«Мейіргер ісі» Талдықорған 2020 оқу ж ж. МазмұНЫ


Балауызды тік ішек арқылы енгізу



бет68/143
Дата30.04.2023
өлшемі211,61 Kb.
#88517
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143
Балауызды тік ішек арқылы енгізу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).
Дайындаңыз:тік ішектік балауызды, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, балауыздың жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Балауызды енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.
Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен балауыздың жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).
Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.
Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.
Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту:Балауызды мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;
Балауыз ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.


Дәрілік ерітіндіні теріге жағу


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, залалсыздандырылған дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрілік ерітіндіні науқасқатаңдаңыз.
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті науқасқа түсіндіріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Дәке тампонын қажетті ерітіндіге сулаңыз.
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні ұзына бойы жеңіл қозғалыспен (шаштың өсу бағыты бойынша) жағыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Пайдаланған тампондарды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет