Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. 56 с



жүктеу 2.39 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата22.12.2016
өлшемі2.39 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

біріншіден,  «математика»,  «тарих» 

немесе «химия» сияқты пәндік салаларға тән академиялық тілді, оған тән терминология мен 

грамматикалық ережелерді игереді, екіншіден екінші немесе үшінші тілде тиісті контекстіде 

кәдімгі өмірдегідей тікелей араласу үшін пайдалануға үйренеді.  

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламаларының  маңызды  ерекшелігі  –  бұл 

құжаттар  құрылымы  және  мазмұны  жағынан  орта  білімге  арналған  үздік 

шетелдік  куррикулумдарға  сәйкес  келеді  [1].  Бұл  ретте  бағдарламалардың 

құрамына мерзімді жоспарлардың кіретінін айта кеткен жөн. Осы құжаттардың 

типологиясы,  өзара  бағыныстылығы  мен  мән-мағынасы  3-суреттен  көруге 

болады.  

 

 



 

(Т1),  онымен  қатар  қолданылатын  тіл  екінші  (Т2),  ал  шет  тілі  үшінші  тіл  (Т3)  болып 

табылады. Мұндай ұғым техникалық жағынан қолайлы болу үшін қолданылады десе болады. 

11 


 

                                                                                                                                                                  



 

 

3-



сурет – Кіріктірілген оқу бағдарламаларын құрайтын нормативті 

құжаттардың өзара байланысы [9]  

 

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды былайша 



түсіндірсе болады:  

– 

ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәндік 



мазмұн нақтыланады; 

– 

орта  мерзімді  жоспар  –  бұл  ұзақ  мерзімді  жоспармен  қалай  жұмыс 



істейтінін  егжей-тегжей  сипаттайтын,  оқу  материалын  сынып  ішінде  және 

сыныптар арасында байланыстырып көрсететін жұмыс сызбасы; 

– 

қысқа мерзімді жоспар – бұл жеке сабақ үлгісі.  



Орта  мерзімді  жоспарлау  немесе  тізбектелген  сабақтар  топтамасын 

жоспарлаудың мақсаты:  

– 

жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы; 



– 

оқыту тәжірибесіне жеті модульді ықпалдастыру; 

– 

әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу; 



– 

оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау; 

– 

осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу 



жаттығуларын көрсету; 

– 

оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің 



болуын қамтамасыз ету; 

– 

барлық оқушыларды қамтуға бағытталған стратегиялық жоспарлау [10, 91 б.].  



Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламаларына  жаңа  құрылым  тән,  оған 

мазмұны  осы  заманғы  білім  философиясына  сай  10  тарау  кіреді:  пәннің 

маңызы, пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары, үштұғырлы саясатты 

12 


 

жүзеге асыру, пән бойынша ұйымдастыру талаптарын сипаттау, педагогикалық 

тәсілдер,  пәнде  мәдениет  пен  көзқарастың  алуан  түрлілігіне  құрмет 

қалыптастыру,  пән  бойынша  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды 

қолдану  құзыреттілігі,  пәнде  коммуникативтік  дағдыларды  дамыту,  пән 

бойынша  бағалау  тәсілдері,  бағдарлама  мазмұны,  ұйымдастырылуы  және 

бірізділігі [1].  

Бағдарламалар мен оқу жоспарларының ұтымды тұстары: 

– 

мазмұнды іріктеудің спиральдік (шиыршық) принципі; 



– 

оқыту  мақсаттарының  иерархиясы  мен  маңызды  пәндік  операциялар 

негізіндегі жіктелісі; 

– 

оқыту мақсаттарын егжей-тегжейлі жоспарлау: сынып ішінде, пән курсы 



бойынша;  

– 

пәндер арасындағы мазмұндас тақырыптар (өтпелі тақырыптар);  



– 

күтілетін  нәтиже  мен  мұғалімнің  академиялық  еркіндігінің  ұтымды 

үйлесімі; 

– 

пән  тараулары  мен  тақырыптарының  заман  ағымына  сәйкестігі, 



әлеуметтену дағдыларын қалыптастыруға басымдық [11]. 

Зияткерлік  мектептер  12  жылдық  оқытуға  көшуді  2010  жылдың 

Кіріктірілген  экспериментальды  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  бастады, 

2013  жылы  осы  бағдарлама  бойынша  12-сынып  оқушыларының  алғашқы 

түлектері бітірді.

 

12-



сыны түлектері Жоғары мектепті бітіргені туралы аттестат, 

ҰБТ  сертификатын,  сондай-ақ  халықаралық  емтихандар  сертификаттарын 

(IELTS

,  бітірушілердің  тілегі  бойынша  TOEFL, SAT I, SAT II  және басқалары) 

алды. 

 

2012  жылдан  бастап  Зияткерлік  мектептер  7  және  11-сыныптардың 



оқушыларын  Кембридж  университетінің  Халықаралық  емтихан  кеңесімен 

бірлесіп  әзірленген  жаңа  Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасы  бойынша 

оқытуды бастады [5, 13 б.; 12, 14 б.]. 

 

Зияткерлік мектептердегі тәрбие жүйесі теңгерімді, шығармашылық және 



аса өнегелі, бәсекелі ортада табысты әрекет етуге қабілетті, мәдениеті жоғары 

және  азаматтық  жауапкершілік  жүктеген,  өз  Отанына  берілген  жеке  тұлға 

қалыптастыруға бағытталған. 

 

Тәрбие жүйесі жаңа Кіріктірілген білім беру бағдарламасының және пәндік 



оқу  бағдарламаларының,  қосымша  білім  беру  бағдарламаларының,  демалыс 

қызметінің мазмұнын мынадай бағыттар арқылы интеграциялау жолымен іске 

асырылады:  патриоттық  тәрбие,  интеллектуалды  даму,  адамгершілік  тәрбие, 

физикалық  және  психологиялық  даму,  алуан  мәдениетті  даму,  көшбасшылық 

қасиетті дамыту, көркем-эстетикалық даму.  

Оқушылардың  сабақта  және  сабақтан  тыс  қызметте  интеграциялануы 

мыналар Кіріктірілген білім беру бағдарламасының құндылықтары, әлеуметтік-

гуманитарлық  цикл  пәндеріндегі  «Алаштану»,  «Абайтану»  ұлттық  құрамдас 

бөлік, түйінді пәнаралық тақырыптар, «Өнер» және «Дене тәрбиесі» пәндерін 

және  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  оқытудағы  көзқарастардың 

байланысы арқылы жүзеге асырылады.  

13 


 

Білім  беру  қызметінің  осы  интеграциясының  нәтижесінде  тәрбиелеу 

жұмысы  нысандар  мен  әдістер  кешені  арқылы  ұйымдастырылады,  соның 

ішінде:  әлеуметтік  жобалар  мен  практикалар,  Қазақстан  бойынша  өлкетану 

экспедициялары,  мүдделер  бойынша  сабақтар  (спорттық,  көркем, 

технологиялық және интеллектуалды), таңдамалы курстар, оқушылардың өзін-

өзі  басқаруы  мен  қоғамдастықтар  («Шаңырақ»  және  басқалары),  драмалық 

және  театр  көрсетілімдері,  интеллектуалды  және  іскер  ойындар,  желілік  іс-

шаралар және басқалары [5, 18–19 б.].  

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  оқушылар  қауымдастығы  «Шаңырақ»  жобасы 

негізінде ұйымдастырылған. Оқушылар қауымдастығының мақсаты – бірыңғай топтар құру 

арқылы  оқушыларды  ауызбірлікке,  біртұтастыққа  бейімдеу,  жоғары  сынып  пен  төменгі 

сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. 

Жалпы  «шаңырақ»  ұғымының  халқымыздың  ұлттық  мәдениетіндегі  орны  ерекше. 

Шаңырақ  —  мемлекеттің  негiзi  –  отбасының  бейнесі  болып  табылады.  Жаңадан  отбасын 

құрған жастарға, дана халқымыз құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын 

деген  ниетін  «Шаңырағың  биік  болсын!»  деген  қасиетті  тілекке  сыйдырған.  Сондықтан 

рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негiзiн құрайтын 

Шаңырақ мазмұны және оның дүниетанымдық мәні тереңде. 

Зияткерлік  мектептердегі  «Шаңырақ»  оқушылар  қауымдастығына  жас  аралығындағы 

және оқыту тілі әртүрлі екі сынып біріктіріледі (Мысалы, 12 және 9, 11 және 8, 10 және 7). 

Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны бар. 

«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының міндеттері: 

– 

оқушыларды салауатты бәсекелестікке баулу; 



– 

кішілерге  үлкен  топтардың  басшылық  етуі  арқылы  жоғары  сынып  оқушыларының 

бойында көшбасшылық қасиетін дамыту; 

– 

бірлескен,  біріккен,  ұйымшыл  командалар  құру,  бірігіп  бос  уақыт  тиімді  өткізуді 



ұйымдастыру. 

Оқу  жылы  барысында  «Шаңырақ»  оқушылар  қауымдастығы  арасында  әртүрлі 

жарыстар мен сайыстар (спорттық, зияткерлік, мәдени) өтеді, қатысқаны мен жеңістері үшін 

оқушылардың әр қауымдастығы ұпай сандарын жинақтайды. 

Оқу жылы соңында «Шаңырақ» қауымдастығының ең жоғары ұпайын жинап, жеңіске 

жеткен  тобына  «Өркен»  кубогы  беріліп,  «Туған  елге  тағзым»  өлкетанулық-зерттеу 

экспедициясына  жолдама  табыс  етіледі.  Тоқсандағы  жетістіктері  үшін  оқушылардың  әр 

қауымдастығы  кино,  театр,  басқа  да  мәдени  орталықтарға  бару  билеттерімен  қамтамасыз 

етіледі. 

«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының артықшылықтары: 

– 

әр жастағы оқушылардың өзара ынтымақтастығы; 



– 

жоғары  сынып  оқушыларының  төменгі  сынып  оқушыларына  қамқорлық  танытуы 

өзара әріптестік мәдениетін қалыптастырады, көшбасшылық қабілеттерін дамытады; 

– 

сабаққа дайындық барысында және сабақтан тыс уақытты ұйымдастыруда бір-біріне 



көмек көрсетеді; 

– 

біртұтас команда, корпоративті рух қалыптасады. 



«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы аясында жүзеге асырылатын жобалар: 

«Шаңырақ»  оқушылар  қауымдастығы  мүшелері  мектепішілік  шараларға  және  өз 

қалаулары бойынша ұсынылып, қолдау табылған жобаларға белсене араласады. 

Жобалар:  «Туған  елге  тағзым»  өлкетанулық-зерттеу  экспедициялары,  «Патриоттық  әндер» 

жобасы, Интеллектуалды және онлайн интерактивті ойындар жарысы, «Флеш-моб» жобасы, 

«Жұлдызды  сәт»  жобасы,  «7  қайырымды  іс»  жобасы,  «Мектеп  түлектерінің  жұлдызды 

күндері»  жобасы,  «Денсаулық  күні»  жобасы,  «Өнер  күні»  жобасы,  «Отан  деп  соғар 

жүрегім!» қоғамға қызмет ету жобасы [13]. 

 

14 



 

Тәрбие жұмысының күтілетін нәтижесі деп коммуникативтік және зерттеу 

дағдылары,  жобалау  қызметінің,  командалық  жұмыс  пен  көшбасшылық 

дағдыларының  қалыптасуын  айтады.  Мәселен,  мәдениаралық  коммуникация, 

жаһандық  ойлау  мен  төзімділік  дағдыларына  баулу  үшін  әртүрлі  елдердің 

оқушылары  мен  мұғалімдерінің  алмасуы  үшін  «Әріптес  мектептер»  жобасы, 

Зияткерлік  мектептер  желісінің  ішіндегі  алмасу  бағдарламалары,  оқушылар 

үшін  халықаралық  конференцияларға,  симпозиумдарға,  саммиттерге  қатысу, 

басқа  елдердің  оқушыларымен  жобалау  және  зерттеу  қызметі,  халықаралық 

жазғы лагерлерге бару көзделеді.  

Оқушылардың мансаптық дамуы (Career Advising) мақсатында Зияткерлік 

мектептер кәсіпорындармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен 

ынтымақтасады, әртүрлі кәсіптердің өкілдерімен және Зияткерлік мектептердің 

түлектерімен кездесулер өткізеді, үздік отандық және халықаралық жоғары оқу 

орындарының  дерекқорын  қалыптастырады,  сондай-ақ  елдің  және  әлемнің 

университеттері туралы ақпарат алады, білім беру көрмелеріне қатысады. 

Осылайша,  бүгінгі  таңда  Зияткерлік  мектептердің  тәрбие  жүйесінің 

тұғырнамасы  құрылды,  ол  анық  көшбасшыны,  тәуелсіз  оқушыны,  азаматтық 

ұстанымы  белсенді,  өз  елінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуына  үлес  қосуға 

дайын сенімді жеке тұлғаны қалыптастырады [5, 20 б.].  

Зияткерлік  мектептер  оқушыларының  ғылыми-зерттеу  қызметінің 

мақсаты  оқушылардың  танымдық  дағдыларын,  олардың  сыни  және 

шығармашылық  ойлауын,  өз  білімін  өз  бетінше  үйлестіре  білуін  және 

ақпараттық  кеңістікте  бағдарлануын  дамыту  болып  табылады.  Себебі  қазіргі 

заман  мектептердің  түлектеріне  жоғары  талап  қояды:  жоғары  дәрежедегі 

құзыретке  ие  болу,  өз  бетімен  өмір  сүруге  және  кәсіби  қызметке 

шығармашылық  тұрғыдан  дайын  болу.  Адам  көп  жағдайда  дайын  рецепттер 

көмектеспейтін  жағдайларға  жиі  ұшырайды.  Мектепте  алған  зерттеу  дағдысы 

оны  бітірушіге  кез  келген  жағдайда  табысты  болуға  көмектеседі.  Бұл  кезеңде 

елдің  білім  беру  жүйесінде  білімді  қолдану  проблемасы  барынша  өткір 

қойылуда. Оқушылардың ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық қызметке 

қатысуын  көздейтін  бағыт  барынша  маңызды  болуда.  Нағыз  осы  бағыт 

оқушыда теориялық білімді практикалық тұрғыдан қолдана білу және қолдану 

дағдысын қалыптастырады. 

Зияткерлік  мектептердегі  оқу  процесі  зерделенетін  проблеманың  мән- 

жайына  әбден  түсінуді  қамтамасыз  ететін,  әрбір  оқушының  жеке  қатысуын 

және  оның  оқуға  қызығушылығын  арттыратын  белсенді  оқыту  әдістерінен 

құрылған.

  

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:



 

– 

оқушыда  ғылыми  шығармашылыққа  қызығушылықты  қалыптастыру, 



ғылыми-зерттеу  міндеттерін  өз  бетінше  шешу  әдістемесі  мен  тәсілдеріне 

оқыту; 


– 

шығармашылық ойлауды және өз бетінше жұмыс істеуді дамыту, оқыған 

кезде алған теориялық және практикалық білімді тереңдету және бекіту; 

15 


 

– 

неғұрлым  дарынды  және  талантты  оқушыларды  анықтау,  өзекті 

міндеттерді  шешу  үшін  олардың  шығармашылық  және  интеллектуалдық 

әлеуетін пайдалану [5, 20 б.; 14].  

Зияткерлік  мектептерде  зерттеу  қызметінің  дағдыларын  меңгеру 

оқушыларда  базалық  білім  жүйесінің  бар  екендігін  және  зерттеу  жұмысына 

тікелей қатысуды болжайды. Бірінші шарт теориялық және практикалық білім 

жүйесі, оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмысы, ғылыми зертханалардағы 

практикалық сабақтары арқылы іске асырылады. Екінші шарт меншікті зерттеу 

жұмысын әзірлеу процесінде базалық білімді іске асырумен қамтамасыз етіледі. 

Мысал  үшін,  Зияткерлік  мектептерде  зерттеу  жұмыстарын  және  кеңейтілген 

зертханаларда  биология,  химия,  физика  және  математика  бойынша  3D 

технологияларды  пайдаланып  оқу  процесін  неғұрлым  қызықты  ететін 

тәжірибелер өткізуге мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдай жасалған.

 

Зияткерлік  мектептерде  Multitouch-экран  мен  компьютерді  біріктіретін, 



қазіргі  заманғы  сынып  талаптарына  жауап  беретін  интерактивті  үстел 

пайдалану  оқушылардың  оқуы  мен  ынтымақтастықта  бірлесіп  жұмыс  істеуін 

ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

Зияткерлік  мектептер  оқушыларының  ғылыми-зерттеу  және  оқу-тану 



қызметін ынталандыру, ғылымға, техникаға қызығушылықты қолдау, неғұрлым 

талантты  және  дарынды  жас  зерттеушілерді  іріктеу  және  қолдау  мақсатында 

олимпиадалар, таңдамалы курстар өткізіледі.

 

Бұдан  басқа  консультация  үшін  елдің  жоғары  оқу  орындарына  шығатын 



топтар  ұйымдастырылады  және  «Қалай  табысты  жоба  жазуға  болады?»  деген 

тақырыпқа шеберлік сабақтары өткізіледі.

 

Таңдамалы  курстар  кезінде  оқуында  жақсы  көрсеткіштері  мен  ғылыми 



әлеуеті  бар  оқушылар  елдің  жетекші  оқу  орындарында  (Назарбаев 

Университеті,  Ұлттық  биотехнология  орталығы,  Ядролық  физика  институты 

және  басқалары)  және  шет  елдерде  (BigBang  ғылыми  көрмесі,  Суррей  ғарыш 

орталығы, Лондондағы ғылым мұражайы, Корольдік қоғамдастығының Жазғы 

ғылыми  көрмесі)  практикалық  сабақтарға,  зертханалық  жұмыстарға  және 

ғылыми дәрістерге қатысады. 

 

Жыл  сайын  Зияткерлік  мектептерде  Ұлыбританияның  Корольдік 



институтында  Фарадей  зертханасының  базасында  туындаған  рождестволық 

дәрістер  мысалында  Зияткерлік  мектептердің  мен  елдің  жалпы  білім  беретін 

мектептерінің  9–10-сынып  оқушылары  үшін  жаратылыстану  циклі  пәндері 

бойынша Наурыздағы кездесулер өткізіледі [5, 21 б.; 15]. 

 

Стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін отандық және халықаралық білім 



беру  бағдарламаларын  үздік  мазмұнын,  сондай-ақ  сабақ  беру  мен  оқытудың 

үздік  отандық  және  халықаралық  тәжірибесін  интеграциялау  жүзеге 

асырылады.  Қазақстандық  мектептердің  дәстүрлі  түрде  күшті  жақтарымен 

біріктірілетін  отандық  және  шетелдік  алдыңғы  қатарлы  практикалар  өзіне 

мыналарды қамтиды: үздік халықаралық мектептерге қойылатын талаптардың 

деңгейіне сәйкес келетін инновациялық Кіріктірілген білім беру бағдарламасы, 

үш тілде білім беру, оқу және оқудан тыс қызметті интеграциялау, құндылыққа 

16 


 

бағдарланған  білім  беру,  әлеуметтік  жобаларды  енгізу,  жаңа  педагогикалық 

әдістемелер мен технологияларды енгізу, соның ішінде:  

– 

оқушыларды белсенді оқыту, өз бетінше оқуын дамыту;  



– 

пәннің мазмұны мен тілді оқытуды интеграциялау;  

– 

шығармашылық және сыни ойлауды дамыту;  



– 

АКТ және WEB 2.0 технологияларын тиімді пайдалану;  

– 

зерттеу дағдыларын дамыту;  



– 

ынтымақтастықты,  коммуникативтік  дағдыларды  және  мәдениаралық 

қарым-қатынасты дамыту.  

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерде  сабақ  беру  мен  оқытудың  негізгі  іс-тәжірибелері 

мынадай құндылықтарға негізделген: 

– 

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты 

өмір  салтын  ұстануды  білдіреді.  Өз  мәдениеті  мен  тіліне  құрмет  сияқты,  басқа  да 

мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті 

қамтиды; 

– 

Ынтымақтастық:  өзіне  жағымды  қатынастарды  дамытуды,  ынтымақтастық 

дағдыларын  қалыптастыруды  және  сындарлы  көзқарасты  дамытуды,  өзара  қарым-

қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды; 

– 

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, 



сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған 

ортаны  қорғау  үшін  пікір  алуандығын  әкеледі,  олар  қазақша,  орысша  және  шет  тілдерінде 

сөйлейді; 

– 

Академиялық әділдік: академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа және ақпаратты 

оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік қағидаттарын сақтаудан тұратын басқа 

адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу; 

– 

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни 



қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы 

дамыту.  Өзіне  оқушылардың  өз  бетімен  оқуына  ықпал  ететін  икемділік  мен  дағдыларды 

дамытуды қамтиды; 

– 

Ашықтық:  өзіне  Зияткерлік  мектептің  даму  жоспарлары,  оқытудан  күтілетін 

нәтижелер мен бағалау рәсімдері сияқты ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуді 

қамтиды. Бір-бірінің сабақтарына қатысу (сынайтын достар), сұхбат, сауалнама жүргізу. 

Жоғарыда  келтірілген  құндылықтар  оқушыларға  болашақта  өз  білімін  табысты 

дамытуға, еңбек нарығында бәсекелесуге және социумда өзара әрекет етуге, өзінің мақсаты 

мен  қоғамның  мақсатына  жету  үшін  білімін  пайдалануға  ықпал  ететін  функционалдық 

сауаттылықты дамытуға бағытталған [5, 15–16 б.; 16]. 

 

Зияткерлік мектептерде үш тілді орта құру оқушылардың жалпы дамуына 



ықпал етеді. Осы саланың негізгі ерекшелігі үш тілде сабақ беру мен сабақтан 

тыс қызметті жүргізуді білдіреді, бұл қосымша ақпаратқа қолжетімділікті және 

басқа мәдениеттерді түсінуді кеңейтеді. Құрылған үш тілді ортаның арқасында 

оқушылардың  әлеуеті  артады,  икемділік,  сыни  және  шығармашылық  ойлау, 

мәдениаралық  ынтымақтастыққа  қабілеттілік,  өзіне  және  айналасындағыларға 

құрмет,  басқа  тілдерді  білуге  құштарлық  пен  дағды  дамиды.  Үш  тілді  оқыту 

моделін қалыптастыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:  

– 

оқушыларға  тіл  құзыретін  және  пәндерді  үш  тілде  оқыту  үшін 



қабілеттілікті өрістетуге көмектесу үшін үш тілді орта құру;  

17 


 

– 

ағылшын тілінде сабақ беру үшін шет елдің жоғары білікті мұғалімдерін 

тарту арқылы жасанды ағылшын тілді орта құру; 

– 

ағылшын және бірінші тілдерде командалық оқыту әдісін енгізу; 



– 

өзіне  тілді  оқытуды  және  мазмұнды,  тіларалық  интеграция  мен 

кооперацияның элементтерін үйлестіретін бағдарлама әзірлеу; 

– 

оқулықтар мен басқа да білім беру ресурстарын әзірлеу; 



– 

мектепте және одан тысқары жерде үш тілді қолданып, сабақтан тыс іс- 

шаралар өткізу үшін мүмкіндік жасау; 

– 

үш  тілде  білім  беруді  әзірлеу  және  енгізу  нәтижесінде  алынған  білімді 



айқындау және оларды басқара білу; 

– 

білім беру процесін қажетті жабдықпен және бағдарламалық қамтыммен 



жасақтау; 

– 

оқушыларға  басқа  оқушылармен  және  ересек  адамдармен  үш  тілде 



сындарлы коммуникация мүмкіндігін беру; 

– 

түпнұсқамен үш тілде кітапхана қорын жасау; 



– 

білім  беру  процесінің  барлық  мүдделі  адамдарына  ақпараттық 

материалдар әзірлеу; 

– 

үш  тілді  ортада  жұмыс  істеу  үшін  директорлардың,  директорлардың 



орынбасарларының,  әдіскерлердің,  мұғалімдердің,  жаттықтырушылардың, 

кітапханашылардың және қосалқы персоналдың біліктілігін арттыру. 

Жоғарыда  көрсетілген  міндеттерді  іске  асыру  үшін  ДББҰ-ға  орта  білім 

беруде  үш  тілде  оқытуды  әзірлеу,  енгізу  және  іске  асыру  саласында  жұмыс 

тәжірибесі  бар  халықаралық  танылған  стратегиялық  әріптестер  мен 

сарапшылар тартылады. 

Қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдері  бойынша  деңгейлі  оқу 

бағдарламаларын  әзірлеу  үшін  негіз  ретінде  шет  тілін  меңгерудің  алты 

деңгейден  тұратын  жалпы  еуропалық  құзырет  жүйесі  пайдаланылды.  Осы 

жүйеге  сәйкес  А1  тілді  білу  деңгейі  ең  төменгі,  ал  С2  ең  жоғары  болып 

табылады.  Зияткерлік  мектептердің  оқушылары  12-сыныпты  бітірген  кезде 

бірінші тілді С2 деңгейінде, екінші тілді С1 деңгейінде және ағылшын тілін С1 

деңгейінде  білетін  болады  деп  күтілуде.  Ағылшын  тілін  С1  деңгейінде  білу 

IELTS 

халықаралық тестінің 6,5–7,5 балына сәйкес келеді, бұл әлемнің жетекші 

университеттеріне  түсу  және  оқу  үшін  академиялық  ағылшын  тілін  білудің 

көрсеткіші болып табылады [5, 16–17 б.; 11].  

 

 

1.3 Мұғалімдердің біліктілігін жаңарған орта білім мазмұнын жүзеге асыру 



үшін арттыру  

 

ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы  (ПШО)  жалпы  білім  беретін 

мектептер  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыру  жолымен 

республиканың  мұғалімдерінің  педагогикалық  шеберлігін  дамытады. 

Орталықта  деңгейлік  бағдарламаларды  әзірлеу,  жаттықтырушыларды,  бағалау 

18 


 

жөніндегі  сарапшыларды  дайындау  ұйымдастырылған,  осылайша  елдің 

педагогтерін жаңа деңгейде кәсіби дамыту үшін жүйелі шаралар қабылданды. 

Зияткерлік  мектептерде  енгізілетін  және  іске  асырылатын  халықаралық 

деңгейдегі  педагогикалық  практикадан  үздік  мысалдар  курстардың  негізі 

болды.  Деңгейлік  бағдарламалардың  мазмұны  мынадай  мәселелерді  кешенді 

қарауға негізделеді: 

– 

сабақ беру мен оқытудағы жаңа көзқарас; 



– 

сыни ойлауды оқыту; 

– 

оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау; 



– 

сабақ беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; 

– 

талантты және дарынды балаларды оқыту; 



– 

оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақ беру және оқыту; 

– 

оқытудағы басқару және көшбасшылық. 



Деңгейлік  бағдарламаларды  іске  асыруда  қазақстандық  әріптестер 

арасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы 

мен  елдің  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  біліктілігін  арттыру 

бөлімшелері  әрекет  етеді.  Кембридж  Университетінің  Білім  беру  факультеті 

халықаралық әріптес ретінде әрекет етеді. 

Барлық оқу материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып 

шығады және ПШО сайтында www.cpm.kz

 

орналастырылады [17]. 



Тұтастай алғанда, ПШО және оның филиалдарының базасында жыл сайын 

деңгейлік курстардың бағдарламалары бойынша 5 000-ға жуық мұғалімді оқыту 

жоспарланып отыр. 

Кәсіби  қоғамдастықтарды  дербес  оқытуды  және  дамытуды  қолдайтын 

кәсіби даму бағдарламалары әзірленді, онлайн ресурстар құрылды, онда кәсіби 

даму  үшін  мүмкіндік  беріледі,  онлайн  сабақтар  мен  семинарлар,  әртүрлі 

конференциялар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

 

Республиканың педагог қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай 



жасау  үшін  ПШО  сайтының  базасында  www.cpm.kz.  біліктілікті  арттырудың 

деңгейлі  бағдарламалары  шеңберінде  оқудан  өткен  педагогтердің  желілік 

қоғамдастығы  құрылды.  ПШО  сайтының  форумы  мұғалімге  білікті 

консультативтік көмек алуға мүмкіндік береді. 

 

Кәсіби  желілік  қоғамдастық  Қазақстанның  әртүрлі  өңірлерінде  тұратын 



мұғалімдерге  кәсіби  мәселелерді  шешуге  және  өзінің  шеберлік  деңгейін 

арттыруға мүмкіндік береді. 

 

Республика  ауқымында  бірыңғай  ақпараттық-әдістемелік  кеңістік  құру 



қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыруға  және  жүзеге  асыруға,  оқушыларды 

ПШО 


жаттықтырушыларының 

және 


қызметкерлерінің 

тьюторлық 

сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Желілік қоғамдастықтың негізгі міндеттері:  

– 

мұғалімнің кәсіби қызметіне қолдау көрсету;  



– 

бірлескен  желілік  практикалық  қызмет  арқылы  өзін-өзі  іске  асыру 

мүмкіндігін беру;  

– 

жаңа білім беру бастамаларын жасау және қолдау; 



19 

 


– 

бірыңғай ақпараттық педагогикалық ресурс құру; 

– 

мұғалімдердің желідегі практикалық қызметін ұйымдастыру; 



– 

құрылатын  жобаларға  қатысушылардың  шығармашылық  қабілетін 

дамыту және іске асыру. 

Біліктілікті  арттыру  және  педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру  саласында 

жол  сілтеуші  –  ПШО  ақпараттық-әдістемелік  журналын  шығару  көзделген. 

Журналдың  негізгі  мақсаты  –  Зияткерлік  мектептердің  тәжірибесін  көрсету 

және  әлемдік  және  отандық  практиканың  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық 

технологияларын көрсету мүмкіндігін беру [18]. 

 

Оқу  процесіне  білім  берудің  барлық  деңгейінде  Зияткерлік  мектептердің 



тәжірибесін ескере отырып, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды 

енгізуді  қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 

ғылым  министрлігі  ДББҰ-мен  тығыз  ынтымақтастықта  жұмыс  істейтін 

35 


базалық мектепті айқындады [19]. 

 

Әрбір Зияткерлік мектеп мыналар арқылы өз тәжірибесін бере отырып, 3–



мектеппен әріптестікте жұмыс істейді: 

– 

коучинг және консалтинг – топтық және жеке консультациялар; 



– 

шеберлік сабақтары; 

– 

жаңа  оқу  технологиялары  мен  әдістемелері,  үш  тілді  ортада,  сыни 



бағалау  жүйесі,  тәрбие  жұмысындағы  бағыттар  мен  көзқарастар  бойынша 

семинарлар; 

– 

кітапханалар қызметін ұйымдастыру жөніндегі консультациялар; 



– 

Зияткерлік мектептер базасында мектеп директорлары үшін практикалар 

(Job Shadowing

) ұйымдастыру;  

– 

үздік халықаралық тәжірибе мен практиканы ұсыну.  



Осылайша,  Зияткерлік  мектептердің  директорлары  мен  педагогикалық 

құрамы  әртүрлі  шеберлік  сабақтарын,  семинарлар,  ғылыми-практикалық 

конференциялар  өткізу  арқылы  сабақ  беру  мен  оқыту,  мектепті  басқару  және 

көшбасшылық  мәселелерінде  өз  тәжірибесімен  бөліседі.  Зияткерлік 

мектептерге  базалық  мектеп  қызметкерлерінің  баруы,  базалық  мектеп 

оқушыларының  Зияткерлік  мектептердің  пәндік  олимпиадаларына  қатысуы 

ұйымдастырылады. Базалық мектептерге Кембридж Университетімен бірлесіп, 

үш  деңгей  (базалық,  негізгі,  ілгерілеген)  бойынша  әзірленген  Кіріктірілген 

білім  беру  бағдарламасы  негізінде  бейімделген  оқу  бағдарламаларын, 

таңдамалы курстардың байқаудан өткен бағдарламаларын беру жоспарланды.

 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  оқушыларына  онлайн  сабақтар  мен 



мұғалімдері үшін онлайн семинарлар өткізіледі. Жобалар жалпы білім беретін 

мектептерде сабақ беру сапасын арттыруға бағытталған. Онлайн сабақтар мен 

семинарларды Зияткерлік мектептердің мұғалімдері өткізеді.

 

ДББҰ-ның  ресми  веб-сайтында,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 



ғылым  министрлігінің  веб-сайтында  www.elp.kz  және  қоғамдық  порталда 

moodle.nis.edu.kz 

Зияткерлік  мектептердің  мұғалімдері  математика,  физика, 

химия, биология, ағылшын тілі және информатика пәндері бойынша 2011 және 

2012 жылдары өткізген 800-ден астам онлайн сабақ орналастырылған. Онлайн 

20 

 


сабақтар  өзіне  күрделілігі  жоғары  тапсырмаларды  шешуді,  практикалық  және 

зертханалық  тапсырмаларды  қолдануды  көрсетуді  қамтиды.  Бұл  сабақтарды 

Қазақстанның  барлық  мұғалімдері  көре  алады.  Сол  сияқты  ДББҰ  онлайн 

сабақтарды  тарату  мақсатында  облыстық  білім  беру  басқармаларына 

сабақтардың жазбалары бар CD-дискілерді береді.  

Интерактивті  сабақтар  мен  семинарларды  ұйымдастыру  мақсатында 

ДББҰ-да  әдіснамалық,  ұйымдастырушылық,  техникалық  және  ақпараттық 

қамтамасыз  етуді  ұсынатын  тұрақты  жұмыс  істейтін  үйлестірушілер  тобы 

жұмыс істейді. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдері  үшін  онлайн  семинарлар 

аптасына  бір  рет  өткізіледі.  Қазіргі  уақытта  олар  Зияткерлік  мектептердің 

оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалау жүйесін әзірлеу және енгізу 

жөніндегі  тәжірибесін  көрсетуге  бағытталған.  Бір  жылдың  ішінде  барлығы 

48 


онлайн семинар өткізіледі. 

Онлайн семинарларды дайындауға және өткізуге Зияткерлік мектептердің 

мұғалімдері қатысады. Семинарлар өлшемдік бағалаудың теориялық негізі мен 

әдіснамасын,  әртүрлі  сыныптарда  әртүрлі  пәндер  бойынша  оқу 

бағдарламасының  нақты  бөлімдерін  зерделеу  кезінде  формативті 

(қалыптастырушы) және суммативті бағалау тәжірибесін қамтиды. Мұғалімдер 

онлайн  семинарлар  өткізу  процесінде  оқу  процесін  ұйымдастыруды  түзету 

және  бағалаудағы  өлшемдік  көзқарастың  негізінде  әрбір  оқушыны  оқытудың 

жеке траекториясы жөнінде ұсынымдар береді. Нақты уақыт режимінде жалпы 

білім  беретін  мектептердің  мұғалімдері  сұрақтар  қою,  консультациялар  алу 

және семинардың мазмұнын талқылау мүмкіндігіне ие болады.

 

Онлайн  сабақтар  мен  семинарлар  өткізу  қағидасы,  көрсету  кестесі,  оқу 



бағдарламасы,  тұсаукесерлер,  сабақтар  мен  семинарлар  барысында  айтылған 

сұрақтар мен жауаптар ДББҰ-ның сайтында орналастырылған [5, 37 б.; 18]. 

Болашақта  онлайн  семинарлардың  тақырыбы  жалпы  білім  беретін 

мектептердің қажеттілігіне қарай айқындалатын болады. 

Жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдеріне  әдістемелік  көмек 

көрсету үшін ДББҰ-ның сайтында математика, физика, химия, биология және 

ағылшын тілі бойынша бөлімдер жұмыс істейді. 

Тұтастай  алғанда,  Зияткерлік  мектептер  тәжірибесін  көрсетуді  отандық 

орта  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  реформалау  призмасы  арқылы  қарастырған 

жөн.  Зияткерлік  мектептердің  тәжірибесін  тиімді  пайдалану  үшін  кешенді 

көзқарас  айқындалатын  болады,  ол  Зияткерлік  мектептердің  инновациялық 

білім беру бағдарламаларын, оқу ресурстарын, оқушыларына сабақ беру және 

оқыту әдістемелерін көрсету ғана емес, сондай-ақ осы тәжірибені өзіне алатын 

жалпы білім беретін мектептерді қолдауды білдіреді [5, 38 б.; 14]. 

Жалпы  білім  беретін  мектептерді  қолдау  мектептің  дәстүрлі  моделінен 

Зияткерлік  мектептердің  инновациялық  әлеуетіне  сүйене  отырып, 

функционалдық  сауаттылықты  қамтамасыз  ететін  оңтайлы  модельге  көшуді 

ескере отырып жүзеге асырылатын болады.  

 

21 


 
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет