Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыру Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыру Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. «№35 Болашақ жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тегін ыстық тамақпен қамтылған білім алушылар саны- 37. Оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары саны 24. Көпбалалы отбасыдан шыққан оқушы саны 14 Бастауыш сыныпта оқитын білім алушылар саны 22 толық ыстық тамақпен қамтылған. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-5 сыныптар асханаға үшінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтанса, 6-11 сыныптар асханаға төртінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтануға барады.
Минск орта мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы асханадағы мұғалімдердің кезекшілік кестесі.