Мен және менің мотивациям

Дата13.04.2023
өлшемі253,3 Kb.
#82466
Байланысты:
мотивация 2

Дәріс тақырыбы:
Мен және менің мотивациям
Жоспары:
1. Мотивация туралы түсінік.
2. Мотив және қажеттіліктер.
3. Мотив түрлері.
Негізгі әдебиеттер:
1.Немов Р.С. Психология 1к. М.-2000 гл.1
2.Столяренко Л.Д. Общая психология М.-2001 гл.-1
3.Рогов Е.И. Общая психология М.-2001
4.Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология А.-1998
5. Н. Берікұлы Жантану Ақтөбе-2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. Климов Е.А. Общая психология М.-2001
2.Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері А.-2001.

Мотивация дегеніміз-

*Көзделген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру.

*Мотивация адамдарда болатын түрлі қажеттіліктерге негізделген.

*Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым.

* Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Move латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Мотивация түрлері

*Ішкі мотивация

*Сыртқы мотивация

Ішкі мотивация

*Сыртқы орта қалай болуына байланысты қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субьективті болады.Онда міндеттің өзі құштарлық пен шаттық туғызады.Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы ,міндетке қарай ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді.

Сыртқы мотивация

*Мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан болады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншалық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін адам соған барынша талпынады.

Мотивация – адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Қажеттілік дегеніміз не?

Мотивация – адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Қажеттілік дегеніміз не?

* Қажеттілік - бұл, не адам ішінде пайда болып және сонда болады, яғни, әр түрлі адамдарға жалпы жеткілікті болуы, бірақ сол уақытта әрбір адамға айқын дара көрінуі.

* Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның " ішінде " болады, “ арнайы ” мінез - құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған параллель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.

Мотивация жағдайында 2 түрлі сыйлыққа ие болады:

Мотивация жағдайында 2 түрлі сыйлыққа ие болады:

  • Ішкі сезімді сыйлық,
  • Сыртқы сыйлық.
  • Ішкі сыйлық - адамның өзінің жасаған еңбегіне, нәтижесіне қанағаттануы.

    Сыртқы сыйлықты ұйым береді,яғни жеткен жетістігінің, орындалған жұмысының бағалануы. Мысалы: еңбекақы, қызметінің жоғарылауы,

    марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет