Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері 2000 жылы ҚР «Өлшем бірлігін ңамтамасыз ету туралы»



Дата09.02.2023
өлшемі20,19 Kb.
#66449

 Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері 
2000 жылы ҚР «Өлшем бірлігін ңамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Оған дейін Республикада метрология саласында заңдылық нормалар болған жоқ. Заңдылық нормалар Үкіметтің ңаулыларымен тағайындалатын. Ережелермен салыстырғанда Заң біршама жаңашылдыңтарды (терминологиядан бастап елдегі метрологиялың қызметті лицензиялауға дейін) енгізді. Мұнда баңылаудың мемлекеттік метрологиясы мен қадағалаудың мемлекеттік метрологиясының функциялары нақты бөлінді: калибрлеудің ережелері қайта қаралды, өлшем құралдарының ерікті сертификатталуы енгізілді және т.б. 
Мемлекеттік метрологиялың қызметтердің қайта ұйымдастырылуы метрологиялық қызмет пен ведомстволық қызметті басқару жүйесінің орталықтандырылуының бұзылуына алып келді. 
Меншіктің түрлі нысандарының пайда болуы өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу, салыстырып тексеру, мемлекеттік қадағалау міндеттілігі мен шаруашылық қызмет субъектілерінің еркіндігі деңгейінің өсуі арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуына себепші болды. Бұдан басқа Қазақстанның елемдік экономикаға интеграциялануы ДСҮ-на (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ену қажеттілігімен байланысты өзге де мәселелер бар. Осылайша, метрологияның құқықтың, йымдастырушылық, экономикалың негіздерін қайта қарастыру проблемасы ерекше мәнге ие болып отыр. 
Метрология негізгі ережелері елдің жоғарғы заң шығару органы қабылдаған заңмен міндетті түрде бекітілуі иіс қызмет аясына жатады. Тұтынушылардың құқыңтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заңдық нормалар құқықтық мемлекетте тұрақты заңдылық актілерімен реттеледі. Осыған байланысты, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңды енгізгенге дейін ңолданыста болған метрология бойынша ережелер заңға қарсы келмейтін жағдайларында ғана қолданылады. 
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның негізгі ережелерін қарастырып кетейік. 
Заңның мақсаттары мынадай: 
- өлшемнің жеткілікті дұрыс емес нәтижелерінің жағымсыз салдарынан ҚР экономикасы мен орнатылған ңүқықтық төртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңдылық мүдделерін қорғау; 



  • елде қолдануға рұқсат етілген бірліктерде көрсетілген, кепілдендірілген дәлдіктегі өлшем нәтижелерін қолдану және шама бірліктерінің мемлекеттік эталонын пайдалану негізінде ғылыми-техникалың және экономикалық прогреске ықпал ету;





  • Қазақстанның мемлекеттік басңару органдарының өлшем құралдарын жасау, пайдалану, жөндеу, сату және импорттау мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынасты реттеу;



  • өлшемнің ңазақстандың жүйесін әлемдік тәжірибеге икемдеу.

Бұл Заңның метрология бойынша шетел заңдылық ережелерінен айырмашылығы бар. Оның негізгі қолда-ну аяларына (сауда, денсаулық саңтау, сыртңы ортаны қорғау, сыртңы экономикалың қызмет) қарамастан, ол өндірістің кейбір аяларында ңолданылады, соның ішінде шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын эталондарды пайдаланатын заңды тұлғалардың өлшем құралдарын лабораториялық қызметтердің калибрлеу жүмыстарына таралады. Заң заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтеріне оларды аккре-диттеген органдар мен үйымдар атынан калибрлеу туралы сертификаттар беруге құқық береді.


Шетелдерде биліктің федералды органдарының өкілеттілігіне өлшемдердің бірлігін ңамтамасыз ету туралы заңдылыңтың негіздерін белгілеу ғана кіреді. 
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң оның мақсаттары үшін қолданылатын негізгі түсініктерді белгілейді және заңмен бекітеді. Ол түсініктер: өлшем бірлігі, өлшем құралдары, шама бірлігінің эталоны, шама бірлігінің мемлекеттік эталоны өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар, метрологиялық қызмет, метрологиялың бақылау және қадағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшем құралы типін бекіту туралы сертификат, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу; калибрлеу туралы сертификат . Анықтамалардың негізіне Заңдылық метрологияның халықаралық ұйымының (ЗМХҮ) ресми терминологиясы алынған . Заңның негізгі баптары мыналарды орнатады: 



  • өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқарудың ұйымдың құрылымын;



  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды;



  • шама бірліктерін және шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын;



  • өлшем құралдары мен әдістемесін.

Сонымен қатар Заң Мемлекеттік метрологиялың қызметті және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де қызметтерін, басқарудың мемлекеттік органдары мен заңды тлғалардың метрологиялық қызметтерін, мем-лекеттік метрологиялық баылау мен қадағалау түрлері мен таралу аясын анықтайды. Заңның ЖсКс баптары өлшем құралдарын калибрлеу және сертификаттау бойынша ережелерді қамтиды және Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін орнатады. Заң мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамы мен құзырын анықтайды, оның қызметінің салааралық және ведомстволық сипатын көрсетеді. Қызметтің салааралық сипаты Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құқықтық жағдайын бекітеді, ол мемлекеттік басқарудың басқа салааралық және бақылау-қадағалау органдарына ұқсас.


Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құқықтық жағдайына төн белгі болып бір ведомствоға - Қазақстан Мемстандартына бағынуы табылады. 
Нарықтың қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері атқаратын қызметтерінің негізін анықтайтын заң баптарына өз өсерін тигізді. Жоғарыда айтып өтілгендей, шетел тәжірибесінде кәсіпорындардағы метрологиялық қызметтердің («өнеркәсіптік метрология») құрылымдың бөлімшелері ңызметінің мәселелері заңдылық метрологиядан сырт шығарылған, ал олардың қызметі экономикалық әдістермен ынталандырылады. Қазақстанда бүгінгі таңда өнеркәсіптік метрологияға қатысты заңдылық ережелері сақталынған. 
Мамандардың айтуынша, уақыт өте келе мемлекеттік басқару органдарындағы метрологиялық қызметтер ту-ралы Заңның ережелері өз маңыздылығын жояды, өйткені басңарудың салалың органдарының әлсіреуі және тәуелсіз заңды тұлғалар санының өсуі байқалуда. 
Экономика дамуының қазіргі кезеңі Заңның кейбір ережелерінің жүзеге асырылуында қиындықтар туындатып отыр, осыған байланысты заңдылық ережелерінің жетілдірілуі, нақтылануы қажет болып отыр. Сонымен қатар үш себеп бойынша өлшеулердің қазақстандық жүйесін заңдылық бекітуді талап етті: 



  • өлшеуді жүргізу кезінде аспаптарды немесе әдістемелердің дұрыс емес пайдаланылуы технологиялық үде-рістердің бұзылуына, энергетикалың ресурстардың жоғалуына, ақауларға, төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін;



  • өлшеудің дәл нәтижелерін алу үшін көп шығындар кетеді. Экономикасы дамыған елдерде өлшеулерге ЖҮӨ-нің 6%-ы жұмсалады;



  • экономиканы басқарудың орталыңсыздандырылуы метрологиядағы құрылымдың өзгерістердің қажеттілігін туындатады.

Заң Қазақстанда шетелдік өлшемдердің ұлттық жүйесімен өзара қарым-қатынас жасай алатын жаңа өлшем жүйесін құруға негіз болады. Ол, ең алдымен, сынақ пен сертификаттау нәтижелерін өзара келістіру үшін және әлемдік төжірибе мен метрологиядағы жаңа тенденцияларды пайдалану үшін қажет. Олардың кейбіреулері Заңда ескерілген. Осылайша, ескірген түсініктер мен терминдер ауыстырылған, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жүйесі өзгертілген: мемлекеттік және ведомстволық салыстырып тексеру орнына және заңды тұлғалардың аккредиттелген қызметтеріне бірегей өлшем құралдарының аттестациясы енгізілген. Аккредиттелген мет-рологиялық қызметтерге қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі жаңа жағдайларға ең жоғары дең-гейде жақындатылған.


Мемлекеттік органдармен баңыланбайтын өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған калибрлеудің қазақстандық жүйесі құрылды. 
Сондай-ақ, метрологиялық қызметті лицензиялау институты енгізілді, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты. Лицензиялау туралы ереже мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға кіретін аумақты қамтиды. Лицензияларды беру құқығы тек қана Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына берілген. 
Мемлекеттік метрологиялың қадағалау саласында қадағалаудың жаңа түрлері енгізілген: тауарлық операциялар кезінде иеліктен шығарылған тауарлар санын қадағалау, тауарларды бумалау жөне сату кезінде кез келген бумадағы тауардың санын қадағалау. 
Жаңашылдың болып мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың таралу аясының банктік, пошталық, кедендік операцияларға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді міндетті сертификаттауға дейін кеңеюі табылады. 
Заң Өлшем құралдарының метрологиялың нормалар мен ережелерге, сондай-ақ өлшем құралдарының калибрлеу жүйесінің талаптарына сәйкестігін ерікті сертификаттау жүйесін енгізді. Бұған себепші болған мемлекеттік метрологиялың бақылауға жатпайтын аяларда өлшем бірлігін сақтау мәселесі ғана емес, сонымен қатар өлшем құралдары паркін қүру бойынша қызметтің сапасы мен тиімділігін көтеру қажеттілігі жөне өлшем құралдарын пайдаланушылардың мүдделерін қорғау болды. 
Өлшем құралдарын ерікті сертификаттау жүйесі Мемстандарт пен Мемлекеттік реестрде (тізілімде) тіркеледі. Жүйеде қолданылатын барлың нормативтік құжаттар халықаралың ережелермен және нормалармен үйлестірілген. 
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң метрология саласында халыңаралық өріптестік үшін құқықтық негізді нығайтады, оның ңағидалары келесідей: 



  • халықаралық келісімді міндеттемелердің басымдылықтарын қолдау;



  • Қазақстанның ДСҮ-на кіру процесіне ықпал ету;



  • екі жақты және көп жақты сыртңы экономикалық байланыстардағы техникалық кедергілерді жою мақсатында сынақтан өткізу, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара мойындау үшін жағдайлар жасау.

Қабылданған Заң орындалу үшін ҚР Үкіметі 1997 жылы бірнеше құжаттарды қабылдады: «Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтар туралы ереже», «Заңды тұлғалар мен атңарушы биліктің федералды органдарының метрологиялық қызметтері туралы ережені бекіту тәртібі», «Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу тәртібі», «ҚР қорғанысты метрологиялық қамтамасыз ету туралы ереже».


Бұл құжаттар көрсетілген Заңмен бірге Қазақстандағы метрология бойынша негізгі құқықтың актілер болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет