Медициналық интроскопияның негізі



бет1/2
Дата08.12.2023
өлшемі64,85 Kb.
#134725
түріРеферат
  1   2


Реферат БОӨЖ №13
Медициналық интроскопияның негізі
Орындаған: Тайр Гүлзия
Тобы: 103 А
Қабылдаған: Сугуржанова Г.А.
Алматы 2023

Жоспар

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Медициналық интроскопия — медициналық диагностиканың бір тарауы. Адам ағзасын инвазивті емес зерттеумен айналысады. Физикалық әдістердің көмегімен ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Атап айтқанда, мыналар пайдаланылады: дыбыс толқындары, әр түрлі толқын ұзындығындағы электромагниттік сәуле шығарулар, тұрақты және айнымалы электромагниттік өріс, радиобелсенді изотоптар шығаратын (радиофармпрепараттар шығаратын) элементар бөлшектер.
Медициналық интроскопияның барлық әдістерін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

  • Рентгенологиялық

  • Магнитно-резонанстық

  • Оптикалық

  • Радионуклидтік

  • Ультрдыбыстық

Рентгендік сәулелер қатты үдетілген зарядталған бөлшектердің тежелуінен пайда болады. Сонымен бірге молекулалар мен атомдардағы электрондық қабаттар арасында жоғары энергетикалық өтулер нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Екі эффект те рентген түтікшелерінде пайдаланылады. Рентгендік түтікшедегі катодтан шығарылған электрондар анод пен катод арасындағы жоғары кернеулі потенциалдар айырмасы әсерінен үлкен жылдамдыққа дейін үдетіледі де анодпен соқтығысып, тежеледі. Нәтижесінде анодта рентген сәулелері шығарылады. Бір мезгілде атомның ішкі электрондық қабаттарынан электрондар жұлып шығарылады. Электрондық қабаттардағы бос орындарға атомның басқа электрондары орналасады. Бұл кезде сипаттамалық рентгендік сәулелер шығарылады. Бұл сәулелердің ерекшелігі, анод жасалған материалға және спектрдің энергиясына байланысты.
Қан тамырларын контрастылық рентгенологиялық зерттеу әдісі. Ангиография қан тамырларының функциональдық күйін, окольдық қан ағысын және патологиялық процестің ұзақтығын қарастырады. Зерттеу тамыр пункциясы (тесу) жолымен және одан әрі қарай катетеризациямен жүргізіледі (тамырға арнайы катетер енгізу, ол арқылы контрастық зат жіберу, иод препараты,[Z=53]). Қара сан артериясының катетеризацисы көп жүргізіледі. Тамырдың барлық әрекеті рентгенотелевиденияның бақылауымен жүзеге асады. (Экранда рентгенконтрастық заттың
тамырлардағы циркуляциясы байқалады.). Зерттеу аяқталған соң пункция аймағына бір тәулікке таңғыш қояды. Ангиография алдында мынадай қарсы көрсеткіштерді болдырмау керек: Йод пен анестезияға аллергияcы, бүйрек жетіспеушілігін, гемостаз жүйесінің бұзылуы, қалқанша без дисфункциясы, венеролгиялық аурулар.
Биологиялық нысанның ішкі құрылысын бүлдірмей қабат бойынша зерттеу әдісі.
Бұл әдісті 1972 жылы Годфри Хаунсфилд пен Аллан Кормак ұсынған, осы еңбектері үшін олар 1979 жылы Нобель сыйлығын алды. Әдіс рентгендік сәуле шығарудың тығыздықтары әр түрлі ұлпалардағы әлсіреуін есептеу мен күрделі компьютерлік өңдеуге негізделген.
Кез келген рентгендік бейне алу рентген сәулесі өтетін ұлпалар мен мүшелердің тығыздығының әр түрлі болуына негізделген. Қарапайым рентгенографияда рентгендік сурет зерттелетін мүше немесе оның бөлігінің көрінісі болып табылады. Мұнда ұсақ патологиялық құрылымдар нашар көрінуі немесе ұлпалардың суперпозициясы (бір қабаттың екіншісіне беттесуінен) салдарынан мүлде көрініс бермеуі мүмкін. Мұндай бөгеттерді алып тастау үшін медициналық практикаға компьютерлік томография әдістемесі енгізілген. Әдіс ұлпалардың көлденең қабатының оңашаланған бейнесін алуға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге рентгендік сәулелердің жіңішке ағыны бар рентгендік түтікшені пациент арқылы айналдыру жолымен жетуге болады. Одан кейін арнаулы компьютерлік программаның көмегімен бейнені реконструксациялайды. Диагностика үшін оптимальды, қарапайым рентгенодиагностика мүмкін болмайтын бейне алу, мүшелерге қатысты анық мағлұмат береді.
Компьютерлік томографтар дамуының прогресі детекторлардың санының көбеюімен, яғни бір мезгілде жиналатын проекциялар санының көбеюімен тікелей байланысты. Компьютерлік томографтардың алғашқы буынында детекторлар саны 2, екінші буында — 30-50, үшіншісінде — 300- 500, төртіншісінде — 1000—5000 ға тең болды. Екінші буында алғаш рет рентгендік сәуле шоғырының сенімді формасы қолданылды. Компьютерлік томографтардың келесі әрбір буыны бейнені реконструкциялауға уақытты аз жұмсады, рентген түтігінің айналу жылдамдығын ұлғайтты. Бұл жаңалықтар компьютерлік томография зерттеулерін тездетіп, оның диагностикалық қолданылу аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Ішкі мүшелер мен ұлпаларды ядролық магниттік резонанс деп аталынатын физикалық құбылысты пайдаланып зерттеудің томографиялық әдісі. Әдіс жоғары кернеулктегі тұрақты магнит өрісінде тұрған сутегі
атомдары ядроларын белгілі электромагниттік толқындарының комбинациясымен қоздыруына жауабын өлшеуге негізделген.
Ядролық магниттік резонанс әдісі адам ағзасын ағза ұлпаларының сутегімен қанығуы негізінде және олардың әр түрлі атомдар мен молекулалардың қоршауында тұруына байланысты магниттік қасиеттерінің ерекшеліктерін өлшеуге негізделген. Сутегі ядросының магниттік моменті(спині) бар және өзінің кеңістіктегі бағдарын күшті магнит өрісінде, сонымен бірге протон үшін арнайы берілген градиенттік, және сыртқы радиожиіліктік импульстер деп аталынатын, протон үшін арнайы болып табылатын қосымша өрістер берілген резонанстық жиілікте әсер еткенінде өзінің кеңістіктегі бағдарын өзгерте алатын бір протоны бар.
Көрініске келтірудің оптикалық әдістері.
Рентгенологиялық зерттеу рентгенологиялық бейне проекцияланған, флуоресценттік экранда фотоға түсіруден тұрады. Флюорография сәулеленудің аз дозасында нысанның кішірейтілген бейнесін береді. Өз кезегінде сәулеленудің жоғары дозасында рентгенография шын кескін береді. Флюорографияны негізінен кеуде жасушаларының мүшелерін, сүт бездерін, сүйек жүйелерін зерттеуде қолданады. Флюорография принципін пайдаланатын ең көп тараған диагностикалық әдіс кеуде жасушасы мүшелерінің флюорографиясы болып табылады.
Көрініске келтірудің радионуклидтік әдістері .
Позитрондық-эмиссиялық томография –адамның немесе жануардың ішкі мүшелерін радионуклидтік томографиялық әдісі. Әдіс позитрондардың ангиляциясы кезінде пайда болатын гамма кванттар жұбын тіркеуге негізделген. Позитрондар организмді зерттеуден бұрын енгізілген радиопрепараттың құрамына кіретін радионуклидтің (изотоптың), бета ыдырауынан пайда болады. Ең көп тараған изотоп 2- дезокси-2-[фтор-18]-фторо-D-глюкоза (18-ФДГ), глюкоза аналогы болып табылады. Гидроксиль тобы фтор-18 алмастырылған. ПЭТні пайдаланатын изотоптарға қарағанда үлкен. Фтор-18 дің жартылай ыдырау периоды 110 минутқа тең.
Ультрадыбыс белгілі ортада заттардың кезектесіп келетін сығылу және сиректелу аймағы түрінде тарайды. Дыбыс толқындар тербеліс периодымен
— молекула толық бір тербеліс жасайтын уақытпен, жиілік уақыт бірлігіндегі тербеліс санымен, толқын ұзындығы бір фаза уақыт ішіндегі қашықтықпен және таралу жылдамдығымен сипатталады. Таралу жылдамдығы толқын тарайтын ортаның серпімділігімен тығыздығына көп тәуелді болады. Толқын ұзындығы жиілікке кері прпорционал. Толқын ұзындығы қысқа болған сайын ультрадыбыс аппаратының ажырату қабылеті жоғары болады. Медициналық ультрадыбыстық диагностика жүйелерінде көбінесе 2 МГц тен 10 МГц – ке дейінгі жиілік пайдаланылады. Қазіргі замандық ультрадыбыстық аппаратардың ажырату қабылеті 1-3 мм
- ге жетеді.
Кез келген орта, оның ішінде ағза ұлпасы ультрадыбыстың таралуына бөгет жасайды. Олардың шамасы орта тығыздығына, ультрадыбыстың жылдамдығына тәуелді болады. Айтылған параметрлер жоғары болса, акустикалық кедергі де үлкен болады. Кез келген осындай эластикалық ортаның жалпы сипаттамасы «импеданс» терминімен белгіленеді.
Акустикалық кедергісі әр түрлі екі ортаның шекарасына жеткен ультрадыбыс толқындарының шоғыры көп өзгеріске ұшырайды: оның бір бөлігі жаңа ортада белгілі бір дәрежеде жұтылып, әрі қарай таралуын жалғастырады, екіншісі —шағылады. Шағылу коэффициенті бір - бірімен шекараласатын ұлпалардың акустикалық кедергілерінің айырмасына тәуелді. Айырма үлкен болса шағылу күшті, сондықтан аппарат экранында жарық, анық болып көрініс береді. Ұлпалар мен ауа арасындағы шекара толық шағылдырғыш бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет