Қималарды орындау және белгілеу ережелері айтыңдар?
Қималардың орналасуының неше түрі бар?
Қималарды орындау ерекшеліктері ?
Қима мен тіліктің арасындағы айырмашылық?
Жауаптары
Қима туралы жалпы түсінік
Сызуда бөлшектің ішкі көлденең формасын анықтау үшін қима қолданылады. Негізінен, қималарды цилиндрлі формалы бұйымдар үшін пайдаланады, мысалы, валик. Көбінесе қималар бөлшектің бітеу немесе тесіктері, ұңғыма мен бөлшек түрі бойынша түсінуге келмейтін элементтері бар кезде қолданылады. Алдымен қимаға нақты анықтама берейік.
Қима – бұйымды жазықтықпен ойша тілгенде пайда болатын фигураның кескіні. Қима тек тілінген жазықтықтағы бар нәрсені көрсетеді.
Қималарды орындау және белгілеу ережелері
Тіліктер сияқты қималар да бір принциппен жүзеге асырылады, яғни тілік жазықтығы бойынша, бірақ әрі қарай тереңірек қарастыратын өзгешеліктері де бар.
Біріншіден, бөлшекті екі қалың штрихталған ашық сызықпен белгіленетін қима жазықтығымен ойша бөлу керек. Тіліктердегі сияқты оларды А-А әріптерімен белгілейді, алайды қималар бірнеше болса, онда әріптер 1-суретте көрсетілгендей, алфавит бойынша қойылады. Сондай-ақ, қарау бағытын көрсететін белгіленулер қойылады. Әрі қарай фигураны алғаннан кейін оны проекция жазықтығына параллель болатындай етіп төңкеру керек. Алынған фигураны 45° бұрышпен біртұтас жіңішке сызықтармен штрихтау тиіс.
Қималардың орналасуы
Қималардың екі түрі бар: қабаттасқан және оңашаланған. Оңашаланған қималар бөлшектің контурының сыртында және сызбаның кез келген жерінде орналасуы мүмкін. Қабаттасқан қималар бөлшектің өзінде орналасады және де қима фигуралары