М.Әуезов «Ақын қонақтар»
(«Абай жолы» романынан )
Автор Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен.Қол аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді,биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде,үлкендік жоқ. Толық балғын емес. Сидиып арықтап,құр созылған сияқты.Күн көрмей өскен реңі солғын,бойшаң ғана өсімдік бейнелес. (Абай шығады)
Бұрын қара болушы еді.Бетінің қызылы да бар еді. Қазір де қаладан қайтқандықтан және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған.Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да-ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп, өзінше үйлесті.
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі, басқа бір ермек,бөлек бір дос тапты.
Онысы -әсіресе әжесі. (Әжесі шығады)
Одан қала берсе,шешесі. (Шешесі шығады)
Абай биыл ғана анық бағалады.Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді қып,қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда, бір күн кешке ұйықтай алмай жатып,әжесінен әңгіме айтуды сұраған. Сонда ол ойланып отырып:
Әжесі -Е-е...Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен...
Автор Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұраганда әжесінің тізесінен ақырын қағып:
Абай -Е-е...Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?
Автор Әжесі әуелде көп көп ертегілер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», бәрі де айтылды.. Бір күні кешке:
Абай -Әже, ертегі айтып берші!
Әжесі - Жарайды,ендеше мен саған «Құламерген» ертегісін айтып берейін. Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен....Құламергеннің алтын шашты сұлу әйелін мыстан кемпір ханға мерген аңға кеткен күні хан әскерлерімен бірге апарып береді. Мерген соңдарынан барып,хан әскерлерін қырып тастайды.әскер ішінде мыстанның тазша баласы да болады. Мыстан енді мергеннен өш алудың жолын іздейді.бірақ мерген оны да сол көзінен атып,мыстан жерге құлап өледі. Құламерген мыстанның желмаясын жетектеп еліне келіп, қызықты дәурен сүреді.
Сондай шеше әнгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонды. Бірі-қартаң,бірі-жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауда келіп,осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш-Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы.Қасындағы қартаң кісіні Абай өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен.
Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап жымиып:
Ұлжан -Ал,балам,әжең мен екеумізді қажай беруші едің,әңгіме –жырдың дүкені міне , жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын!
Автор Шоқшалау ғана ақ сақалы бар келбетті келген, зор дауысты ақ сары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.
Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ,ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты.
Барлас -Е, балам, «шешенің судай төгілген,тыңдаушың бордай егілген» дегендей,сөйлеуді де,тыңдауды да сүйген ел- ел-дағы.Тыңдауға өзің жалықпасаң,айтуға Байкөкше жалықпас!
Автор Барлас жас жолдасына қарап күліп қойды.
Үй іші тегіс қош алған соң,екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады.
/Барлас «Қобыланды батыр» жырын айтып береді./
Абайдың қазақ аузынан да ,кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу,ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта :
Абай - Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен!?
Автор бағанадан бері өзін сүйіндірген ақынның атын білмек еді.
Барлас -Әріден келе жатқан деседі- ау,балам
Автор Анығын Абай біле алмайды.
Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермеді.Бұл уақыттарда жас бала : Барлас,Байкөкшемен біржолата дос,жақын боп алды. Бертін келе түнде ол Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Мұның ұғымтал зеректігіне қатты ырза боп,шын сүйсінген Барлас бір оңашада,жай ғана тақпақтап:
Барлас Шырағым, ер жетерсің ,
Ер жетсең сірә не етерсің,
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң шыңға жетерсің,-
деп кеп Абайға домбырасын ұсынады.
Барлас - Міне,балам,осы менің батам болсын.
Автор Абай ыңғайсызданып қысылды да, үндемеді.Бұл «Барластар ертең жүреді» деген түнде , ас алдында болған сөз еді.
Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп ,жүрерге тақағанда ,Абай шешесін тысқа шақырып алып:
Абай -Апа,екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыршы!
Автор Ұлжан үндеген жоқ.
Қонақтар қымыз ішып болып, енді қоштасарға келгенде Ұлжан Барласқа қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді. Қонақтар іркіліп қалған еді.
Ұлжан - Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар.Қадамы құтты қонақ болдыңдар!
Автор Абай шынында да дәл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан құлан таза боп арылғандай,нық бір қайрат жиып алғандай сезді. Шешесі үндемесе де,ашып айтпаса да, «білгіш,танығыш,сыншы» сияқты көрінді.Ол бөгелсе де сөзін бітірген жоқ-ты.
Ұлжан -Тағы да келе жүріңдер.Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер.Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста біраз азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза, қош боп аттаныңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |