Медициналық биофизика рк 1 сұрақтар тізімі



Дата21.10.2023
өлшемі28,83 Kb.
#120475
Байланысты:
рк мбф (1)


Медициналық биофизика


РК 1 сұрақтар тізімі

1. Мембранада ақуыздардың функциясын жүзеге асыратын: белсенді тасымал


2. Мембранада иондарды өткізетін мембрана бөлігі:арна
3. Кардиомиоциттегі деполяризация фазасы......ион ағынымен анықталады: +JNa ішке қарай
4. Кардиомиоциттегі реполяризация фазасы......ион ағынымен анықталады: +JК сыртқа қарай
5.Жасушаның ішіндегі органеллаларды және тіндерді қорғап тұратын жұқа қабықша ол:
биологиялық мембрана
6.Мембрананың негізгі қызметтері: Механикалық, матрицалық, барьерлік.
7.Мембрананың сұйықтық – мозаикалық моделі: ақуыздар мен билипидтерден тұратын құрылым
8.Молекуланың бір липидтік қабаттан басқа липидтік қабатқа өтуі: «флип-флоп
9.Липосома дегеніміз: Ақуыздарынан ажыратылған билипидті тұйықталған құрылым
10.Биологиялық мембрананың түрлерін көрсетіңіз:жасушалық(плазмолемма), жасушаішілік, базальді
11.Диффузияланатын заттың молекулалары мембрана арқылы басқа молекулалармен кешен түзбей қозғалса, онда диффузия: қарапайым
12.Егер мембрана арқылы диффузияланатын заттың молекуласы тасымалдаушылармен бірігіп кешен тудырса, бұл диффузия: жеңілдетілген
13.Биологиялық мембрана моделін мына түрде қарастырамыз: жазық конденсатор
14.Биологиялық мембрананың беткі бөлігінде орналасқан ақуыздар: Перифериялық (сыртқы)
15.Липидтік қабатқа енгізілген ақуыздар: Интегральдық (ішкі)
16.Биологиялық мембрана құрамындағы липидтер келесі күйде болады: сұйық кристалл
17.Жасуша ішіне заттардың тасымалдану үрдісі: эндоцитоз
18.Мембрана арқылы тек жеке молекулалар ғана емес, қатты денелер де тасымалданса, бұл тасымал: фагоцитоз
19.Мембрана арқылы тек жеке молекулалар ғана емес, ерітінділер де тасымалданса, бұл тасымал: пиноцитоз
20.Концентрациясы жоғары алабтан аз концентрациялы алабқа концентрация градиентіне қарсы бағытта заттарды тасымалдауды: Белсенді емес
21.Белсенді емес тасымалдың түрлері: диффузия, осмос, фильтрация
22.Энергия метаболизмінің шығындалуымен өтетін мембранадағы заттың тасымалдануы: белсенді
23.Мембранада зат тасымалы үшін АТФ энергиясы пайдаланылса, онда бұл тасымал: бірінші реттік белсенді
24.Мембраналық липидтердің түрлері: фосфолипидтер, гликолипидтер, стероидтар
25.Иондардың екінші реттік белсенді тасымалдануының түрлері: унипорт, симпорт , антипорт
26. Әр типтегі бірдей зарядталған иондардың әр түрлі жаққа қарай тасымалдану үрдісіі: антипорт
27. Зарядталған бөлшектердің потенциалдың аз мәніне қарай тек бір бағытта тасымалдануы: унипорт
28. Қарама қарсы зарядталған иондардың бір бағытқа қарай тасмалдану үрдісі: симпорт
29. Мембрана биқабатының бетiне келетiн жылулық қозғалыс қарқындылығының атауы: латеральды диффузия
30. Жасуша өмір сүруінің негізгі жағдайын көрсетіңіз : автономдығы, қоршаған ортамен зат және энергия алмасу
31. Мембрананың жасуша ішіндегі АТФ синтездеу функциясы энергетикалық
32. Мембраналық ақуыздардың әрекеттесуін және нақты орналасуын қамтамасыз ететін мембрана функциясы матрицалық 
33. Жасуша ішілік құрылымын және жасуша ішілік үрдістерді қамтамасыз ететін мембрана функциясы механикалық
34. Жасушаның барьерлік функциясын көрсетіңіз: селективтілік, активті және пассивті зат алмасу
35. Жасуша мембранасы құрылымын зерттеу әдістері ЯМР, ЭПР, рентгендік- құрылымдық анализ
36. Мембрана құрылысын зерттеуде қолданылатын, тұрақты магнит өрісіндегі парамагниттерде, белгілі жиіліктегі электромагниттік сәулені жұтатын әдіс қалай аталады: электрондық- парамагниттік резонанс (ЭПР)
37. Мембрананы зерттеу үшін тұрақты магнит өрісінде, парамагниттік ядролармен электромагниттік толқындардың резонансты жұтылу әдістері қолданылады. Бұл әдіс: ядролық-магниттік резонанс(ЯМР)
38. (D) диффузия коэффициенті неге тәуелді: температура мен зат түріне
39. Мембрананың өткізгіштік коэффициенті неге тәуелді: заттың табиғаты, температурасына, мембрананың қасиетіне тәуелді.
40. Диффузиялық потенциал: әртүрлі екі сұйықтықтың шекарасындағы иондарды тасымалдау жылдамдығына тәуелді немесе құбылысында пайда болатын, араласатын ерітінділерде тіркелетін потенциалдарды диффузиялық деп айтамыз
41. Биоэлектрлік потенциалдардың туындауы ......... болады: жасуша ішілік және жасуша сыртындағы иондар концентрациясы айырмашылығынан
42. Әртүрлі ағзалардың биопотенциалдарын тіркеуге негізделген әдіс : электрография
43. Жасуша мембранасының екі жағындағы иондар концентрациясының айырмашылығы нәтижесінде биопотенциалдар туындайды. Бұл үрдіс : мембрана поляризациясы
44. Ми электрлік активтілігіне анализ жасау кезінде энцефалограммада тербеліс амплитудасын (....) және жиілігін (....) анықтайды. микровольт; Герц
45. a альфа – ритм үшін (энцефалография) (…) тербеліс амплитуда кезінде жиілік (…) тең. : 8-15Гц; 50-100мкВ
46. Белсенді ми үшін бетта-ритм тән, бұл электр импульстері амплитудасы (..........) және жиілігі (..........) тең. : 50-100 мкВ; 14-35 Гц
47. Биопотенциал: ұзақ өмiр сүру үдерісінде ағзада, ұлпада және жасушада пайда болатын электр кернеуi
48.Тыныштық потенциалы – бұл: қозбаған жасушаның цитоплазмасы мен қоршаған орта арасындағы потенциалдар айырымы.
49.Жасуша қозғанда жасуша мен қоршаған орта арасында пайда болатын потенциалдар: әсер потенциалы
50.Әсер потенциалына сәйкес келетін үдеріс: деполяризация және реполяризация
51.Миелинді нерв талшықтары бойымен әсерлік потенциалдың таралуы: сальтаторлы
52.Әсерлік потенциалдың миелинсіз нерв талшықтары бойымен таралуы: үздіксіз
53.Бір жасушадан басқа жасушаға сигналдар ауысуына қажетті жасуша аралық белгілер: синапс
54.Нейрон денесіне жүйке импульсін жеткізетін нейронның қысқа өсіндісі:дендрит
55.Мембрананың қозуы тоқтағаннан кейінде 1-3 секунд қалдық құбылыстар тіркеледі ол: рефрактерлік кезең
56.Электрокардиография әдісі: Жүрек бұлшық еттерiнiң жұмыс iстеуі нәтижесiнде пайда болатын биопотенциалдарды тiркеу
57.Көрші циклдердегі бірдей тістердің арасындағы уақыт аралығы: интервалдар
58.Кардиограммада тіркелетін: тістер, сегменттер, интервалдар
59.Бірінші стандартты тармақта тіркейтін электродтар мынаған сәйкес келеді: он қол және сол қолдар
60.Екінші стандартты тармақта тіркейтін электродтар мынаған сәйкес келеді: оң қол мен сол аяқ
61.Үшінші стандартты тармақта тіркейтін электродтар мынаған сәйкес келеді: сол аяқ пен сол қол
62.Электрокардиография негiзделген: Жүрек биопотенциалын анықтаудағы Эйнтховен теориясы
63.ЭКГ тiстерiнің тiзбектері: P-Q-R-S-T-U
64.ЭКГ да жүрек биопотенциалын тіркеу кезінде электрод пен тері арасындағы пайда болатын кедергіні азайту үшін... Теріге арнайы физиологиялық ерітінді жағады
65.Жүректің соғу жиілігінің қалыптан төмен болуы брадикардия
66.Жүректің соғу жиілігінің бірде артып, бірде төмендеуі аритмия
67.Жүректің соғу жиілігінің қалыптан жоғары болуы тахикардия
68.Қабылданған сигналдың әсерiнен ток күшi немесе кернеу тудыратын датчиктер: белсенді (активті)немесе генераторлық
69.Қабылданған сигналдың әсерiнен параметрлерi өзгеретiн датчиктер:белсенді емес (пассивті)немесе параметрлік
70. Механикалық әсер еткенде (сығу немесе созу) кейбір кристалдардың қарама қарсы жағында электр зарядтары және сәйкесінше потенциалдар айырмасы пайда болады. Бұндай датчиктер + пьезоэлектрлік
71. Датчиктің кірісіне қандай электрлік емес физикалық факторлар беріледі : температура, қысым, қанның пульстік көлемі
72. Өткізгіштердің кедергісі температураның артуымен : сызықты өседі
73. Резистивті датчик жұмысының физикалық негізін көрсетіңіз : + дене температура өзгерісі кезінде датчик кедергісінің өзгеруі
74. Электродтарды қолданады: : + емдеу мақсатында сыртқы электромагниттік әсерді өткізу, электр сигналдарын алу үшін
75. Термография дегеніміз - + диагностика мақсатында ағзаның жеке нүктелеріндегі температураларын жазу
76. Бұлшықет талшығы жіңішке жіптер құрамына кіреді: Актин, тропомиозин, тропонин
77. Бұлшықет жасушасының (талшығы) қысқартушысы ......... болады : Саркомер
78 Бұлшықет жасушасының ішінде, органеллалардан бөлек, көптеген параллель орналасқан ......... тұратын қысқарту аппараты бар. : миофибриллалардан
79 Кесілген бұлшықет талшығының құрылымы .......... болады : Дұрыс гексагональді
80. УЖЖ-терапия: (жоғары жиілікті) айнымалы электр өрісімен ұлпаға әсер ету
81. Индуктотермия:жоғары жиілікті айнымалы магнит өрісінің ағза ұлпасына әсері
82. Бірдей жағдайда орналасқан электролит пен диэлектрикке УЖЖ өрісімен әсер еткенде:  электролитке қарағанда диэлектрикте температура тез көтеріледі
83. Тербелмелi контурдағы еркiн электромагниттiк тербелiстер өшетiн болып табылады, оның себебі: тербелiс энергиясы контурдың iшкi энергиясына айналады.
84. УЖЖ - терапия аппараты: екі тактілі шамдық генератордан және терапевтік контурдан тұрады
85.Тұрақты токтың көмегiмен дәрi-дәрмектi адам ағзасына егусiз ендiру әдiсi: Электрофорез
86. Адам ағзасына үздiксiз тұрақты магнит өрiсiмен әсер ету әдiсi: магнитотерапия
87. УЖЖ электр өрiсiмен адам ағзасына әсер еткенде: Өткiзгiштiк және ығысу токтары пайда болады
88. Ағза арқылы жоғары жиiлiктi ток өткенде джоулдiк жылу бөлiнедi де, ұлпаны бұзады. Бұл әдістің аталуы: Электрохирургия
89. Адам ағзасына аз мөлшердегi тұрақты токпен әсер ететiн медициналық әдiс: Гальванизация
90. УЖЖ өрістің қарқындылығы: ток көзінен қашықтаған сайын азаяды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет