Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы



бет1/7
Дата10.12.2023
өлшемі389,5 Kb.
#135879
  1   2   3   4   5   6   7

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы

Мазмұны

  • Мемлекеттік орган мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының жүйе құрушы элементі ретінде. Мемлекеттік орган сипаттамалары:функционалдық,құқықтық,ұйымдастырушылық. Мемлекеттік органдардың мәртебелік белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымына әсер етуші факторлар.
  • Мемлекеттік органдарды әр түрлі негіздер бойынша жіктеу:мемлекеттің функциялары,құзыреттер,іс-әрекеттердің аумақтық масштабы.
  • Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын жасау. Ұйымдық құрылымның қалыптасуы:сызықтық,функционалдық,сызықтық-функционалдық,бағдарламалық-мақсаттық,матрицалық. Мемлекеттік орган құрылымы. Мемлекеттік орган құрылымына қойылатын талаптар:икемділік,жылдамдық,үнемділік.
  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы.

Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты құрылымы және ішкі салаларды ұйымдастырушылық қызметі бар. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жалпы бұқара халықты басқару үлкен өнер. Осы жерде қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Демек, мемлекеттің функционалдық қызметін атқаратын мемлекеттік аппарат – қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің өзара байланысты органдар жүйесінен тұрады.

  • Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты құрылымы және ішкі салаларды ұйымдастырушылық қызметі бар. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жалпы бұқара халықты басқару үлкен өнер. Осы жерде қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Демек, мемлекеттің функционалдық қызметін атқаратын мемлекеттік аппарат – қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің өзара байланысты органдар жүйесінен тұрады.
  • Мемлекеттік аппарат дегеніміз – билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырлады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.
  • «Мемлекеттік басқару жүйесі» және «мемлекеттік басқару механизмі» түсініктері өзара байланысты және ажырамас әрекетте болады. Мемлекеттік басқару механизмі дегеніміз – қоғамдық жүйеге бағытталған мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының процесі ретінде мемлекеттік апппарат жүйесінің қызмет етуі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Механизм мемлекеттік басқарудың үш саласының өзара байланысын сипаттайды: ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйесін), функционалдық (мазмұнын) және қоғамдық жүйеге қатысты басқарудың өзі болып табылады. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырыушылық құрылымы сол орган қызметінің мазмұнын оның қызметімен анықтайтындығы белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет