Мырзалы молда



Дата14.10.2023
өлшемі16,75 Kb.
#114295
Байланысты:
МЫРЗАЛЫ МОЛДА


МЫРЗАЛЫ МОЛДА

«Қараспан» кеңшарына қарасты «Социализм» бөлімшесінде тұрған Сүйіндік атадан тараған Мырзалы молда қазақ шежіресінің жілігін шағып, шатастырмай жіпке тізіп айтуға келгенде барынша білгір қария болды.


Жандербіс атаның құтты қонысы мен жайлауын, қыстауын түгелдеп айтатын. Құлшық ата туралы сұрағанымызда қысқы қыстауы «Жыңғыл-Шығанақтан» көшіп, мал төлдетуге Бөршекке барады. Ол кезде Бөршектің күнбатыс бетінде екі бұлақ болған екен. Төменгі сайында бұлақтың суы жиналып көлге айналған. Көлдің желкілдеген көк қамысында төлдеген мал жайылып жайлаудың ажарын ашқан. Көп ұзамай көштін беті шөбі шалғын, жан-жағы жазира, қоңыраулы малды өңір беті Байшаға бұрған. Арада екі ай өтпей аяққа тұрып, әлденіп алған, шипалы шөппен жонданып, жұмырланып қалған мал Бақырша бетке бұрылады. Күзгі күйекке дейін шіліңгір шілдеде ыстықтың аптабынан шыққан мыңғырған мал Қабылсайға барып күйекке түседі. Ол заманда Қабылсайдағы жердің оты соншалықты құйқалы болған қалың шөптен қозы-лақ жүре алмай теңіздің терең суына түскендей теңсеріп тұрады екен. Малдың жайын жасап, жағдайын ойлаған ата-бабамыз төрт рет қоңыс аударып барып, қысқы қонысы Жыңғыл-Шығанаққа келіп қыстың қамына кіріскен. Соғым сою науқаны жарты айға созылады, осы жарты айда соғым сойып болу керек. Өйтпесе қантардың 22-сі күн мен түн теңелгеннен кейін қатты аяз басталады. Ет пен терінің арасын аяз алып, мал арықтай бастайды. Сондықтан аталарымыз қантар айын осы қарбаласты ескере отырып «сапар айы» немесе «соғым айы» деп атайды. Ал енді малы жайғасып, соғымы сойылып, жем-шөбі қамданып болғаннан кейін, көңілі тоқ шат-шадыман ағайын, соғым басқа шақыруды бастайды. Міне бұл ата-бабамыздың көңілді кеңге салып, аяқты созып бірер айға созылатын қысқы мейрамы болатын.
(жалғасы бар......)
Бір кездесуде Мырзалы молдадан «Көтібақ»-деген атамыз бар екен, олар кімдер және неге олай аталған деп сұрадық? Мама атаның екінші ұлы Нұрман қайын жұртында еркеккіндікті болмаған соң қайын атасының өтінішімен біраз жыл тұрақтап қалған екен. Шаруаға бейім, мінезі жағымды, қайын жұртына жұғымды болған Нұрманға қарасты мал тез арада өсіп-өніп көбейе бастайды. Көп малға жайлау тарылып, бөтен жұрттың көңіліне жақпай жұрген соң, Нұрман күйеу қайын атасына «еліме барып қосылайын, Сіздің ел бөтендігімді бетіме басып, сөз қыла бастады» дейді. Қайын атасы батасын беріп, күйеу баласы мен қызына алғысын айтып, шығарып салады. Мыңғырған малды айдап, еліне оралған Нұрманды ағайындары қуана қарсы алып жылы қабақ танытқанымен, көп ұзамай «туысқан адамбыз ғой, неғылар» дейсің деп, өз ағайындары жұлмалап бірін сұрап, ал енді бірін сұрамай-ақ таратып ала бастайды. Ағайынның бұл әрекетіне шыдамаған Нұрман әкесіне келіп «бар болса көре алмайтын, жоқ болса бере алмайтын ағайыннан әбден мезі болдым, амалым жоқ қайын жұртыма қайтайын» депті. Сонда Мама ата «қайын жұртың бақ болып, жолығып еді, барсаң бара ғой, көт жағың бақ еді ғой» -деп шығарып салған екен. Анығында айтылған сөз, келген жағың, артқы жағыңда бағың болды деген мағына береді.
Енді бірде, Мырзалы молдадан «Келес батыр деген кім, ол атамыз қандай батырлықпен аты шықты?» деп сұрадық. Ол кісі бізге, кәзіргі «Задария» кеңшарының жеріндегі Босаға жайлауында ертеректе біздің аталарымыз отырады. Сондағы суы мол, терең құдықтың басына көлеген руынан Дайрабай деген дәу шығып мал суғаруға келген бірлі-жарым қойшылардың қолдарын қайырып, бастарын жарып, шат-шәлекейін шығарып, мазақ етеді. Бұл оспадарсыз әрекет екі үш айға созылады. Ескерту жасап, есін жиюға шақырған үлкендерге де күш көрсетіп, әлімжеттігі асқына береді.
Орынбай атаның немересі Құттыбай ұлы Келес ағайындарының көріп жүрген қорлығына шыдамай, тоғайға түсіп жыңғылдан шоқпар жасап, Дайрабайдың алдына барады. Жалғыз келе жатқан адамды көзге ілмей, қапысыз тұрған Дайрабай қарсы алдына келген бозбаладан «неғып жүрген адамсын» дей бергенде Келестің артына жасырып ұстаған шоқпары маңдайдан тиіп, басы жарылып жан тапсырады. Осындай төтен тірлігі мен батыр әрекеті арқылы аты шыққан Келеске ағайын-туыс «батыр» деп ат береді. Келес батыр болса Сырдария арғы бетіндегі Мұрын-Қараққа барып нағашыларын паналайды. Ағайын көлегендерге айыбын төлеп Келесті құтқарып алыпты
Сағынбек Жолбарысхан
ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет