2020-2021 жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып, әртүрлі форматта оқушылардың оқуына позитивті ынтасын, оқушылардың оқуға және өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыруға дағдыландыру. Іс шараның идеологиялық мазмұнын Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерекелік тақырыптары құрайды.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты шектеулер кезеңінде оқу жылын бастау, оқу үрдісінің ерекшеліктері ескеріліп, оқушылардың өз денсаулығына, сапалы білім алуға жауапкершілігіне басты назар аудару қажеттігін ескертеміз. Сынып сағаттары барысында оқушыларға денсаулықты сақтай отыра, білімнен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына, әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режимін сақтауға, жеке бас гигиенасы талаптарын қатаң ұстануға бағытталған түсіндірмелер орын алу тиіс.