«Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда моделдеу көрнекілігі тиімді тәсілдерінің бірі»



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі33,17 Kb.
#20233
  1   2   3   4   5

К.К. Бүркітбаева

«№11 сәбилер бақшасы»

Павлодар қаласының

«Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілдерін дамытуда моделдеу көрнекілігі - тиімді тәсілдерінің бірі»

Қазақстан Республикасының мектепке дейін тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік стандарты мектепке дейінгі мекемедегі коммуникативтік-тілдік құзіреттіліктің қалыптастырудың негізгі тапсырмалардың бірі ретінде анықтайды.

Қазіргі заманғы балалар жоғары ақпарат тоғысында өмір сүруде. Олармен жанды қарым-қатынасты теледидар мен компьютер алмастырады, бұл мектепке дейінгі жастағы баланың белсенді сөздерді қолдануына кері әсерін тигізеді.

« Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең, ол сол сөзді үйрену үшін ұзақ қиналады, ал осындай таныс емес жиырма сөзбен суреттер арқылы көрсетсең, ол оны тез қағып алады» К.Т. Ушинский айтқандай, көрнекі материал басқа құралдарға қарағанда оңай игеріледі.

Байланыстыра сөйлеуді дамыту – диалог, монолог секілді оқытудың негізгі нышандарын игеруді болжамдайтын, балаларды қатынастырып сөйлеуге үйретудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған орай, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде неғұрлым жаңа тиімді технологиялар, балалардың ойларын қалыптастыруды жеңілдететін тәсілдер қажет. Осындай құралдардың бірі – мнемотаблица, сызба түрінде ұсынылған моделдеу - көрнекілігі.

Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытудың тиімді құралы ретінде моделдеу - көрнекілігін қолдансақ, онда қазіргі кезеңге лайықты мектепке дейінгі баланың байланыстырып сөйлеуінің барлық түрін қалыптастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге болады.

Себебі, көрнекі материалды балалар жақсы игереді, үлгілеуді орындау, байланыстырып сөйлеу сабақтарындағы мнемотаблицалар балалардың көріп тану ақпаратын тиімді қабылдауға, есте сақтап, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Мнемотехниканың тәсілдері қосымша қауымдастықтың құрылуы жолы арқылы балалардың есте сақтауын арттырады, байланыстыра сөйлеуге үйретіп, тілдік-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады, тілін дамытады (№1қосымша).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет