Аяз би ертегісі бойынша тестік жұмыс
1.Уәзірлер құстың жаманы деп қырғауылды қандай белгісіне қарап таңдады?
А) бірлігі жоқ, адам пайдасына жарамайтын арам құс, екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған.
Ә) Жүні жоқ болса да,
қанаты бар, адамның пайдасына жарайтын адал құс
Б)үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен
2. Адамның жаманын қалай таңдады?
А)үстінде жыртық тоны бар, 15 шақты қойды бағып жүрген
адамды таңдайды
Ә)астына мінген атына қарап б) сөйлеген сөзіне қарап
3. Шөптің жаманы деп шеңгелді алу себептері не?
А) отқа жақсаң, отқа жанбайды, үрлесең жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап, үйдің
ішін алып кетеді
Ә)Өзі – тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді
Б)отқа жағуға да жарамайды, мал да жемейді, арасынан жүрсең
киім жыртады
4. «Апыр – ай, сен жаман болсаң жарар еді» деп ханның күдіктенуіне не себеп болды?
А) Жаманның оған атының бойындағы мінін тауып айтуы
Ә)құстың, шөптің, адамның жаманын дәл тауып айтып, оған ханның көзін жеткізуі
Б) қорықпай, ханның көзіне
тіке қарап сөйлегенінен
5. Меңді сұлу неліктен жаманды басқалардан артық санады?
А) жасы үлкен адам болған соң, ақылды деп санады
Ә) қыздың беріп жіберген қайрағын төске қойып, балғамен ортасынан бөліп,
тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қыздың жұмбағын ашқаны үшін
6.Хан жаманды Барсакелмеске не үшін жұмсады?
А) хан Жаманның әйелінің әдемілігін, ақылдылығын көріп оның әйелін өзі алғысы келгені үшін
Ә) Қымбат теріден тон кигісі келіп
Б) уәзірлері жаманды жек көргені үшін, сол уәзірлерінің көңіліне қарап
7. Уәзірлердің білместіктерін хан қалай мойындатты? А)
оларды аңшылыққа жұмсады
Ә) «жау шапты, ел бүлінді, апат соқты. Осыны ойлап табыңдар. Болмаса, жазалаймын» - деп жұмбақ айтуы арқылы
8. қырық уәзірі жабылып бір Жаманға татымайтындығы неліктен. Мысалмен жаз
9. «біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақалдың мағынасы қандай?
А) ешқашан да біреуге жамандық жасама,
өзіңнің басыңа келеді
Ә) қазылған құдықтың жанына барма, байқамай түсіп кетуің мүмкін