Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117
Лимбиялық жүйе – (лат. limbus – жиек) деп мінез-құлықтың эмоциялық-
меселдік құрамбөлігін қамтамасыз ететін орталық ми, аралық ми және соңғы 
мидың әртүрлі құрылымдарының әрекеттік бірлестігін айтады. 
Лимбиялық жүйенің құрылымдық бірлігіне қарайды – иіс сезу баданасы, 
иіс сезу төмпешігі, мөлдір қалқа, гиппокамп, парагиппокамп қатпары
миндаль тәрізді ядролар, алмұрт тәрізді қатпар, тісті және белдеуше 
қатпарлары, гипоталамустың емізікше денелері, таламустың алдыңғы 
ядролары. Қазіргі кезде оның құрамына жаңа ми қыртысының кейбір 
бөлімдерін жатқызады. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның 
аса күрделілігін көрсету үшін американ ғалымы П. Мак-Лин (1952 ж.) оларды 
бір лимбиялық жүйеге біріктірді. 
Лимбиялық жүйенің негізгі қызметтері: 
1) күрделі туа біткен мінез-құлық жиынтығы – инстинктердің (тағамдық, 
жыныстық, қорғаныстық) қалыптасуына қатысуы; 
2) түрлі вегетативтік және ішкі ағзалардың қызметтерін реттеуі (жүрек соғу 
жиілігі, тыныс жиілігі, ішек қимылы, шайнау, жұту қимылдары, сілекей 
бөлінуі және т.б.);
3) ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететін іс-әрекеті мен эмоцияның 
қалыптасуына катысуы (Пейпец шеңбері); 
4) қысқа және ұзақмерзімді зерде механизмдерінің қалыптасуына қатысуы 
(гиппокамп); 
5) иіс сезу қызметінің орындалуына қатысуы; 
6) шартты рефлекстерді тежеу, шартсыз рефлекстерді күшейтуі; 
7) сергектік-ұйқы оралымының (цикл) қалыптасуына қатысуы. 
Лимбиялық жүйенің аса маңызды құрылымдарына жатады: 
1) гиппокамп. Оның зақымдалуы ақпаратты өңдеу, есте сақтау үдерістерінің 
бұзылуына келтіреді, эмоцияның белсенділік дәрежесін төмендетеді
жүйкелік серпіндер жылдамдығы бәсеңдейді. Гиппокамптың кейбір жерін 
тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл 
жасау нмесе қорғаныс қимылдарының күшеюі байқалады. 


2) миндаль (бадамша) тәрізді ядролар. Олардың зақымдалуы үрейдің 
жойылуына, қатты озбырлық (агрессиялық) мінездердің тоқталуына 
келтіреді. Оларды тітіркендіргенде – тыныс алу, жүрек –тамырлар және 
асқорыту жүйелерінің қызметтеріне парасимпатиқалық
әсерлер байқалады.
3) иіс сезу баданасы мен иіс сезу төмпешігі. 
Гиппокамп арқылы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, маңдай 
бөлімдерімен байланысады. Сөйтіп лимбиялық жүйе ескі құрылым 
болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен 
қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру 
жұмыстарына қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет