Пробиркалар – мөлшері аз заттармен химиялық тәжірибелер жасағанда қолданылады (1-сурет). Оларды штативтерде сақтайды (2-сурет).
Пробиркалар әр түрлі өлшемді, әр түрлі шынылардан жасалады, олар жай (қарапайым), градуирленген және центрифугада қолданылатын (конус тәрізді) пробиркалар болып бөлінеді. Пробиркаларды ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған штативтерде сақтайды.
Реакциялар жүргізу үшін пробирканың ¼ не 1/8 бөлігіне дейін ғана ерітінділер құю қажет.
Пробиркалардағы ерітінділерді оның аузын саусақпен жауып араластыруға болмайды!