«МӘнерлеп оқу материалдары бойынша алдын-ала жүргізілетін жұмыстар»



Дата09.05.2022
өлшемі128,55 Kb.
#33260
Байланысты:
МӘНЕРЛЕП ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША АЛДЫН-АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

«МӘНЕРЛЕП ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША АЛДЫН-АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР»

.


Орындаған: Талипова Дурдона ППМ-111 тобыныңстуденті

Қабылдаған:Шалабаева Жанар

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті



«Білім технологилар »кафедрасы

Жоспар

Кіріспе

МӘНЕРЛЕП ОҚУ

Негізгі бөлім

МӘНЕРЛЕП ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША АЛДЫН-АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

Қорытынды

 

Мәнерлеп оқу дегеніміз

Сөз мәдениетін оқу пәні ретінде қарастыру үшін “тіл мәдениеті” мен “сөз мәдениеті” деген терминдердің аражігін, олардың қарастыратын нысандарын анықтап алу қажет болды. Ғалымдар арасында пікірталас тудырған бұл терминдер туралы Т.Қордабаев: “Өмірде мәдениетті тіл, мәдениетсіз тіл деген болмайды, мәдениеттілік те, мәдениетсіздік те тілді қолдануда, сөйлеу (жазу) процесінде болады. Тіл мен сөйлеу бір-бірімен айырылмастық бірлікте болатындарына қарамастан, бұл екеуінің бірлігі – тепе-теңдік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар диалектикалық бірлік. Тіл дегеніміз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтығы.

Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі. Ал мектеп практикасына келсек, оқу мен сөйлеудің арасындаалшақтықмол. Алайда,осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ. Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.

.

Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, керкем оқу дегеннің не екенін не екендігі туралы ұғымдар беруге болады. Сондықтан мұғалімдер балалар аудиториясында оқылатынәрбір көркем шығарманың көркемдігін сақтай отырып мәнерлі оқып береді. Сонда ғана оқушы әрбір көркем туындыдан эстетикалық ләззат алады. Онсыз оқудың құны болмайды.

.

Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:

– Шығарманы дыбыс таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;

–Оқушыларға сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;

–Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;

Мәнерлепоқудыдұрысжүргізуүшін оқу кезінде

койылатындауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру.

Олар:

а) логикалық кідірістер;

ә) психологиялық кідірістер;

б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.

.

Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.»

Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.

Психологиялық кідіріс. Мәтіннің мазмұн-мағынсына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінге дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс мәтін мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.

Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне іс-әрекетіне қарай жасалады.

Грамматикалық кідіріс.

Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады. Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар.

Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға

«Нүкте (.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуғажақындағанда немесе нүктегежақындағандакідірукілт тоқталмай,сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады.

Көп нүкте де (…) сөйлем аяғына қойылатын белгі. Ол сөйлемдегі ой бір себептермен аяқталмай қалғанда, бір себептерден кенет үзіліп қалғанда қойылады.

Үтір (,) сөйлем ішіндегі сөз арасында көп қолданылатын, атқаратын қызметі мол белгі.

а) Құрмаласқа енген жай сөйлемдерді ажыратып тұрады;

ә) Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасын ажыратады;

б) Оңашаланғанайқындауыш мүшелерді ажыратуға қойылады;

в) Оқшау сөздерді, одағай,қаратпа, қыстырма сөздерді ажыратады т. б.

Қорытынды

Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.

Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет