212
ӘОЖ 82.08.081 (5К)
ЕСТАЙ МЫРЗАХМЕТОВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Махыметова Ж.А.
(Ш.Уәлиханов атындағы КМУ)
ХХ ғасырдың 60 - жылдарынан қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан
қаламгерлер қатарында ерекше орыны бар жазушының бірі – Естай Мырзахметов.
Бүгінгі таңда көрнекті қаламгердің жазушылық шеберлігі мен көркем туындыларында
замана мәселелерін көркемдеудегі суреткерлік болмысы, шығармаларындағы
кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу жолдары, автордың өзіне ғана тән
қолтаңбасы, сонымен бірге жазушының суреткерлік болмысына тән стильдік
ерекшеліктері кеңінен зерттеуді қажет етеді.
ХХ ғасырдың 60-80-жылдарындағы әдеби процесті (үдеріс) зерделеу - күрделі де
көп қырлы құбылыс. Қазақ прозасының хал-ахуалы туралы пікір айту, 60-80-жылдар,
әрине, іштей қайшылықтарға толы. Осы кезде әдебиет аулына келген, туындыларымен
қоғамға серпіліс әкелген жазушылар шығармашылығына баса назар аудару қажет.
Жазушы шығармашылығын алғаш рет психологизм тұрғысынан зерделеп, жан-жақты
салыстыру мен талдаулар нәтижесінде прозасының идеялық-көркемдік ізденістеріне
бүгінгі күн тұрғысынан баға беріліп, жазушының туындыларындағы замандас
бейнесінің, әйел образының біршама ашылуы қарастырылды. Алайда, Естай
Мырзахметов шығармаларының тақырыбы, стилі, образдар құрылымы, композициясы
туралы бағалы пікірлер айтылғанымен, прозалық туындыларының көркемдік
ерекшелігі жүйелі түрде зерттеу өзегіне алынып, ғылыми мақсатта қарастырылмаған.
Жазушының туындыларын психологиялық тұрғыдан бағалау, шығармаларындағы
кейіпкердің ішкі жан иірімдерін бейнелеу тәсілдерін, оның ішінде қазақ халқының
ұлттық менталитетіне тән өзгешелікті ашып көрсету үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Естай Мырзахметовтің әдеби мұрасы қазақ әдебиетіне қайталанбас типтер мен
характерлер, әсіресе қарапайым адамдар образдарының тұтастай галереясын әкелді.
Жазушы шығармашылығы жөнінде құнды пікірлер айтылып, сыни мақалалар да
жазылды. Оның шығармаларының жанрлық ерекшелігі, сюжеттік-композициялық
құрылымы, стилі, ондағы кейіпкерлердің адамгершілік сана табиғаты, көркем уақыт
пен кеңістік проблемалары, авторлық позиция және тағы басқа да мәселелер
Т.Қажыбаев, С.Негимов, М.Жұмағалиев, Б.Нұрпейісов, К.Салықов, Ж.Ерғалиев,
Қ.Мырзабек, М.Бижанов сынды азаматтардың мақала еңбектерінде жан-жақты
талданды. Дегенмен Естай Мырзахметов шығармашылығына байланысты зерттелген
кандидаттық, докторлық диссертация жұмыстары мүлде жоқтың қасы. Сондықтан да
жазушының жарияланған, әлі де жарияланбай қолжазба күйіндегі әдеби мұрасын заман
талабына сай жаңа қырынан зерттеп, шығармашылығын ғылыми айналымға енгізу –
қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болмақ.
Естай Мырзахметов – Көкшенің ардақты азаматы, көпті көрген, өмір мектебінің
талай қиын-қыстау кезеңдерін бастан кешірген, қазақ халқының әдеби мұрасының сан
қилы сырын жақсы білетін және оны кейінгі ұрпаққа насихаттап кеткен ардақты
ағаларымыздың бірі.
Естай Мырзахметов - ойы жинақтылығымен, тіл шеберлігімен ерекше аталатын
жазушы; өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, өмірінің соңына дейін әдебиет
213
саласында қаламы қарымды болған қаламгер. Алғашқы әдеби сын мақалалары,
эсселері, очерктері баспасөз беттерінде жарияланған. Ерекше мінезді, күрделі тағдырлы
жазушы қалың оқырман қауымға (Он бес жыл өткен соң) «Арайлым», «Медет»,
«Көгалдайдың көк шақпағын» сыйлап, Шал ақын, Шөже, Тезекбай, Орынбай, Біржан
сал, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Балуан Шолақтың беймәлім өмірі мен шығармашылығын
нақты фактілер негізінде публицист қыл қалам шебері ретінде таныстырған. Жазушы
Естай Мырзахметовтің қаламынан туындаған 2 роман, 3 повесть, 4 новелла, 30-ға жуық
әңгімелері бар. Осылардың ішінде «Медет» романы Алматыда «Жазушы» баспасынан
1976 жылы жарық көрсе, 1981 жылы қайта өңделіп шықты. Ал, «Он бес жыл өткен соң»
повесі Алматыда «Жазушы» 1973 жылы жарық көріп, кейін қайта өңделіп 1979 жылы
роман «Арайлым» деген атпен шықты.
Төсекке таңылып жатып роман жазған қайсар қаламгер Естай Мырзахметовтің
дара жолын, сара жолының терең тұңғиығына үңіліп, ғылыми тұрғыдан зерттеу бүгінгі
әдебиеттану ғылымының еншісінде. Өз естелік мақаласында ақын Құдайберлі
Мырзабек жазушы шығармашылығы жөнінде пікір білдірген: «Ал, Есағаң болса
қаламгер ретінде шынайы жазушы еді. Шығармашылық қарымы байыпты да табиғи.
Тарихи деректерге осы жауапкершілікпен қарап бұрмалап жұтатпайтын. Қайта сол
тарихтың өзін әдеби тілмен қаптарластырып, жапсарластырып ажарландырып
жіберетін. Көркем туындыларының тілі де, тынысы да бір тоға дуылдатып әкетіп,
аптығып жатпайды. Ажар мінез, өткір кесіп түсу секілді секірпеден аулақ. Өзінің жіп
суырғандай жібек үніндей биязы лирика желісін үзбеген қалпы керімсалдай желпіп
еседі де отырады. Кәдімгі өзімен жүзбе-жүз әңгімелескендей әсерленесің».
Қабырғалары сынып, аурухана төсегінде таңылып жатып «Медет» романын
жазып, ол туындысы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан, одан алған
қаламақысымен балаларын қамқорлаған қайсар адам. Бұл оның қайсарлығының,
еңбекқорлығының, жігерлігінің, рухының биіктігінің айғағы деп білеміз. Бұл туындысы
арқылы автор кең тынысты, ауқымды дүние жазуға икемділігін танытты. Ең басты
кейіпкерлер – Медет пен Айнұр арасындағы шексіз махаббат, нәзік сезім әдемі
суреттелген және ол сезімнің кездейсоқ, ойламаған жерден емес, саналы ойдың
таразасынан туған, ақыл-парасаттың қалауынан таралған сезім екенін аңғарасыз. Осы
шығармадағы кейіпкерлердің мінездерін автор жақсы қиылыстырып, табиғи
құбылыстарын ашады. Асыл сияқты анасының, Зейнеп тәрізді қарындасының, сондай
ақ заводтағы әріптестерінің жағымды бейнелері мен екінші топтағы Құлжабай тәрізді
жігіт сымақтарының ұсқындары бейнеленеді.
Естай Мырхазметовтың “Медет” романы адамгершілікті, ерлікті қалтқысыз
достық пен шынайы махабатты жырлаған шығарма. Бұл шығармада жауыздық пен
махаббат айқасады. Ақырында ұзақ тайталастан соң махаббат жеңіп шығады.
Бұл романның басты тақырыбы екі жастың арасындағы шексіз махаббат, бір-
біріне деген сүйіспеншілігі және де өмірдің талай тауқыметін бастан кешіріп,
қиындылықты жеңе білетін бір топ қазақ жастары.
Естай Мырзахметов елімізде шығармаларына разы оқырмандарынан ең көп хат
алғандардың бірі екен. Хат алушылардан алда тұрған Сәбит Мұқанов десек, одан кейін
жазушы Естай Мырзахметов дейді бір дерек. Оған оқырмандардан екі мыңнан аса хат
келіпті. Бір ғана «Медет» романын оқып тебіренген мың сегіз жүз адамнан хат түскен.
Онда оқырмандар жазушы шығармаларын оқығаннан кейін еңселерін тіктегенін, одан
қуат алып, өмірге құштарлығы артқанын, күйзелістен арылғанын айтады. Өмірден
түңілгендердің, өзін өлімге қимақшы болғандардың талайы райларынан қайтып,
құлшынып қызмет етіп, отбасын құрып, балалы-шағалы болып, бақытқа кез болыпты.
«Жас алаштықтар», «Махаббат, қызық мол жылдармен», «Медетпен» тәрбиеленгенбіз»
деп жазыпты, бір құттықтауларында. Тілі жеңіл, оқиғасы тартымды, сырлы сезімді жыр
214
еткен Әзілхан Нұршайықовтың атақты «Махаббат, қызық мол жылдарымен»
жазушының «Медетінің» қатар аталуы тегін емес. Бұл туындысы арқылы автор кең
тынысты, ауқымды дүние жазуға икемділігін танытты.
Ең бастысы Медет пен Айнұрдың арасындағы бір-біріне деген ыстық сезімдері,
мөлдір махаббаттары көркем суреттелген.
Естай Мырзахметов - өз кезегінде қоғамдағы қордаланған мәселелерді мерзімді
баспасөз беттеріне жариялаған публицист. Оған оның қалалық, республикалық газет-
журналдарда 110-ға жуық жарық көрген макалалары дәлел. Қаламгер мақалаларында
көбі біле бермейтін деректерді фактілер негізінде жазып, ой шерткен.
Оның публицистикалық шығармаларының мәні - ағартушылық, адамгершілік
сарын, туған халқын, Отанын сүйгіштік.
Қаламгер шығармашылығының ерекшелігі де - ұтымды ойларды бере білуінде,
көркем әдебиетке соны көркемдік құралдарды әкелуінде. Жалпы публицистикалық
шығармаларының лексикасында теңеулер, эпитет, метафоралар өте мол. Әрбір қимыл,
әрбір көрініс, әрбір құбылыс жалаң берілмей, үнемі тапқыр теңеу, ұтымды эпиттер
арқылы келеді және ақын теңеулерінің барлығы дерлік халықтың ұғымына қонымды,
оның тұрмысына, әдетіне, ғұрпына байланысты жатады. Өйткені, өз халқымен біте
қайнасып, бірге өскен жазушының басқаша жырлауға, халық ұғымына қонымсыз
теңеуді, сөз нақысын, ой өрнектерін басқаша беруі де мүмкін емес. Эпитет, теңеу,
метофораларындағы сұлулық, әдемілік сол жазушы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаның
ұғымы тұрғысынан беріледі.
Естай Мырзахметовтың әдеби мұрасын жіктеуде: роман, проза, әңгімелер,
публицистикалық мақалалары. Қаламгердің кредосы – ұлттық ұстаным, достық пен
бауырмалдылық. Негізгі тақырыбы – жазушының көзкөрген оқиғалары, замандастар
келбеті, замана сыры, дәуір шындығы. Әсіресе, ақынның Балуан Шолақ, Ақан сері,
Біржан сал, Орынбай Бертағыұлы, Сегіз сері Мұхаммед Қанафия, Үкілі Ыбырай,
Кенесары, Абылай туралы жазған тұщымды мақалалары. Қазақ публицистикасы өткен
кезеңдердің аса күрделілігіне қарамастан құлдырау мен өрлеудің қилы-қилы
жолдарынан өтіп, аса бай позитивті тәжірибе жинады, бұл оған қазіргі жоғары талап
деңгейінде болып, тиімді орнығуына зор мүмкіндік береді. Қаламгердің
публицистикасы мен ойтолғаулары – ерекше әсермен жазылған публицистикалық тың
дүниелер. Бұлар – жазушының жылдары қажырлы еңбегінің, жігерлігінің арқасында,
қыл қаламы талмай өмір бойы жазған ғибратты еңбектері. Публицист қаламгердің ел
мен жердің, адамдар тағыдырына негізделген мағыналы мақалалары, ойлы очерктері
туындап, өзектілігі, өміршеңдігі жағынан құнды рухани қазына есебінде бағаланбай
отырған сияқты. Бұл дегеніңіз – жазушының публицистикалық, прозалық
шығармаларының ғылыми айналымға түспегені. Қаламгердің жеке зертханасына жіті
назар аударсақ, қаламгердің Одақ көлеміндегі, республика, облыс, аудан
аймақтарындағы газет, журналдарға жиі жарияланған мақалалары, сыни пікірлері,
рецензиялары, очерктерінің көтерер жүгі ауыр. Қазіргі таңда қаламгердің әрбір
шығармасын назарға алып, ол кісі туралы жазылған мемуарлық, эпистолярлық
естеліктерді де зерттеуді талап ететін мәселердің бірі болмақ. Біз дереккөз ретінде
мерзімді баспасөзге жарияланған мақалаларды кітапхана мекемелерінен жинастырдық.
Естай Мырзахметов - заман келбетін зерттейтін мағынасы терең, тәлімі жоғары
мақалалар жазған очеркші. Бұған дәлел оның 1968 жылы «Лениншіл жас» газетінде
басылған «Батыр истребителінің бапкері» (Мәдина Ысқақова туралы), 1963 жылы
басылып шыққан «Қалауын тапса» очерктерін атап өтуге болады.
Естай Мырзахметов - тарихи мәліметтердің анығын сараптаған шындыққа
орайлысын, жақынын нақты білген шежіреші. Оған дәлел болған 1992 жылы
«Көкшетау» газетінде жарық көрген «Аталар шежіресіне абай болсақ» (Атығай мен
215
Қарауыл, Арғынның шежіресін автор Х. Қ. Әміров жинаған деректерге сүйене отырып
баяндаған), 1982 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Қиянатқа қимайық» (Халық
әндерінің сөздеріне нұқсан келтірмеу туралы), 1992 жылы «Оқжетпес» газетінде
«Кәкімтайдың қойын дәптерінің беттерінен» (Шежіре туралы әңгіме) атты мақалалары
бар екені мәлім.
Естай Мырзахметов - ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаған зерттеуші. Қаламгердің
зерттеушілігін “Сұрша қыз” түскен сергелдең: (“Сұрша қыз” әнінің шығу тарихы және
авторы туралы) //Көкшетау.- 1995.- 4 қаңтар, «Тарихымыздың тереңінен сыр тартқан»
//Оқжетпес.- 1996.- мамыр (№9).- 4 б., «Ақан мұрасынан бір олжа» (“Бір келіншекке
айтқаны” немесе “Бір әйелдің еріне және ата – енесіне айтқаны” өлеңінің шығу тарихы
туралы) //Көкшетау правдасы.- 1989.- 29 сәу., «Ақан сері ауылы» (тарихының кейбір
аңыздары мен ақиқаты хақында) //Оқжетпес.- 1993.- қараша (№20).- 3 – 4 б. жарық
көрген мақалалары дәлел.
Естай Мырзахметов - сал-серілер поэзиясының мәтінін зерттеп, зерделуші
мәтінтанушы. Оның «Ақан сері әндеріне қиянатты қойсақ» //Көкшетау.- 1993.- 20, 22
шілде, «Ақан сері және оның кейбір әндері» //Тың өлкесі.- 1962.- 3 қаңтар, «Ақан сері
мен Балқадиша» //Жалын.- 2005.- №1.- 41 – 43 б., «Ақан серінің сырлы сөздері» //Жаңа
Сарыарқа.- 2005.- №1.- 62 – 66 б.; №2.- 48 – 51 б.; №3.- 65 – 70 б., «Ән сұлуы арқалы
сөзіменен» (Ақан, Біржан, Ыбырай әндерінің ұқсастығы және кейінгі кезде бұрмаланып
айтылуы туралы) //Білім және еңбек.- 1985.- №2.- 22 – 23 б., «Әудемжер» әні хақында:
(Ақан серінің әні жайлы жаңа деректер) //Көкшетау правдасы.- 1984.- 31 март., «Біржан
мен Сара айтысының жолашары» (Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 170 жыл
толуына орай) //Арқа ажары.- 2004.- 1 шілдеде жарық көрген публицистикалық
еңбектері дәлел.
Естай Мырзахметов - географиялық, топанимикалық атаулардың мән-мағынасын
анықтап хаттаған географ. Ақмола өңірінің жер-су аттары туралы мақалалары да
жағырапиялық жаңалықтарға толы. Сондай зерттеу мақалаларының бірі 2003 жылы, 13,
20 ақпанда «Бұқпа» газетінің келесі санында шыққан «Жер – су атауларында тозаң
басқан тарих іздері де жасырын жатады» атты мақаласы. Жер – су атаулары қаз
қалпында сақталса: (“Қазақстанның інжу – маржандары” атты кітапқа пікірі //Көкшетау
правдасы.- 1985.- 21 там. басылымға шыққан мақалалары.
Естай Мырзахметов - қазақ әдебиетінің қалыптасып, молығуына әсері бар дүние
жүзіне әйгілі танылған шығармаларды аударған аудармашы.
Жазушы Ғ.Жұмабаевпен бірге Г.Х.Андерсеннің «Қайтпас қайсар қалайы солдат:
Ертегілер» (Алматы: Жалын, 1982. 34 б.), «Сандық самолет» (Алматы: Жазушы, 1970. –
151 б.), С.Қилыбаевпен бірге Ю.Корольковтың «Кио ку мицу. Өте құпия – қатерлі
жағдайда өрттелсін!» (Алматы: Жазушы, 1989. – 512 б.) роман-хроникасын, А.Нексенің
«Жаннета» (Алматы: Жазушы, 1968. – 198 б.) романын, Ш.Усмановтың «Торғай
даласында» (Алматы: Жазушы, 1968. – 320 б.) повестер мен әңгімелерін татар тілінен
шығармаларын тәржімалаған.
Қорыта келсек, бұл мақаладағы мақсатымыз: жазушы Естай Мырзахметовтың
әдеби мұрасын саралап, зерделеу еді. Жазушы шығармашылығы – адамзат өмірінің
әлеуметтік, психологиялық мәні зор туындылары болмақ. Өйткені, жазушы жан
жүрегімен, қиялымен, арманы биік сүйіспеншілігімен туған жерін, туған елін сүйеді
және барлық адамзатты туған елін сүюге шақырады. Ойымызды ақын Төлеген
Қажыбаевтың мына бір пікірімен түйіндемекпіз: «Естай Мырзахметов оқырман
жүрегіне жол тапқан, адам психологиясының қилы-қилы қырын ашып, қазіргі
өміріміздің талай құбылыстарын шығармаларына арқау ете отырып, жас ұрпаққа
жоғары идеялық-эстетикалық тәрбие беруге өзіндік үлесін қосқан қаламгер».
216
Әдебиет:
1.
Ғ.Қабышұлы, Ж.Ерғалиев, З.Мырзахметова Ел жүрегіндегі Ес-аға (естеліктер жинағы).
Көкшетау: Полиграфия басп. 2008.
2.
Асау Д. Көкшетаудың “Корчагині”: (Е. Мырзахметов туралы) //Арқа ажары. Кокшетау, 2002.-
3 б.
3.
Ескендірова К. Қайсар рухты қаламгер (Жазушы Естай Мырзахметов туралы) //Көкшетау.-
2005. - 5 б.
4.
Р. Сейіт Теңіздей терең қаламгер (Жазушы, қоғам қайраткері Естай Мырзахметовпен сұхбат) /
//Көкшетау.- 2007. 6-7 б.
5.
Е. Баятұлы Естай ағамен есте қалатын әңгіме / //Көкшетау.- 2002. 4-5 б.
6.
Ерғалиев Ж. Ардақ тұтқан абызы, ел – ағасы (Көрнекті жазушы Естай Мырзахметов жайлы
эсселік ой) //Арқа ажары.Көкшетау - 2007.- 6 б.
7.
Жетпісқалиев С. Әдебиет пен мәдениет халықтың рухын шыңдауы керек (Жазушы
Е. Мырзахметұлымен сұхбат) //Бұқпа Көкшетау - 2007. - 4 б.
УДК 342.71
ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ ГРАЖДАНСТВА
КАК ИНСТИТУТА КОНСТИТУЦИОННОГО ПРАВА
Муратова К.Г.
(СКГУ им. М. Козыбаева)
Гражданство - это правовая категория, определяющая политико-юридические
взаимосвязи человека и государства в современных условиях. Наличие или отсутствие
у человека гражданства напрямую влечет тот объем прав и свобод, которыми он может
пользоваться в конкретном государстве и нести тот объем обязанностей, которые
возлагает на него это государство. В этом отражается сущность устойчивой политико-
правовой связи, именуемой гражданством. Гражданство является той необходимой
юридической основой, на базе которой происходит формализация отношений между
человеком и государством и устанавливаются взаимные отношения политико-
правового
характера,
осуществляющиеся
на
основе
международных
и
внутригосударственных принципов, имеющих как политический, так и правовой
характер. В юридической литературе принципы определяются как основополагающие
начала, идеи, которые призваны отразить сущность рассматриваемого явления.
Систематизация принципов, лежащих в основе гражданства, предполагает
всестороннюю оценку всех сфер проявления его сущности, учет возможных связей
этого политико-правового явления с различными государственными институтами,
рассмотрение гражданства с точки зрения его юридической природы, отражения его
сущности в нормах права [1; с. 179].
Е.К. Кубеев отмечает, что одной из особенностей гражданства Республики
Казахстан является его открытый и свободный характер, выражающийся в праве
каждого человека в Республике Казахстан на гражданство [2; с. 46]. Эту особенность
можно рассматривать в качестве одного из принципов казахстанского гражданства,
который призван подчеркнуть демократический характер гражданства Республики
Казахстан. В качестве особенных принципов, присущих казахстанскому гражданству,
относится новелла, выражающаяся в создании Республикой Казахстан условий для
возвращения на ее территорию лиц, вынужденно покинувших территорию республики
в периоды массовых репрессий, насильственной коллективизации, в результате
Достарыңызбен бөлісу: |