М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕН АБАЙ»
Тақырыптың өзектілігі: Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай – қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Абай халықтан сарқылмас
нәр алды. Ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік. Абайды әр жаңа ұрпаққа, әр пендеге қала берді, бүкіл адамзатқа жақындастыруға қадам жасау – әр қазақтың борышы деп білеміз.
Мақсаты: 1.Абай Құнанбайұлының өмірбаянын, шығармашылығын зерттей
отырып, адамзат тарихында алатын орынын анықтау.
2.Абайдың адамгершілік ұстанымын, өнегелі өмірін және шығармашылығын ашып көрсету.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Жинақтау, талдау, аудару, ақпарттық көздерге
шолу жасау.
Зерттеу нәтижесі: Абай атамыз адамның бойында ақыл да, қайрат та, жүрек те болу керек
деген. Дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Асыл сөзді іздесең, Абайды
оқы, ерінбе, адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге!»- дегендей, келешек ұрпаққа Абайды
оқу барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз екені айтылады.
«Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық» ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев
«Қаза болған адам үйіне, жаназаға мүмкін қадарынша халық аз жиналсын. Мәйіт шыққан үйге көп адам келіп-кету болмасын. Ол үйде ас ішу, халыққа тағам тараттыру, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқталсын! Көп молда, шәкірт, мәзін, қарилер бұдан былай осы махаллада барлық ауырып өлген адамдардың үйлеріне қаптап барып, басқа үйлерге және қаптап жүрулерін тоқтатсын».
Абай Құнанбайұлы
М.Мақатевтың өмірлік жары Лашын Әзімжанова Абай атамыздың қалың елі қазағына тіпті обаға қарсы күресте де, індеттен аман қалудың тура жолын сілтегенінен үзінді: «Ұлы ақын Қырманшы атамызды жақсы қарсы алады. Абай үнемі оқып отырады немесе өлең жазып отырады. Төңірегіндегілерге сол оқыған кітаптарынан әңгіме айтады. Оқу-білім туралы, дін туралы сөз қозғайды. Кейде медицина туралы да әңгіме айтылады. Қазақ халқы көп оқымаған, бір-біріне жаны ашығыш, төзімді халық. Осындай мінезінен кейде өрескел қателер жіберіп алады. Мысалы: сүзек, оба, тырысқақ, шешек деген өте жұқпалы аурулар бар. Солардың жөнін білмей, бір-біріне жаны ашып жүріп, ауруды қалай жұқтырғанын сезбей қалады. Осындай жайдан бүкіл ауыл адамдары қырылған уақыттар болған. Сондықтан әрбір ауруға өте сақтықпен, жайлап, ойлап араласу керек. Ауру тым қабынған жағдайда ол маңға аттап басуға тыйым салу қажет, — деп әңгіме арасында ескертіп отыратын көрінеді. Ауылда індет тарағанда Абай ақынның айтқандары есіне түседі. Үйінен ешкімді далаға жібермейді, даладан ешкімді үйге кіргізбейді. Бір келіні ғана бірбеткей, өте өркөкірек екен. Сол келін бой бермей далаға шығып кетеді. Ол үйге қайтпайды. Сол ауру— оба ауруы екен. Сол бүкіл ауылдан Қырманшы атамның отбасы ғана (бір келіннен басқасы) аман калған».
Сол ауру— оба ауруы екен. Ауылдан бір әйел отын көтеріп келуге кет
Адамзат тарихының өн бойында әртүрлі инфекциялар орасан зор
зиян келтіргенін ұмыту қиын. Пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы аурудың таралуы.
2019 жылы басталған пандемия тарихтағы алғашқы індет емес. Инфекциялар тұтас
бір халықтарды жойып, көптеген адамдардың өмірін қиғаны тарихта қара
әріптермен жазулы тұр. Пандемияның шығыны тіпті соғыстардың құрбандарынан да
көп болған. Адамзат өркениеті дамыған тұста пандемия бұрынғымен салыстарғанда
недәуір жылдам тарап, көп адамның өмірін жалмауы мүмкін. Өйткені әлем
халықтарының бір-бірімен байланысы артып, бір қаладан не мемлеккеттен екінші
елге жету тез бола түскен. Ауру ошағында үрейленген адамдар тез арада басқа
жерге кетуге тырысып, вирустың жылдам таралуына себеп болады. Әлі күнге дейін
пандемия бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін қиып жатыр.