Реалийлерді аудару тәсілдері
Реалий – басқа мәдениетке тән, оның тарихы, өмір салты, материалды және рухани мәдениетіне тән сөздер. Әр халықтың өмір салтында өз реалийлері бар және оларды аударғанда бірнеше тәсілдерді қолдансақ болады.
Реалий екі топқа бөлінеді. Бірінші жағдайда реалий аударылған мәтінді оқитын оқырманға түсінікті сөздер болып келеді: олар неологизмдер, немесе БАҚтан және басқа жерлерден жиі еститін сөздер. Мысалы, 컴퓨터, 스노보드, 스키, 노트북, 파일, 매니저,캐스팅, 패스트푸드, т.с.с. Бұл сөздерді әлем бойынша жиі қолданатындықтан реалий болуын қойды.
Екінші топқа оқырманға түсініксіз немесе анық-қанығын білмейтін сөздерді жатқызамыз. Мысалы, Red Chamber – қызыл палата (Канада парламентінің жоғарғы палатасы), 38선 – 38 параллель (КНДР мен Оңтүстік Корея арасындағы шекараның атауы), 미역국 теңіз балдырынан жасалған сорпа (корейлер әр туған күн сайын таңғы асқа миеккук сорпасын ішеді).
Реалийларды аударудың бірнеше жолы бар:
Транскрипция немесе транслитерация
Калькалау
Эквиваленттік аудару
Түсіндіріп жазу
Бірінші топтың реалийлерін транскрипция және транслитерация тәсілдерімен аударады. Неге десек, бірінші топтағы реалийлер оқырманға таныс сөздер, сондықтан оған қосалқы түсініктемені берудің қажеті жоқ.
컴퓨터가 갑자기 꺼지는 바람에 작업하던 게 다 없어졌어!
그러니까 중요한 건 미리 저장해 놨어야지.
Компьютер кенет өшіп қалғанның кесірінен істегенімнің бәрі жойылып кетті!
Сол үшін маңызды нәрселерді алдын ала сақтауың керек еді.
Транскрипция мен транслитерация әдісінің жаман жағы – оқырман бұл сөздерді жиі кездестіріп қолданбаған жағдайда, бірінші кезде мәтінді оқыған қиындық тудырады. Мысалы, қазір ағылшын тілінен көп сөздер біздің тілге ене бастағаннан үлкен кісілер неологизмдерді білмей жатады. Мысалы, жастар арасында жиі «таргет, респект, краш, кринж, флексить,репост, лайк» сөздер қолданылады. Кейде тіпті (әсіресе орыс тілінде) реалийлер ана тіліне еніп кетеді, олар сөз таптарына жіктелетін кездері де болады. Мысалы, кликнуть по мыши, все мои файлы пропали, медийная личность.
Калькалау әдісі көп жағдайда транскрипция мен транслитерация қолданылмаған жағдайда қолданылады. Мысалы, 청와대 – Голубой дом, 유동성 시험 – испытание бетонной смеси на расплыв, 접촉 응력 – контактное напряжение. Калькалау әдісін біз аударма оқырманға түсінікті болатынына сенімді болған кезде ғана қолданамыз. Егер дәл аударманың мағынасы ауысып кететін болса басқа тәсілді қолдануымыз керек. Мысалы, белый воротник – офисте жұмыс істейтін адамды білдіреді. Егер оны тура аударсақ, «ақ жаға» болып шығады, яғни қазақ оқырмандары түсінбей қалады.
Эквивалентті немесе аналогты аудару – басқа тілдегі реалийді ана тілінде мағынасы жағынан сөзге немесе сөз тіркесіне ауыстырып аударуды білдіреді.
The U.S. crime bill of 1994 called for a $30.2 billion expenditure by the federal government over the next six years, $9.9 billion of which was to be spent for prisons and "boot camps".
Американский законопроект по борьбе с преступностью предусматривает выделение в течение последующих шести лет на эти цели из федерального бюджета средств в размере 30.2 миллиардов долларов, из которых 9.9 миллиардов долларов будут потрачены на содержание тюрем и колоний для несовершеннолетних преступников.
Boot camp – бұл жерде кәмелетке толмаған жастарды түзеу мақсатында қатаң дисциплинамен тәрбиелеуге уақытща жіберетін мекеме атауы. Орыс тіліне оны колония для несовершеннолетних преступников деп алсақ та, оның уақыты мен мәдени айырмашылықтары ескерілмейді.
Эквивалент әдісінің жақсы жері – аударма кезінде оқырманға барынша түсінікті болу үшін реалийлер оқырманға таныс мәдениеттегі (яғни өз мәдениетіндегі) сөздермен алмастырылады. Жаман жағы – мәдениет арасында айырмашылықтар болғандықтан, белгілі бір сөздің мағынасы толық ашылмайды.
Таныс емес реалийлерді аударғанда көбіне түсініктеме бере отырып аудару қолданылады. Әсіресе, қазақ адамдары корей (шығыс) мәдениетімен қатты таныс болмағандықтан осы әдісті жиі қолдану дұрыс болады. Қазіргі жастар корей мәдениетінің тек шет жағасын (халлю) біледі, ал нағыз мадениетке тән терминдерді біле бермейді. Бұл әдісті қолданғанда біз аударып келе жатып, сөйлем ортасына жақшаға алып жазсақ та, «примечание» деп астына түсініктеме жазып қойсақ та болады.
나는 누워서 손만 내놓아 신문을 들고 소설을 보고, 아내는 이불을 들쓰고 어린애 저고리를 짓고 있다.
Мен жатқан күйі қолымды созып газетті алып роман оқимын, ал әйелім болса көрпе жамылып алып, балаларға Чогори (ұлттық корей киімінің жоғарғы жейдесі) тігуде.
있 는 것이라고는 보기 싫게 생긴 딸 둘과 작은애를 업는 홑누더기와 띠, 아범이 벌이하는 지게가 하나 - 이것뿐이다.
Бар нәрселері – екі қызы мен кішкентай баласын арқалайтын жаймақ пен белдігі (повязка, с помощью которой носят человека на спине), ақсақ кісі жұмыс істегенде арқалайтын чигесы (корейское деревянное приспособление, сделанное из дерева для переноски груза) ғана.
Көбіне аудармашы бұл тәсілді сөздің толыққанды мағынасын ашып, оқырманға түсініктірек болу үшін қолданады. Алайда бір мәтінді оқығанда «примечание» тым көп болып, оқуды ауырлатып тастамау үшін сирек қолданғаны дұрыс.