Мейірімгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп, Алматы энергетика және байланыс



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі199,19 Kb.
#10271

 

Мейірімгүл Мұхамедиярқызы Төлеуп, 

Алматы энергетика және байланыс  

университетінің доценті, ф.ғ.к.; 

Ғалия Шәріпжанова,  

Алматы энергетика және байланыс  

университетінің доценті, ф.ғ.к. 

 

 

Сөздік қатынасқа үйретуде тіл мәдениеті нормаларын сақтау   



 

Қазақ тіл білімінің «тіл мәдениеті» саласы функционалдық стильдерге 

жіктеліп,  нормалары  тұрақталған  ғылым-таным  саласы  болып  табылады. 

Қазіргі  кездегі  тілдің  әлеуметтік  базасының  өзгеруі  және  соған  орай  тілге 

қатысты  белгілі  бір  мақсат-мүдделі  саясаттың  жандануы  да  тілдің  барлық 

қырына,  оның  ішінде  дұрыс  қолданылуына  жұртшылық  назарын  арттырып 

отыр.  Ал  қоғам назарына іліккен құбылыс  білім-ғылым  нысанасы  да болып 

шығады.  

Тіл  білімінің  бір  тармағы  болып  саналатын  «тіл  мәдениеті»  көптеген 

ғылыми-практикалық 

проблемаларды 

қамтиды. 

Ол 

тек 


тілдің 

қолданысындағы  ағаттықтары  мен  жазудағы  қателерді  тауып,  көрсетіп 

отыруды  ғана  көздемейді.  Тіл  қолданысындағы  қателерді  көрсету  үшін 

олардың  дұрыс  болуға  тиіс  базасын  тану  қажет,  демек,  тілдік  жүйені,  ол 

жүйеге сай қалыптасқан нормаларды айқандап алуы шарт. /1; 5/. Осы орайда 

техникалық  мамандықтар  бойынша  білім  алатын  орыс  тілді  аудиторияда 

мәтінмен  жұмыс  істегенде  студенттердің  сөйлеу,  жазу,  әңгімелеу 

дағдыларын  жетілдіру  бойынша  біршама  тер  төгуге  тура  келеді.  Сөз 

мәдениетінің осы белгілерін бірнеше қырынан  қарастырып көрейік.  

1.  Тіл  қалыптарын  сақтау.  Сөздің  дұрыс  айтылуы.    Дұрыс  сөйлеу 

мәдениетіне  үйретуде,  ең  алдымен,  интонацияға  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Әрбір 

студенттен  функционалдық  стильдердің  түріне  байланысты  сөздің  айтылу 

қарқынын  (төмен,  орташа,  жоғары),  сөйлеу  сазын,  сөздің  айтылу  мәнерін 

нормаға  сай  баяндау    талап  етілу  қажет  және  ішінара  осыған  сай  тілдік, 

сөйлеу жаттығуларын орындатып отырған жөн. 

Тілдің  орфоэпиялық  нормаларын  үйреткенде  орыс  тілінің  айтылу 

ережесіне  сай  сөздің  басындағы  «о»  дыбысының  айтылуда  «а»  дыбысына 

өзгеруі  қазақ  тілінің  дыбысталу  ережесіне  сәйкес  келмейтіндігін  жылдың 

басында  ескерте  кеткен  дұрыс.  Өйткені  осындай  кемшіліктер  орыс  тілді 

студенттер арасында жиі кездесіп жатады. Теледидар, радиода да «Отанның» 



«Атан»  болып  айтылуын  естіп,  көріп  өскендерге  бұлай  сөйлеу  қалыпты 

көрінуі  мүмкін.  Сондықтан  ең  тиімді  және  оңай  жаттығудың  бірі  қазақша-

орысша  сөздік  арқылы  осы  «о»  дыбысынан  келетін  сөздердің  мағынасын 

түсіндіріп,  айтылуын  тағы  да  бір  пысықтап  жібергеннің  артықтығы  болмас 

еді деп ойлаймыз.  

Тәжірибе  жүзінде  студенттердің  арасында  шылауларды,  оның  ішінде 

демеулік  шылау  –«-ақ»-ты  айтқанда  жеке  сөз  ретінде  ежіктеп  бөліп 

айтушылық  кездеседі.  Мұндай  жағдайда  осы  тәріздес  сөздер  топтамасын 

беріп,  бірнеше  рет  айтып  жаттықтырудың  артықтығы  жоқ.  Анықтауыштық 

сөз  тіркестерін  айтқанда  да  көп  қателіктер  кетіп  жатады.  Мысалы,  «ұлы 

ғалым»,  «асқан  ойшыл»  деудің  орнына  «ұлы  ғалымы»  немесе  «асқан 

ойшылы».  Сондай-ақ,  меншіктілік,  тәуелділік  қатынастарын  білдіретін 

«ғылым  мен  өнердің  салалары»,  «әдіс  сыры»  дегеннің  орнына  «ғылым  мен 

өнер  салалар»  немесе  «әдіс  сыр»  деген  сияқты  қателерге  бой  алдырады. 

Осындай  кемшілікті  болдырмас  үшін,  ненің  несі  немесе  қандай  не  тәріздес 

тілдік  құрылымдарға  жүгінуге  тура  келеді.  Бұл  құрылымдар  бойынша 

мәтіннен  әр  жолы  сөз  тіркестерін  тауып  отырса,  студенттерде  жіберілетін 

қателіктер азаяр еді.  

Қазақ тілінде екпін біршама тұрақты. Алайда екпін үнемі сөздің соңғы 

буынына  түсе  бермейді.  Бірақ  осы  ережені  барлық  студент  қауымы 

ескермейді,  әлде  естен  шығарып  алады.  Сондықтан  сөздің  соңғы  буынында 

болса  да  екпін  түспейтін  қосымшаларды  үнемі  назарда  ұстаған  жөн  (сөздің 

соңындағы жіктік жалғаулары – жүре

`

-ді, үлке`н-сіз; -ма, -ме, -ба,-бе, -па, -пе 



жұрнақты  болымсыз  етістіктер  –  айтқы`з-ба,  сөйлесті`р-ме;  теңеу,  ұқсату 

мағынасындағы  -дай,  -дей,  -тай,  -тей,  -ша,  -ше  жұрнақты  есім  және  есімше 

тұлғалы сөздер - кө`л-дей, бала`-ша; тілек, өтініш мәнін білдіретін –шы, -ші 

қосымшалы  етістік  сөздер  -  көрсе`ң-ші,  кө`р-ші,  бара`йық-шы  т.б.).  осыған 

байланысты  жаттығу  түрлерінде  олардың  дыбысталу  жағына  үнемі  көңіл 

бөлініп  отыруы  тиіс.  /2;  16/.  Сөздердің  жазылу  нормасын  сақтауда  мәтінге 

сұрақтар  қойғызып,  оны  жаздырып  отыру,  кей  жағдайларда  бір  студенттің 

тақтада  орындауы,  соңынан  қатемен  жұмыс  жүргізілуі  грамматикалық 

нормаларды тиісті дәрежеде меңгеруге жеткізеді.  

Қазақша  сауатты  жазуға  баулуда  ішінара  бес-он  минуттық  диктант 

түрлерін, мысалы, көру, есте сақтау, шығармашылық диктант т.б. алып, оны 

талдау да жақсы нәтижелерге жеткізеді.   

Грамматика  бойынша  студенттердің  көп  жіберетін  қателерінің  бірі  – 

көптік  мағынасын  беретін  сан  есімдер  арқылы  жасалатын  анықтауыштық 

тіркестерде  (мысалы,  жиырма  студент,  бес  жүзге  тарта  грант)  басыңқы 

сыңардағы зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қолдану. Яғни, «жиырма 



студенттер» немесе «бес жүзге тарта гранттар» т.б. сияқты  оғаш оралымдар 

жиі  ұшырасып  жатады.  Ал  бұл  олқылықтарды  қайталамауда  сан  есімдер 

арқылы  жасалған  анықтауыштармен  сөздік  жұмыстарын  жүргізіп,  әрі 

грамматиканы, әрі сауаттылық ережесін еске түсіріп, қайталауға болады.  

Сонымен,  студенттердің  тіл  мәдениетін  арттыру  мәселесіне  айрықша 

талап  қойылып,  олардың  ауызша  жауаптары  мен  жазба  жұмыстары 

орфоэпиялық,  лексикалық,  грамматикалық  жағынан  дұрыс  болумен  бірге, 

стилистикалық жағынан да сауатты болуына көп көңіл бөліну керек.  /3; 45/. 

Орыс  тілді  аудиторияда  функционалды  стилистиканы  оқытуда  мынадай 

қажеттіліктерді ескерген жөн: 

а)  стилистикалық  білімді  студенттің  ауызша  және  жазбаша 

жұмыстарына сәйкес бағыттау

ә)  әртүрлі  стилистикалық  жаттығу  жұмыстары  арқылы  мәдениетті 

сөйлеуге, жазуға үйрету; 

б) екітілді аударма сөздік, түсіндірме сөздік, мамандықтарына қатысты 

терминологиялық  сөздік  т.б.  түрлі  бағыттағы  сөздік  түрлерін  пайдалана 

отырып, сөздік жұмысын жүргізу, оған стилистикалық талаптар қоя білу; 

в) стилистиканы түрлі тақырыпқа эссе жаздыру, хабарлама жасатқызу, 

ғылыми  мақала,  ғылыми  жұмыс  түрлеріне  жоспар  құру,  шағын  аннотация 

жазғызу,  реферат,  баяндамалар  жасатқызу  сияқты  сан  алуан  жаттығу 

жұмыстарын орындату арқылы іске асыру. 

Орыс  тілді  аудиторияның  студенттерін  тіл  мәдениетіне  үйретудің 

кезекті  сатысында  аударматану  әліппесімен  таныстырудың  маңызы  зор. 

Өйткені  халықаралық  саяси  құжаттарды,  баспасөз  материалдарын,  болашақ 

мамандықтарына  қатысты  мәтіндер  мен  терминологияны  екі  тілде  еркін 

түсіну, аудара білу өте қажетті жұмыс. Бұл - студенттердің кәсіби біліктілігін 

көтеруге  бағытталған  алғашқы  шаралардың  бірі.  Осымен  байланысты 

студенттерге  функционалдық  стильдер  бойынша  мәтіндерді  ажыратып,  

ғылыми мәтіннің лексикасы мен стильдік ерекшеліктерін талдау және аудару 

іскерліктерін қалыптастыратын жаттығулар кешенін орындау мақсаты туады.     

Университетімізде осы талаптар үдесінен шығу үшін бірнеше жылдан 

бері  оқыту  үдерісіне  екі  тілді  аударма  жұмысы  енгізілген.  Мұнда 

жаттығулардың  дені  тақырыпқа  бейімделген,  ал  мәтіндердің  барлығы 

аутентивті мәтіндер. Аударма жұмысында кездесетін қиыншылықтар жұмыс 

барысында талданып, шешіліп отырады.   

2.  Сөздердің  қатынаста  қолданылу  лайықтылығы  -  тиісті  қатынастық 

жағдаяттарда  сөздер  мен  тіркестерді  дұрыс  пайдалана  алу  қажеттілігі. 

Студенттерді  ауызша  дұрыс,  сауатты  сөйлеуге  үйретуде  диалогтың 

атқаратын  қызметі  зор.  Мәтін  бойынша  диалог  құру,  мәтін  бойынша 


жағдаяттық  диалог  құру  кездерінде  қарым-қатынасқа  түсу  студенттерден 

біршама ойлануды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс құрастыра 

білуді  талап  етеді.  Университетімізде  оқыту  жоспарымызда  осы  мақсатта 

семестрлік  жұмыстың  бір  бөлігін  толығымен  жағдаят  бойынша  диалог 

құрастыруға  тапсырма  бердік.  Жұп  болып  атқарылатын  жұмыстың 

нәтижесінде  студенттердің  ізденіске  түсіп,  мемлекеттік  тілде  ресми  түрде 

дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетіне ден қойғандықтары, қызығушылық 

танытатындықтары байқалды.   

3.  Пікірдің  дәлдігі  мен  ойға  қонымдылығы  –  бұл  өз  ойын  анық,  дәл, 

қисынды  жеткізу.  Орыс  тілді  аудиторияда  паронимдерді  (айтылу,  естілу 

жағынан  жақын,  бірақ  мағыналары  әртүрлі  сөздер)  ауыстырып  алу  немесе 

айтылу  ережесіне  сай  айта  алмау  сияқты  сәттер  болып  жатады.  Мұндай 

қателіктерді  болдырмаудың  бір  шарты  –  жаттығу  жұмыстарынан  бөлек 

ішінара  жаңылтпаштар  айтқызған  жөн.  Ал  айтылатын  пікірдің,  мәтіннің 

логикасын  сақтау  үшін  ғылыми  мәтіндерде  қолданылатын  құрылымдармен 

(конструкциялар) жұмыс жүргізген дұрыс. Мысалы, анықтаманың құрылымы 

ретінде  не  дегеніміз  не;  не  не  болып  табылады;  нені  не  деп  атаймыз;  

заттарды  топтарға,  кластарға  бөлгенде  не  неге  жатады;  заттың  орнын, 

мекенін білдіру үшін не қайда қолданылады  т.б. сөйлемдерді де мағынасына 

қарай  не  қандай  мақсатпен  немесе  не  үшін  қолданылады,  нәтижесінде  не 



пайда  болады  деген  сияқты  оралымдармен  мәтінді  талдап  түсіндірген 

жағдайда,  мәтінді  мазмұндаудың  немесе  мәтінді  құраудың  логикасы 

сақталатыны іс жүзінде дәлелденген. /4/.  

4. Айтылған ойдың, пікірдің анықтығы мен түсініктілігі сөздің естушіге 

(адресатқа)  түсінікті  болуын  талап  етеді.  Ол  сөздердің,  терминдердің,  сөз 

тіркестерінің,  шетел  сөздерінің,  диалектілердің,  жаргондардың,  кәсіпке 

байланысты,  тарихи,  архаизм  және    неологизмдердің  дәл,  әрі  бір  мағынада 

қолданылуымен  іске  асырылады.  Түсініктілік  анықтықты  қажет  етеді,  бірақ 

ашық  айтылған  пікірлердің  барлығы  бірдей  кез  келген  кісіге  түсінікті  бола 

бермейді.  Мысалы,  анық  тілмен  оқылған  ядролық  физика  туралы  дәріс 

негізінен мамандарға ғана толық түсінікті.  

Мәтін  құрғанда,  яғни,  әртүрлі  стильдегі,  әртүрлі  жанрдағы  мақала, 

баяндама  немесе  жарыссөзге  шыққанда  т.б.  тыңдаушыларды,  олардың  жас 

және  білім  деңгейін  ескеріп,  тілдің  әдеби  нормаларын  басшылыққа  алынып 

жасалған,  айтылған,  оқылған  сөз  ғана  аудиторияға  анық  және  түсінікті 

болады.  Жоғарыда  айтылып  өткендей,  әртүрлі  тақырыптарға  шағын  эссе, 

хабарлама  жазғызу,  көпшілік  алдында  сөйлеу  дағдысына  үйретуде 

пікірталасқа  шақыру,  онда  өз  ойын  қисынды  түрде  рет-ретімен  дәлелдер 

келтіре баяндай білуге үйрету сияқты жұмыстар жасалуға тиіс.   


5.  Сөздің  мәнерлілігі  –  бұл  оның  тыңдаушылар  мен  оқушылардың 

назарын  аударып,  қызығушылығын  тудыратын  қасиеттері.  Сөйлеуші 

тыңдаушылардың  тек  ақыл-ойына  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  сана-

сезіміне,  қиялына  да  әсер  етуі  керек.  Сөздің  бейнелілігі  мен  сезімдік  күші 

оны  жақсы  қабылдап,  түсінуге,  есте  сақтауға  септеседі,  жақсы  сөзден 

тыңдаушылар эстетикалық ләззат алады. Сөздің мәнерлілігі ақпараттық және 

сана-сезімдік болып екіге бөлінеді. / 5 /. Осы мақсатта  оқу жылының екінші 

жартысында қазақ тілінің бір тармағын шешендік өнер тақырыбына арнадық. 

Шешендік өнердің тарихымен таныстырудан бастап, қазіргі кездегі шешендік 

өнер,  оның  түрлері  бойынша  түрлі  тақырыпта  ауызша,  жазбаша  жаттығу 

жұмыстары  жүргізіледі.  Нәтижесінде  студенттер  көпшілік  алдында  өзін 

ұстау,  сөйлейтін  сөзін  жоспарлы  түрде  пайымдап,  тұжырымдап  айтуға 

дағдыланады және өз ойын қазақ тілінде берілген тақырып бойынша біршама 

еркін жеткізуге тырысады.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1. Р. Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). –



Астана: Елорда, 2001. -230 бет.  

2.  Исаев С.М. Қазақ тілі. Оқу құралы. –Алматы, 1993. -170 бет. 

3.  Жапбаров  А.  Қазақ  тілі  стилистикасын  оқыту  методикасының 

негіздері. –Алматы: «Қазақ университеті», 1991. -160 бет. 

4.  Т.А.  Вишнякова,  Э.Н.  Леонова.  Сборник  ситуативных  упражнений 

по русскому языку для иностранных учащихся инженерных специальностей. 

Изд. 2, испр. И доп. –Москва: «Русский язык», 1983. -158 стр. 

5.    М.Н.,  Күнтуарова  Б.С.,  Парфенова  Л.А.  Сөздік  қатынас  негіздері: 

Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. -376 б. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет