НұСҚаулар оқу құралы Кесте бойынша тамақ рационын құрастыру



бет1/2
Дата27.10.2022
өлшемі34,33 Kb.
#45858
түріСабақ
  1   2

А.С. Сайдахметова, С.О. Рахыжанова
ФИЗИОЛОГИЯДАН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА НҰСҚАУЛАР


Оқу құралы
Кесте бойынша тамақ рационын құрастыру
Рациональды тамақтану- дұрыс ұйымдастырылған және дер кезінде ағзаны құнды және құрамында оның дамуы мен қызмет етуіне қажетті түрлі қоректік заттарың оптималды мөлшері бар, құнды және дәмді азықпен қамтамасыз ету. Тамақ рационын құрастыру тұрғындардың үлкен топтарға біріктірілген ортасын -әскери қызметкерлер, демалыс орындары, санаторийлар мен балаларға арналған лагерлердегі - қоректенуді ұйымдастыру қажеттілігімен туындайды.
Ағзаның энергияға, қоректік заттарға зәрулігін зерттей келе қоректенудің физиологиялық қалыпты мөлшерлері анықталған болатын. Бұл қалыпты мөлшерлер келесі принциптерге негізделген:
Тамақтану рационының энергетикалық құндылығы (колориялығы) – ағзаның энергия шығынына сәйкес келуі керек (мұнда тағамдық заттардың қорытылуын ескерген жөн – 90 % - ғажуық, яғни тамақ рационының энергетикалық құндылығы ағзаның энергиялық қажеттілігінен 10 % - ға жоғары болуы керек): ағзаның энергия шығыны – негізгі алмасу деңгейі және жұмыстық жүктеме мөлшеріне байланысты анықталады.
Жұмыстық жүктеме өз алдына жұмыс әрекетінің сипатына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыстық жүктемеге байланысты барлық тұрғындар бес (ерлер) немесе төрт (әйелдер) мамандық топтарын құрайды:
І топ – негізінен ой еңбегімен айналысатындар;
ІІ топ – жеңіл дене еңбегімен айналысатындар;
ІІІ топ –орташа ауыртпалықты дене еңбегімен шұғылданатындар;
IV топ –өтеауыр дене еңбегімен айналысатындар;
V топ – ерекше ауыр дене еңбегімен айналысатындар.
Әрбір топтың жасқа байланысты ажыратуы бар. Қосымша топтарға жүкті әйелдер мен жасы 1-6 ай мен 7-12 айдағы балаларды емізетін әйелдер кіргізіледі.
Тамақпен организмге енетін қоректік заттар өзара белгілі бір қатынаста қолданылуы тиіс (ақуыз, май және көмірсу 1:1,2:4,6).
Ақуыздың ересектер үшін 55%және балалар үшін 60% артығы жануар текті шикізатпен түсуі тиіс, олардың протеиндері толық қанды болып келеді (құрамында алмаспайтын аминқышқыл-дардың толық тізбегі бар).
Ағзаның қанықпаған май қышқылдарымен қамтамасыз етулуі үшін майдың 30 % - нан көбі өсімдік текті болуы керек.
Дәрумендерге деген қажеттілікті қанағаттандыру үшінтамақтық рационға көкөніс пен жеміс – жидек, қара нан көп мөлшерде енгізілуі керек.
Тамақ көлемі бойынша жеткілікті және құрамында балласты заттары болуы тиіс: жасұнық пен пектиндер. Бұл заттар заттар сорылмайды, сонымен қоса организмің энергетикалық және пластикалық қажеттіліктер үшін қолданылмайды, алайда олар бір қатар қажетті физиологиялық қызмет атқарады: дер кезінде тойыну сезімінің туындауын, токсиндердің адсорбциялануын қамтамасыз етіп, ас қорыту жүйесінің микрофлорасын қалыптастырады, оның перистальтикасын белсендіреді.
Тамақ қабылдаудың жиілігі оптимальді болуы тиіс: 3 ретті тамақтануда таңғы ас – тәуліктік құндылықтың 35 %, түскі ас – 45%,кешкі ас -25% құрауға тиіс болса; төрт ретті тамақтану кезінде таңғы ас – 25%, екінші таңғы ас – 15%, түскі ас – 35%, кешкі ас – 25 % құрауы керек.Тәуліктің бірінші жартысында етті тағамдар басым болса, екінші жартысында – сүтті - өсімдік текті тағамдар басым болғаны дұрыс.
Тағамның дұрыс қорытылуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс: сыртқы түрі, иісі, дәмі «тәбеттік» сөлдің бөлінуіне ықпал жасауы керек.
Аталған қағидалар тек бағдар беріп, негізінен адамдардың көптеп жиналған жерінде қоректенуді ұйымдастырғанда қолданылады.
Негізінен тамақтану құрамы халықтың салт – дәстүрі, азық – түлікке қол жетімділігі (қала – ауыл), климаттық және табиғат факторларына тәуелді болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет