Орындаған: Есболсын Т. Е



Дата06.04.2022
өлшемі0,9 Mb.
#30028

Орындаған: Есболсын Т. Е.

Жайлыбаева Н. Ж.

Тексерген:Молдабаева З. М.


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Филология факультеті

КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз.

Күрделі сөздер:


Қосарлы сөздер

Біріккен сөздер

Қысқарған сөздер

Тіркестісөздер

Е. Жанпейісов

«Əдетте екі сөздің бір сөзге айналуы ұзақ сонарлы болады. Тілде олардың бірқатарының жасалу тарихы, тіпті, əріден басталып, əбден жымдасып, үйреншікті болып қалыптасып кетсе, енді бірқатарлары бертінде əдеби тілдің қазіргі даму майданында пайда болып, жаңа сөз жасау əрекетіміз жемісті болып, жаңа сөз саны үздіксіз көбейіп, қалыптасып келеді» 

    • «Күрделі сөздердің шыққан тегі – сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалады» 

К. Аханов
    • «Кейбір сөздер бастапқы синтаксистік жай тіркестердің компоненттері бір-бірімен бірігуі арқылы туса (бүгін, биыл, ағайын), кейбір күрделі сөздер жарыса, қабаттаса қолданылған, компоненттердің қосарлануы арқылы жасалған (ата-ана, жер-су, елжұрт).

А. Ысқақов

1

    • Күрделі сөз сөз жасаудың бір түрі; сөз тіркесі синтаксистік категория.


2
    • Күрделі сөздің əрбір сыңары бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста айтылады; сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен синтаксистік байланыста болады.

3
    • Күрделі сөздің əрбір сыңарында жеке-жеке мағына болуы да, болмауы да мүмкін. Бірақ оның сыңарларының жеке-жеке мағынасы болғанымен, тұтас сөздің мағынасы сыңарларының мағынасынан гөрі күңгірттеу болып келеді; сөз тіркесінің əрбір сыңарының мағынасы айқын болады.

4
    • Күрделі сөздің əрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, ол екеуі бір-ақ сұраққа жауап береді, сөз тіркесінің əрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылады.

5
    • Күрделі сөздің əрбір сыңарының орны жылжымалы емес, тұрақты; сөз тіркесінің əрбір сыңарының орны жылжымалы.

Т. Сайрамбаев. Күрделі сөз бен фразеологизм айырмашылығы

Сөз тіркестерінің күрделі сөзге ауысу кезеңдері:

  • а) сөз тіркестерінің күрделі лексикалық бірлік қатарына ауысуының бастапқы кезеңі;
  • ə) сөз тіркестерінің күрделі лексикалық бірліктер қатарына ауысуының соңғы кезеңі;
  • б) бастапқы кезең мен соңғы кезеңің арасындағы аралық кезең. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Жанпейісов Е. Күрделі зат есімдер //Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989.
  • Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А., 1979.
  • Ысқақов Ə. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1991.
  • Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. А., 1981.
  • Интернет ресурстар:

      • https://articlekz.com/kk/article/22962
      • https://allrefrs.ru/4-33992.html

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет