Модернизмнің пайда болу уақытын 1863 жылмен – Парижде өткен бейнелеу өнері саласы бойынша байқауда әділқазылар алқасы қабылдамай тастаған суретшілердің туындыларынан құралған көрменің - "Қалаулы еместер Салонының" ("Салон Отверженных") ашылуымен байланыстырады. (Жұртшылық Салонға, негізінен ресми теріс баға алған туындыларды көріп-сынау үшін, күлкі үшін тамашалауға келетін болған. Ол күндерде әсіресе Э.Маненің "Шөп үстіндегі таңғы асы" ("Завтрак на траве") аяусыз әжуа-мазақ объектісіне айналады).
Өнердегі модерн стилі 19-ғасырдың 80-90 жылдарында толық қалыптасып болды. Ал «Салонның» тіршілігі тоқтаған 1939 жылда тұрмысты қолайлы ете түсуге қызмет көрсетуге кіріскен модернизм өзінің әлеуметтік пафосы мен мәнін жойып өнердегі көп стильдің біріне айналған болатын.