата сы ның есімінің
шуақ ты, сәулелі, сәтті мағына сынан туған сөз) деген лақап атпен
«Обаған» әнінің туу тари хын, сол әнді айтушы қартаң әйел мен
тыңдаушы көптің әсерін жариялаушы былай сипаттайды:
«...Көз алдыңа Сарыарқа, сайран жер, нулы ел, сары қымыз, саф ауа, сан
еркіндік тің ұшқындары елестейді. «Қызықты қайран дәурен, өттің-кеттің,
қайыры лар күнің бар ма?» деген сияқты жүрекке біртүрлі тәтті уайым, май-
да сағыныш түскендей, жіңішке нәзік дауыс бір мезгіл де тіпті солқылдай зар-
лайды. «Жарың биік, Обаған, суың тәтті, Үшбу қасірет жаныма жаман батты. Тобыл өтіп Обаған келгенімде, Алшаңгер мен Аягөз арам қатты...» – деп тұрып өксиді, күңіренеді. Көз алдыңа жапан далада жүрегін кернеген шерді қайда көмерін білмей сандалып жүрген адам елестегендей... Шыдай алмай, «Бұл ән кімдікі?» деп сұраймын...» Бұдан әрі ән айтушы әйел мен ауыл иесі ақ сақал екеуі қосылып, «Обаған» хикаятының тарихын көркем тілмен төндіре баяндайды: Обаған өзен аты екен, соның кең саласын жайлайтын Осып мырзаның Ақиық есімді сұлу қызына Жантөрин деген әпесер, оқыған жігіт ғашық болады; ал қыз байғұс
Шыңғыс төренің Сұлтанмахмұт деген баласымен баяғыда атастырылған; Жантөрин ғашығына қолы жетпей, Орын борға кетеді, мұңлық қыз төренің ауылы на; алайда ол жақта көңілінің басқада екені ашылған соң төркініне қайтып оралады; ғашығы болса Орынборда «Ашық кеуде, сырлы бет, құбылмалы қала әйелдерімен қыдырып», Ақиықты біржола ұмытады; жаны жаралы, көңілі қапалы сұлу сүйгенінің жүрегін оятпақ болып, жігітінің атынан осы әнді шығарған-мыс...1926 жылдың 13 қаңтарында қазақтың тұңғыш театры Қы-
зылорда қаласында шымылдығын ашты. Сол жылдың күзі мен қыс айларында Қарсақбай мен Мәскеу аралығында ерсілі-қарсылы сабылып жүрген инженер-геолог жұмыс бабымен Қызылордаға да
әредік соғып, ұлт театрының қойылымдарын қызықтаған. Соның бір жылдық мерекесіне арнап, 13 қаңтар күні қойған ойын-сауығы – күлдіргі туынды «Малқам бай», соңынан екі бөлімнен тұратын
концерт. Ойын-сауық кештеріне, театр ісіне жас күнінен ынтық Қаныш Имантайұлы мерекелі қойылым жайында «Қазақстанның ұлт театры туралы» атты көлемді рецензия жазып, «Еңбекші қазақ» газетіне ұсынған. «Әміре (ҚазАКСР халық әртісі Әміре Қашаубайұлын айтып отыр – М.С.) бұл жолы назарын «Қанапия», «Жанбота» сияқты зор дауыспен шырқалып, шалқып салынатын қазақ тың ескі, ескекті әндеріне молырақ көңіл бөлгендігін көрсетті. Бұл, әрине, сүйсінерлік нәрсе. Мұнан былай Әміре сияқ ты әншілер осы бағыттан таймауы дұрыс болар еді. Өйткені «Қанапия», «Жан бота», «Сырымбет», «Алтыбасар», «Топайкөк», «Шама» сияқты ескі әндер – қазақ елінің саф ауа, сайын дала, сары қымызға емін- еркін өрістеп жүрген дәуірін дегі шығарған сарындары. Сондықтан олардың нақысында еркіншілік, еркелік, өжеттік сезімдер күшті. Бұл жөнінде көрсетерлік аз кем шілік – Әміренің «Қа на пия ның» аяғын тым шолағырақ қайыратындығы, –дей келіп, сын семсерін тереңірек жайтқа бұрады. – ... Концерт бөліміндегі нашар шыққан Құрманбектің (Жандарбеков – М.С.) хоры. Ол шы нында хор емес. Өйткені хор – тенор, альт, бас сияқты әр дауыстың үндестігінен құрал ған (унисон). Бұған шынында Құрманбек кінәлі емес, Қазақстанның қа зіргі мәдени еті, театр күштерінің лебіз жүйесіндегі жалпы жастығы кінәлі... Қалибектің мыс қыл дары мен Мұхамедидің биі айрықша көз салып, көңіл бөлерлік нәрселер, өткір, орынды, улы мысқыл – көп шіліктің мін дерін түзеу жолында ең күшті құрал дың бірі екендігі даусыз. Өйткені жабайы сөз дер тек сүйектен өтетін болса, улы мысқыл оның аржағында бүйректен де тесіп өтуі мүмкін...»Мақала иесі үш түрлі ұсыныс айтқан: «1) Театр – ел өмірінің түзу айнасы. 2) Театр – ел міндерінің құрулы тезі, төре ші ұс та зы. 3) Театр –
қазақтың салт-сана, күйі, сарындары сияқты мәде ниет пен өнер кендерінің терең ошағы, ұйт қысы. Бұл негіз дерді жүзеге асыру жолында ұлт театрына әлі де болса келешекте көп қайрат, қа жыр, қазына керек болады...» «Қаныш Сәтбаев – жас қазақ инженері, Том технология институтында білім алған, – депті ұлтымыздың ән-күй мұрасын жинаушы Александр Викторович Затаевич «500 қазақ әндері мен
күйлері» жинағының 267-түсінігінде (М., 1931 ж.). – Баянауыл әндерін ол өте көп біледі және келістіре орындайды. Мына жинақ үшін ол көптеген әндер мен әуендерді айтумен бірге, солар туралы өте құнды деректер қосып, мәтінін орыс тіліне мұқият аударып та берді...» А.В. За таевич, бірде-бір айтушыдан, ал олардың ішінде Әміре Қашаубаев, Майра Уәли қы зы, Қали Байжанов,
Ғаббас Айтбаев, Жұ мат Шанин, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров сияқты ән-әуен дүлдүл дері мен білгірлері бар, бірақ нақ Қаныш Сәтбаевтай ерекше мол (25!) ән жазбаған. Сірә, инженер
жігіттің ән қоры, орындаушылық мәнері де айрықша зор болған. Сірә, екеуі Мәскеуде кездесіп, ұзақ сағаттар жұмыс істеген.(Ескертер жайт: Қаныш Имантайұлы А.В. Затаевичтің 1920-1935 жыл-
дар аралығында қазақ халқының ән-күй мұрасын (ұзын саны 2500!) мұқият
жинап, көпшілігін біржола ұмыт болудан сақтап қалған ізгі ісін ерлікке балап, ерекше құрмет тұтып, ізденісіне шама-шарқынша қолғабыс еткен. Әсілі, зерттеушіні ұлықтаудан ол Александр Викторович дүниеден қайтқан соң да жаңылмаған; Мәскеудің Новодевичье зиратындағы қабіріне Қазақстан аты-
нан құлыптас қойылуына мұрындық болған; марқұмның басына жиі барып мінәжат етуден де айнымаған; 1958 жылы Алматыда «Ғылым» баспасында жарық көрген «А.В. Затаевич. Зерттеулер, естеліктер, хаттар және құжаттар» атты академиялық үлкен монография да – Қазақ КСР ҒА президентінің ынта-жігерімен дүниеге келгені зиялы қауымға жақсы мәлім). «...Том мемлекеттік университетінің Сібірдегі ең ескі және ерекше бай кітапханасынан мен туған халқымның фольклорлық шығармаларының небір асыл нұсқаларын таптым, соның кейбірін жұртшылыққа жеткізуге талап та жасадым... Солардың ішінде мені әдеби тілінің шұрайлылығы, кестелі жырының сонылығы, тарихи-этно графиялық деректерінің молдығы жөнінен Едіге туралы жыр қатты қызықтырды. Ту баста оны Ш. Уәлиханов жазып алыпты, кейіннен профессор П.М. Мелиоранский жариялапты... Дайын тұрған нұсқаны қазіргі қазақ емлесіне түсіріп, өз атымнан алғысөз жазып, 1924-25 жылдар аралығында бітіріп, Мәскеудегі КСРО халықтарының Орталық Баспасына жібердім...» деген тү сініктеме оқимыз. Қаныш Имантайұлының 1951 жылы ресми мекемеге жолдаған хатынан. Сөз бұл жерде Қ. Сәтбаевтың 1927 жылы Мәскеуде жарық көрген «Ер Едіге» кітабы жайында болып отыр. Шындығын айтқанда, бұл – болашақ академиктің баспа бетін көрген тұңғыш кітабы. Фольклорлық жинаққа Қ. Сәтбаев жазған «Сөз басынан» шағын үзінді ұсынамыз...
«Мелиоранский бастырған «Едігенің» аты қазақша болса да, заты ноғайшаға жуықтаңқыраған түрі. Мұның үстіне әңгіме түрлі толғаулардың да аяқ алысы тасырқаған малдың тұяғынша сандыраққа айналыңқырағаны көрінеді. Бұған айыпты, әрине, Шоқан да, Мелиоранский де емес. Әңгімені бірінші рет аққа көшірген Ахмет дейтін ноғай мен өткен ғасырдағы қазақ жақсыларына «кітапша жазу», «ноғайша сөйлеуді» сән көретін әдеті. – «Ер Едігені» бастырушы мынандай уәж айтады. – ... «Аймақтану» ұйымдарының қазақ ішіндегі істейтін нысаналы жұмыс тарының бастауы тегінде елдің ауыз әдебиетін жинау шаралары болуы керек. Қазақ жұрты да қазіргі татарлар сияқты, енді біраздан кейін әдебиетінің деректерін «Орхон жазуларынан» іздеуі мүмкін. Шоқан бастап жиған Едіге батырдың әңгімесінде тарих, тіл, әдебиет жақтарынан қарағанда, қазақтың ескі сөздерінің ішінде маңызды орын алуға лайық деп білетіндігім үшін, оның жыр уәзіндері мен толғауларын тізіп, жазу түрін қазақшаландыруды дұрыс деп таптым (Бұған Баян- ауыл аймағындағы қаржас руынан шыққан Қопабай дейтін шалдың аузында жүрген Едігенің бір сорабы көмекші болып отырды...»)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет