Мобильді байланыс желісі



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі179,26 Kb.
#12273
  1   2   3   4
Байланысты:
(Беспровод)13(1) Мобильді байланыс желісі


Мобильді байланыс желісі
Ұялы  байланыстық желісінің пайда болуы радиотелефон байла-ныс жүйесінің эволюциялық дамуының ұзақ периоды себеп болды. Ұялы байла-ныс идеясы қозғалмалы радиотелефон жүйесінің жиілік жолағына шектеулі ену шарты бойынша желінің кең даму қажеттілігі негізінде ұсынылды.

40-шы жылдардың ортасында АТ&Т америкалық компаниясының Bell Labs зерттеу орталығында қызмет көрсететін территорияны кейінірек сота деп аталып кеткен шағын аудандарға бөлу идеясы ұсынылды (cell-ұяшық, сота). Әр сота шек-теулі радиусты қозғалыс пен тиянақталған жиілігі бар таратқышпен қызмет көрсе-тілуі тиіс. Бұл ешқандай бөгетсіз  тура сол жиілікті басқа ұяшықта қолдануға рұқ-сат беретін еді.

Ұялы байланыс жүйесінің даму эволюциясының үш буынын атауға болады: бірінші - аналогтық жүйе, екінші - сандық жүйе, үшінші - мобиль­дік байланыстың универсалды жүйесі.

Аналогтық ұялы байланыс жүйесіне келесі стандарттар жатады:



  • AMPS (жетілдірілген мобилдік телефондық қызмет, диапозон 800 МГц)- АҚШ , Канада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Австра­лия­да кең қолданылады, бұл әлемдегі кең таралған станларт; Ресейде аймақтық стандарт ретінде қолданылады.

  • TACS (қол жетімді байланыс жүйесі, диапазон 900 МГц) – ETACS (Англия) және JTACS\NTACS (Жапония) модификациясымен Анг­лия­да, Италияда, Исландияда, Ирландияда, Австрияда қолданылады; аналогтықтық арасындағы таралуы бойынша екінші орында.

  • NMT-450 және  NMT-900(солтүстік мемлекеттердің мобилдік теле­фо­ны, диапазоны 450 және 900 МГц) – Скандинавияда және басқа да мемлекеттерде қолданылады; таралуы бойынша үшінші орында;

  • C-450 (диапазон 450МГц) – Германияда және Португалияда қолда­ны­лады.

  • RTMS (Radio Telephone Mobile System – мобилдік радиотелефон жүйесі, диапазон 450 МГц) – Италияда қолданылады.

  • Radiocom 2000 (диапазон 170,200,400МГц) – Францияда қолданы­лады.

  • NTT (Nippon Telephone and Telegraph system – жапондық телефондық және телеграфтық жүйесі, диапазон 800-900МГц) – Жапонияда қолданылады.

Ұялы байланыс жүйесінің негізгі сандық жүйесі:

  • D-AMPS (digital AMPS-сандық AMPS; 800МГц және  1900МГц диапазоны)

  • GSM (Global System for Mobile communications – мобилді байланыстың глобалды жүйесі,  900,1800 және 1900МГц диапазоны)−таралуы бойынша әлемде екінші стандарт

  • CDMA(800 және 1900МГц диапазоны)

  • JDC(Japanese Digital Cellular – сандық ұялы байланыс жүйесінің жапондық стандарты

Сандық қозғалмалы ұялы байланыс жүйесін аналогтық жүйемен салыс-тырғанда: абонентке кең ауқымды қызмет көрсетеді және сапалы байланыс жұйе-сін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет