«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


Ыбырай Алтынсариннің «діни фанатизмнің күллі көкке ұшады» деп отырғаны, ол кезде ескі медреседе оқыған балалар өздеріне мазмұны



бет21/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Ыбырай Алтынсариннің «діни фанатизмнің күллі көкке ұшады» деп отырғаны, ол кезде ескі медреседе оқыған балалар өздеріне мазмұны жат діни схоластикаға байланысты сөздерді жаттаумен бастары айналып кететін-ді. Мұндай медреселерден оқудың негізгі манаты балаларға тек намаз сүрелерін жаттатып, құдайға құлшылық ете беруге үйретуді ғана көздейтін. Жас өспірімдердің ақыл-есін дамытуға, олардың сауатын ашуға дін оқуы мүлде көңіл бөлмеген. Қайта дін басылары жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына мүлде қарсы шыққан.

Ыбырай Алтынсариннің түсінігі бойынша, орыс-қазақ мектебінде қазақ балаларын орыс балаларымен қосып бірге оқыту, орыс тілінін, орыс мәдениетін тез үйретудің бірден-бір дұрыс жолы болар еді, орыс халқымен жақындасудың да, достасудың да, оларды аға тұтып бірге өмір сүрудің де айқын жолы осы болар еді деп біледі. «Шәкірттерім аздап орысша сөйлей біле бастаған кезде, мен оларды осындағы орыс балаларымен араластырып жіберемін. Оған менің заң жағынан қақым бар. Қысқасы, бұл шәкірттерім төрт жыл ішінде мектепті бітіргенге дейін әжәптеуір сөйлеп ол-пұлды біліп қалар деген үмітім зор», — деп жазды Ыбырай Алтынсарин.

Халық ағарту жұмысы саласындағы идеясын іске асыру үшін Ыбырай Алтынсариннің өзіне тосқауыл келтірген діншіл фанатиктермен де аяусыз күрес жүргізуіне тура келді. «Надан жатқан, бірақ әлі азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымызға, шамасы келгенше, қызмет ету біздің әр-қайсымыздың да борышымыз»,— деп көзі ашық ел азаматтарына үндеу салған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет