Мәңгі жарық күн сыйлаған маған Бір адам бар ол өзіңсің ана



Дата29.09.2023
өлшемі17,13 Kb.
#111596
Байланысты:
ана туралы такпактааар


Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам
Ардақты ана, аяулы мама
Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Мені ойлап қам жемеші ана
Сен қуансаң мен бірге қуанам
Саған ғага сенемін, жұбанам
Аспандағы ай-күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың ана
Ардақты анам, аяулы мама
Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп
Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама
Мені ойлап қам жемеші ана



  1. Анам менің – аялаған ақ гүлім
    Анам менің – бақытым мен шаттығым
    “Анашым” – деп балаң жырын арнаған
    Неге ғана естімеген тәтті үнін
    Анам менің – өмірдегі тірегім
    Анам менің – кеудемдегі жүрегім
    Егер менің қасымда сен болмасаң
    Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

  2. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
    Ана дейді жас сәби де жарқылдап
    Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
    Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
    Ана деген- асыл жандар болаттай
    Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
    О, адамдар қадірлей біл ананы
    Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгелеңген дүниеде,
Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «Қазақ биін».

6.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

7.Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

8.Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

9.Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертең ақ
Отын болып жанам ғой.

10.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет