Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері
Орындаған:Мырзағали Тұрар
Тексерген:Төлеген А
1. Қандай болсын генотипі жағынан бірдей, бірақ әр түрлі сыртқы орта жағдайларында өсіп-дамыған организмдердің фенотиптері түрліше болады. Особьтардың осылайша фенотипі жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.
Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі. Реакция нормасыдегеніміз -организмнің түрліше белгілері мен қасиеттерінің сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілі бір шамада өзгере алу қабілеті. Мұндай қабілеттің өзі генотип арқылы анықталады. Реакция нормасын зерттеу үшін генетикалық жағынан біртекті материал алып, оны әр түрлі ортада өсіру керек. Бұл мақсатта өздігінен тозаңданатын өсімдіктің таза сорты немесе адам мен жануарларда болатын бір жұмыртқадан дамыған егіздер алынады. Модификациялық өзгергіштікке мысал ретінде жебе жапырақты келтіруге болады, оның судың бетіндегі жапырақтары жебе тәрізді, суда қалқып жүретіндері жүрек тәрізді, ал судың түбінде болатын жапырақтары таспа тәрізді болып келеді. Сонда жебе жапырақтың генотипінде сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты белгілі бір мөлшерде жапырақтың формасын өзгерте алу қабілеті бар.
Қалыпты таралу- модификациялық өзгергіштік заңы. Өсімдіктердің, жануарлар мен адамның алуан түрлі белгілерінің модификациялық өзгергіштігінің ортақ сипаты болатындығы анықталған. Олар графиктен жақсы көрінеді. Вариациялық қатарды графиктік бейнелеуде қабылдағанындай, абсциссалар өсі бойына белгінің мағыналары, ординаталар өсі бойына олардың кездесу жиілігі салынған.
Белгінің орташа мағынасы бәрінен де жиі кездеседі, ал орташа мағынадан едәуір айырмашылығы бар вариациялар өте сирек кездеседі. Қисық сызық графикте әдетте симметриялы болады
Мұндай таралу заңдылығы тек модификациялық өзгергіштікке ғана емес, сондай-ақ басқа да кездейсоқ құбылыстарға тән. Оны К. Гаусс сипаттаған, сондықтан ол гаустық немесе қалыпты таралу ретінде белгілі. Ол табиғатта өте жиі кездесетіндіктен қалыпты таралу деп аталған.
Модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын білудің өте зор практикалық маңызы бар, өйткені ол көптеген көрсеткіштерді болжай және алдын ала жоспарлай білуге мүмкіндік береді.
Модификациялық өзгергіштік заңдылықтарын білудің өте зор практикалық маңызы бар, өйткені ол көптеген көрсеткіштерді болжай және алдын ала жоспарлай білуге мүмкіндік береді.
Организмнің реакция нормасын генотип анықтайды; әр түрлі белгілер сыртқы жағдайлардың әсер етуінен болатын өзгергіштік шегі арқылы ажыратылады, яғни кеңдігі жөнінен реакция нормасы әр түрлі болады; табиғи жағдайларда модификациялық өзгергіштік бейімделушілік сипатта және бұл мағынада алғанда эволюцияда маңызды болады, ал ауыл шаруашылығы практикасында генотипті жүзеге асыруға оптимальды жағдайлар жасалғанда едәуір жоғары өнімділікке жетуге мүмкіндік береді: математикалық статистика методтары зерттеудің негізгі методтары, ал қалыпты таралу - негізгі заңдылық болып есептеледі.
Мысалы жас баланың қорегіндегі иодтың тапшылығы кретинизмге (физикалық және психикалық дамуының тежелуі), жүкті әйелдің авитаминозы немесе гиповитаминозы жас нәрестеде қасқыр ауызды кемістіктің болуына т.с.с. әкеліп соғуы мүмкін. Белгі қалыпты дамыған кездің өзінде де оның айқын керініс беру дәрежесі әр түрлі болады. Бұл жағдайды генотиптің организмдегі әр белгінің реакция нормасын анықтауға қабілеттілігімен түсіндіруге болады. Реакция нормасы деп белгілердің сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілі бір шамада көріну дәрежесін айтады. Оның өзі генотип арқылы анықталады.
1.Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері. Мысалы, бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың ұзындығы мен енін өлшесек, олардың әртүрлі екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жапырақтардың өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т.б. бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Егер жапырақтарды ұзындығы бойынша ең кішісінен үлкеніне дейін бір қатарға орналастыратын болсақ, бұл белгінің өзгергіштік қатарын көреміз.
2.Вариациялық статистика – (лат. «вариацио»-өзгеру, грек, «статос» - күй) ағзалардың зерттеліп отырған белгінің мәні бойынша (немесе жеке варианттардың) кластарға үлестірілімі. вариациялық қатар екі түрлі мақсатта құрастырылады. Біріншіден, зерттелетін белгінің орта шамалары мен өзгергіштік көрсеткіштерін есептеу үшін, екіншіден, белгінің өзгеру заңдылығын кең көлемде сипаттау үшін. Вариациялық статистика тіршілік өкілдерінің, ауылшаруашылық малдары мен тағы басқа жануарлар мен мәдени өсімдіктер арасында байқалатын өзгергіштік, оларға сипаттама беру зерттеудің арнаулы әдісін керек етеді.
Белгілердің өзгергіштігін зерттейтін арнайы ғылым саласы биометрия («биос»-өмір, «метерео»-өлшеймін) деп аталады. Бұл биология мен математика ғылымдарының жапсарынан пайда болған, оның математикалық негізі – ықтималдықтар теориясы. Биометрия – өзіне тән әдістері, зерттеу тақырыбы бар дербес терминологиясы және бейнелері мен ерекше мәселелері бар, ең бастысы ерекше есептері бар ғылым саласы. Биометрия дегеніміз – биологиядағы топталған қасиеттерге немесе белгілерге математикалық талдау жасайтын ғылым
3.Вариациялық қатарларды құрастыру. Вариациялық қатар деп - қарастырылған жиынтықтағы бірліктердің орналасу заңнамасын көрсететін сандар қатары. Берілген жиынтықта жекеленген варианттар қанша рет кездесетінін көрсететін санды жиілік немесе вариант салмағы деп атайды. Оны р немесе f әріптерімен белгілейміз. Жиіліктің мөлшері берілген жиынтықтың көлеміне тең. ∑p=n мұндағы ∑ - вариациялық қатардың жиілігі, n - іріктелген жиынтықтық көлемі. Вариациялық қатарды табу үшін ең алдымен оның классын анықтау керек, екінші интервалын немесе жиынтықтың минимальды вариантынан максимальды вариантқа дейінгі аралығын анықтайды. Класстық интервалдың ұзындығы жиынтықтың максимальды варианты мен минимальды вариантының айырмасының топ санының қатынасына теңдігімен (К) анықталады: