Міржақып Дулатұлы және әдебиеттегі күрескерлік сарын



Дата06.01.2022
өлшемі12,92 Kb.
#13755
Байланысты:
39сурак


Міржақып Дулатұлы және әдебиеттегі күрескерлік сарын

ХХ ғасырдың басында қазақ даласы күрескер азаматтарға зәру еді. Осы тұста елдің ертеңі үшін бар күш-жігерін жұмсап қызмет еткен тұлғалардың бірі – Міржақып Дулатов. Келешек ұрпақ егемен елде өмір сүру үшін өз өмірін қысымда өткізуге бел буды. Шұрайлы жерінен, сес көрсетер қаруынан, басындағы билігінен айрылған, қара түнекке бет алған елін орыс бодандығынан арашалап алмақ болды. Халықтың санасына әсер етсе, елдік ойлау жүйені қайта қалпына келтірсе қазақ елінің қандай болмасын бұғауды жеңіп шығатынына сенді. Осы мақсатына жету жолында көптеген қиыншылықтарына қарамастан ел арасындағы «ояту» шараларын жүргізіп, жалпы жұртты сауаттандырудың ауқымын кеңейтті. Жалпақ жұртты бірауыздан бірігіп, мектеп-медресе салуға шақырды. М.Дулатовтың ұлт санасына сіңіруге тырысқан құндылықтары қазақ халқымен мәңгі бірге жасайтын қасиеттер. Ол аңсаған сана егемендігі тәуелсіз заман туса да әлі де толық жүзеге асқан жоқ. Автордың еңбектері, «Оян, қазақ!» концепциясы осы олқылықтың орнын толтырар құнды қазына.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет