1. Саяси режимнің ұғымдары мен белгілері Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүзеге асыратын әдіс пен тәсілдердің жиынтығы



бет1/3
Дата30.09.2023
өлшемі89,2 Kb.
#111905
  1   2   3

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті





Факультеті « Экономика және бизнес жоғары мектебі »
Кафедрасы «Бизнес Технологиялар»

СӨЖ
Тақырыбы: «Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі»
Орындаған:Әмит Марғұлан
Тексерген:Инкарбаев Е.Т

Жоспар:



  • Саяси режимнің ұғымдары мен белгілері

  • Саяси режимнің мақсат міндеттері

  • Саяси режимнің негізігі түрлері мен қалыптасқан дәстүрлері

  • Саяси жүйенің негізігі төрт бөлігі

  • Қорытынды

1. Саяси режимнің ұғымдары мен белгілері
Саяси режим дегеніміз саяси билікті жүзеге асыратын әдіс пен тәсілдердің жиынтығы. Режим адам қауымдастығының көлемінде билікті ұйымдастыруға мүмкіншілік береді, арнайы әдістерді қолдана отырып оны нақты мақсаттарда құрылымдайды.
Егер «жүйе» жалпылайтын, аналитикалық, саяси ақиқатты ұғынуда концептуалдық ядро рөлін ойнайтын ұғым болып саналса, онда «режим» осы ақиқаттарды эмпиризмдік суреттеуге мүмкіндік береді.
Режимді басқару формасымен де теңдестіруге болмайды. Әлеуметтік пен саяси тұрақтылық міндеттерін шеше отырып, ол көлемді, макроәлеуметтік үрдістерді ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Режим бұнысымен маңыздылығы бойынша саяси жүйеге жақын, оның динамикалық аспектін ашады. Әр режим өзінің әрекетінде қалыптасқан экономикалық мүдделер мен мәдени құндылықтарға сүйенуге тырысады, ал оның әрекеті міндетті түрде осы жүйенің ішінде білінеді, ондағы бар байланыс пен қатынастарды бекітеді не әлсіретеді. Бұл мағынада кез келген режим мемлекет пен азаматтық қоғам арасында қалыптасып жатқан өзара қарым-қатынас мәселелерін шешеді. Атап айтқанда азаматтық қоғам құрылымында үкімет пен оппозиция қатынастары тамырланады, режим түрінің сипаты мен ерекшеліктерінде қайнар көзі болып танылады.
Режим тек динамизмді ғана қамтамасыз етпей, саяси жүйенің нақты тұрақтылығын да қамтамасыз етеді, олардың элементтерін, құрылымдық сипатын тәртіпке келтірілген әрекеттестікке әкеледі, олардың келісімі мен координациясын қамтамасыз етеді.
Бұл мәселе де сәтті шешіледі, егер әлеуметтік құрылымардың ұйымдастыруы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып саяси – құқықтық механизмдер жасалса.
Мәселе тек қоғамға ана не мына легитимдік моделді (мысалы, президенттік немесе парламенттік) белгілеуде тұрған жоқ, оны ұйымдастырудағы бар әлеуметтік-тарихи басты негіздерді анықтап алуда болып тұр.
Кез келген режим бұл мағынада қоғам мен мемлекет арасындағы дауды шешу тәсілі ретінде қарастыруы мүмкін.
Нақты режимның билік құрылымдар жиынтығы билеуші тапқа оған жүктелген өкілеттікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда көп партиялық институттар мен дамыған азаматтық қоғам құрылымдары өмір сүре алады, басқа жағдайларда саяси шешімдерді режим түбегейлі басқа құрылым мен механизмдерге сүйене отырып қабылданады және жүзеге асады, қоғамдық мүддемен еш келіспестен.
Мұнда ескеретін жай, режимдер, элит зерттеушілердің әділ байқауымен, қоғамдағы бар саяси – құқықтық процедуралар шегінде қабылданатын шешімдер негізінде ғана емес. Саяси шешімдерді қабылдауда неформалды механизмдер біршама маңызға ие. Әр түрлі саяси құрылымдардың тәжірибесі көз жеткізгендей саясат жиі ірі финанстық, әскери және өнеркәсіптік орта өкілдерімен қалыптасатынын көрсетті: саяси ықпал ресурстарына иелер. Билік құрылымдарды сондықтан билікті жүзеге асыратын формалды-заңдық механизмдерімен теңдестірмеген жөн. Кез келген режим өзінің іс-әрекетінде мақасттарына жетуде мына не ана әдістерге жүгінеді. Режимдер бір-бірінен елеулі ерекшеленуі мүмкін, ол қойған мақсаттарына жетуде қандай әдістер (күш қолдану не күш қолданбау) қолданғанына байланысты болады. Билік жүргізу және жеке билік құрылымдар әдістерін өзара аралыстырмау маңызды болып келеді. Бұл бір емес екенін дәлелдейтін мысалы, авторитарлы режимдер қызметінің бай тәжірибесі. Жиі ұқсас репрессивті құрылымдармен саяси билікке ие болатындар, авторитарлы режимдер қойған мақсатына жетуде әрқашан күшке жүгіне бермейді. .
Мәжбірлеу емес, көндіру әдісін қолдану тиімділеу болған жағдайда, өз табиғатында репрессивті режим, күтпеген жағдайда оған тән емес икемділік пен ымыраға келу мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан ескеру керек, режим арнайы билік құрылымдарға ғана ие емес (оған саяси жүйе де ие), сонымен қатар оны жүзеге асыратын ерекше әдістерге де ие.
Режим саяси жүйемен салыстырғанда, өзінің жеке уақытша сипаттарға ие. Анығырақ бұл белгі режим анықтамасында көрсетілген, оны американдық саясаттанушылар Дж. Барнс, М. Картер және М. Скидмор берген: «Режим дегеніміз саяси билік әрекетінің ерекше кезеңі, саяси жүйе шеңберінде жүзеге асатын». Сол бір саяси жүйе тарихи жағдайларға байланысты әр түрлі режимдерде қызмет ете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет