Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты №90230046 Жайрем кенті «01» қаңтар 2023ж. (шарт жасасу орны) (шарт жасасу күні) «Казэнергоцентр»



бет1/15
Дата16.05.2023
өлшемі98,65 Kb.
#93516
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
2023 год Казэнергоцентр.Типовой ДОГОВОРА ГУ (2) (1)



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты № 90230046
Жайрем кенті «01» қаңтар 2023ж. (шарт жасасу орны) (шарт жасасу күні)


«Казэнергоцентр» ЖШС 18.08.2022ж. №22015308 лицензияға сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы, бұдан әрі Сатушы деп аталатын, Бас директоры Бекилдекова Елена Борисовна атынан, Жарғы негізінде әрекет етуші, бір тараптан және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын Ұлытау облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК немесе Жарғы негізінде әрекет етуші оның өкілі Бимендина Гулнар Жакеновна бұдан әрі Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:


1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


1) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;


4) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесі – электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);


5) электр энергиясын сату нүктесі – энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.
Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет