Мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек



Pdf көрінісі
Дата11.05.2023
өлшемі379,98 Kb.
#91904
түріҚұрамы


Орындаған: 
Бақтыбай Зарина
Тобы:Қтә201
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университеті
2022-2023 оқу жылы
Вариантты сөздер 


Вариантты сөздер — ұқсас тілдік бірліктердің жарыспа
қатарлары немесе лексикалық бірлігінде өзгешелігі жоқ,
бірақ морфемдік құрамы ұқсас сөздер. Вариант
құбылысын әдеби норма қырынан қарастырар болсақ,
вариантты сөздер қолданылу аясында синоним сияқты
өзгеріске ұшырамайды. А.Айғабылұлы вариант сөздердің
төмендегі жасалу жолдарын ұсынады:
1. Дыбыстардың алмасуы арқылы жасалады: томпай —
томпый, айқай — айғай, міне — міні, бұны — мұны.
2. Метатеза жолымен жасалады: есіт — есті, керік —
кергі.
3. Қыстырма дыбыс қойылу арқылы жасалады: иеле –
ие(м)де – иемде, иік – и(л)ік-илік, емізік — еміз(д)ік.
4. Дыбыстардың түсірілуі арқылы жасалады: суғар-
суар, тарқа-тара.
5. Төл сөзімізбен мағыналас басқа тілден енген сөздер
арқылы жасалады: Әтеш-қораз. Мұндағы қораз сөзі иран
тілінен енген.


Ұқсау-ұсау, гөрі-көрі, түңлік-түндік, азар-әзер,
қазір-кәзір, сайтан-шайтан, мысық-мышық т.б.
вариант сөздердің тұлғаларында айырмашылық
бар, бірақ мағыналары сырттай синонимдерге
ұқсас. Синонимдік қатардағы сөздердің
мағыналарында аз да болса реңктік, не стильдік,
не эмоционалдық ерекшеліктері болады. Ал сөз
варианттарында мұндай ерекшеліктер
болмайды. Дегенмен вариант тұлғалардың
кейбірі жүре келе мағыналық жағынан
сараланып, стильдік реңкке ие болып, мүлдем
бөлек ұғымды білдіретін жағдайы да болады.
Мысалы: айғай-айқай (айхай- айһай / ойхой /
ойһой). Сөз варианттарының фонетикалық,
морфологиялық, грамматикалық, лексикалық
түрлері бар.


 
1. Фонетикалық вариант дегеніміз дыбыстық
құрылымы әртүрлі болып келетін бір сөз:
ештеме / ештеңе / ештеңке; сөйтіп /сүйтіп.
2. Морфологиялық варианттар – түбірлері
сақталып, тек қосымшалары ғана әртүрлі болып
келетін сөз варианттары жатады: даяр /дайын;
тырысқақ / тырыспа (ауру аты) т.б.
3. Грамматикалық вариант түбір сөзге
қосымша қосылу арқылы, екі түбір сөздің бірігуі
немесе қосарлануы арқылы жасалған сөз
варианттарын жатқызамыз. Мысалы: інжу /
інжугүл / ландыш; боз/ бозаң / бозшөп.
4. Лексикалық мағынасы бірдей, бірақ
тұлғалары мүлде бөлек сөздерді лексикалық
вариант дейміз, олар әртүрлі түбірлерден
жасалады. Мысалы: құлақшын / малақай т.б.
 
 


 Лексикалық варианттар мынадай жолдар арқылы пайда
болады:
1) Əртүрлі мотивке (уəжге) байланысты қалыптасқан
варианттар: жолжелкен (уəжі-өсетін жері) /мыңтамыр
(тамырының көптігі) / қызылтамыр (түсі) /қырықбуын (буын
саны).
2) Шығу көзі əртүрлі болып келеді: қауын (əдеб) /діңке
(жерг.) т.б.
3) Кірме сөздер бұрыннан бар атаулармен жарыса
қолданылады; құдай (пар.) / алла (ар.) /тəңір (қаз.) т.б.
Вариантты сөздерді тілдік норма тұрғысынан реттеп, бір
жүйеге түсіру тілімізді ала-құлалықтан сақтауға жəрдемдеседі.


Варианттылық құбылысын динамикалық қасиетімен, семан
тикалық, функционалдық тұрғыдан саралану үрдісімен
байланысты екі типке бөліп қарастырады:
1. Семантикалық жақтан саралану фазасындағы варианттар:
Тамақ/тағам – тамақ (тамақ ішті), тағам (тағам әзірледі);
арнаулы/арнайы – арнаулы (арнаулы оқу орыны), арнайы
(арнайы келді);
2. Функционалдық жақтан саралану фазасындағы
варианттар:
Болып/боп – болып (бейтарап) – боп (сөйлеу тілі), тең
жарымы/ тең жартысы – тең жартысы (бейтарап), тең
жарымы (сөйл.), келді білем/келген болу керек – келді
(бейтарап).
Тілдік бірлік варианттарының тағы бір типіне сөздердің
тұлғалық ерекшеліктері жатады: алғашында – алғашқыда,
жаңғыз – жалғыз, түгендеу – түгелдеу т.б. жарыспалы сөздер
жатады. Бұлардың жетекші сыңарын айқындап, біріне
басымдылық беруде олардың тұлғалық типтестігі сияқты
ерекшеліктеріне назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет