Минералдардың физикалық қасиеттері



Дата22.12.2022
өлшемі447,95 Kb.
#58916

Сапар Байтұлжан НГД 20-01
Минералдардың физикалық қасиеттері
Минералдарды зерттеп, сипаттап, атын анықтау үшін олардың физикалық қасиеттерін зерделейді. Минералдардың физикалық қасиеттеріне оның түсі, түс сызығы,кристаллдарының пішіні, мөлдірлігі, қаттылығы, тығыздығы, жымдастығы, бөлінуі, жылтырлығы, өткізгіштігі және т.б. жатады.
Минералдардың кесек күйінде түсі.Минералдардың көбінің атауы олардың түсіне байланысты берілген. Мысалы, гематит - гематико (грек тілінен) - қан сияқты; рубин - рубар (латын тілінен) - қызыл, альбит - альбус (латын тілінен) - ақ.
Минералдар түсі әр түрлі болуы мүмкін. Ол химиялық құрамының, құрылысының ерекшеліктеріне, олардың ішінде химиялық және механикалық қосындылар болуына байланысты, басқа қасиеттерін өзгертпей, түсін өзгертуі мүмкін. Сондықтан бір минералдың әр түрлі түсі болуы мүмкін. Мысалы, корунд - ақ, сары, жасыл, көк, қоңыр және қызыл түсті болады.
Сонымен қатар әр түрлі минералдар бір түсті болуы мүмкін (қызғылт гипс және қызғылт галит). Минералдардың түсі көбінесе тұрақты белгі болып саналмайды, бірақ кейбір минералдар үшін бұл өте тұрақты қасиет. Мысалы, малахиттың түсі әрқашанда жасыл, киноварь – ашық қызыл немесе ақшыл қызыл және т.с.с. Түсті минералдың жаңа сынығында байқау керек, өйткені бұзылу әсерінен түсі өзгеруі мүмкін.

РУБИН ГЕМАТИТ АЛЬБИТ
Минералдың сызықтағы түсі (ұнтақ түсі). Минералдардың кейбіреулерінің ұнтақ күйінде түсі кесектегіден басқаша. Минералдың ұнтақтағы түсін анықтау үшін оны ұнтақтамай-ақ, оның сызықтағы түсін анықтаса болады. Яғни, жылтырлатылмаған фарфор пластикаға минералмен сызу керек. Мысалы, пириттың түсі қызыл- ұнтақта қара, гематит кесекте қара, ұнтақта шиелі-қызыл. Көп жағдайда сызықтың түсі минералды анықтау үшін өте сипатты белгі, сондықтан бұл белгіге назар аудару қажет.
Мөлдірлік – минералдың жарық өткізу қасиеті. Мөлдірлік қасиетіне байланысты минералдар осылай бөлінеді:
Мөлдір – жарықты жақсы өткізеді (тау хрусталы, кальцит, галит), минерал арқылы басқа заттар көрінеді;
Жартылай мөлдір – жарықты ішінара өткізеді, олар өте жұқа пластикаларда мөлдір (опал, халцедон);
Жарықты шала өткізетін –жарық сәулесін сәл ғана өткізеді, олар тек қана жұқа шетінде ғана мөлдір болады (дала шпаты).
Мөлдір емес- жарық өткізбейді (пирит, графит, магнетит). Минералдың мөлдірлігін анықтау үшін оны жарыққа қаратып ұстайды. Мөлдір минералдар арқылы жазуды оқуға болады, жартылай мөлдір минералдар арқылы тек қана жарық көрінеді, бірақ жазу оқылмайды;

Мөлдір(кальцит) Жартылай мөлдір Жарықты шала Мөлдір емес
( Халцедон) өткізетін (дала шпаты) (графит)

Минерал қаттылығы – минералдардың сыртқы механикалық әсерге қарсы тұру дәрежесі. Минералдардың салыстырмалы қаттылығын бағалау үшін арнайы минералдар жинағын қолданады. Бұл минералдар жинағы Моос шкаласы деп аталады.
Оның ішінде әр түрлі қаттылықты 10 минерал бар, олар 1-ден 10-дейінгі ұпаймен белгіленеді (1-кесте). Алмаз - ең қатты минерал, ол тальктен 4000 есе қатты.
Қаттылықты анықтау үшін берілген минералдың таза жерін Моос шкаласындағы минералдың үшкір шетімен тырнайды. Егер Моос шкалаласындағы минерал берілген минералдан жұмсақ болса онда ол өзі үгіліп, із қалдырады. Ал, Моос шкаласының минералымен зерттеген минерал біріне-бірі анық тырналған сызық қалдырса олардың қаттылығы тең болып есептеледі.
Моос шкаласының минералдарының жиынтығы қолда жоқта қаттылықты анықтау үшін әр түрлі нәрселерді қолдануға болады. Мысалы, графит-1, тырнақ қаттылығы 2,5-ға тең, шыны 5-5,5, құрыш пышақ 5,5-6, тау хрусталы -7 ұпайға тең.
Минералдардың суда еруі. Барлық минералдар суда ерімейтін (кварц), аз еритін (кальцит, доломит, гипс) және жақсы еритіндерге (галит, сильвин, селитра) бөлінеді.
Иісі. Кейбір минералдарда өзіне тән иісі болады: пиритке магнезитке күкірт- қышқылды газдың иісі тән; фосфориттерді бір-біріне үйкелегенде күйген сүйектің иісі пайда болады.
Жануы. Барлық минералдар жанатын (күкірт, янтарь) және жанбайтындарға бөлінеді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет