Модульдік оқыту технологиясы Модульдік оқытудың құрылымы



бет1/4
Дата27.02.2023
өлшемі457 Kb.
#70235
  1   2   3   4
  • Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу)
  • Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
  • Қорытынды бөлім (бақылау)
  • Педагогикада модульмен оқыту идеясының нeгiзiн салушы ғалым АҚШ-тағы Падуа университетінің профессоры С.Н.Постлезвейт оқушының өзіне қолайлы қарқында жұмыс жасауына, нақ өзіне сай оқу тәсілін таңдап алуына мүміндік беруге тырысты. Ең алғаш рет 1969 жылы осылай Падуа университетінде оқу үрдісіне енгізілген миникурстар, кейін АҚШ қолледждері мен университеттеріне тез тарады. Мұнда олардың бірнеше түрі пайда болды: «пакеттегі ұғым», «consent оррасу», «меңгеру пакеті» т.б.
  • «Модуль» ұғымы термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болды. Бұл термин латынның modulus (өлшеуіш) сөзінен шыққан. Векторға арнап бұл терминді алғаш рет 1814 жылы Швейцария математигі Жан Роберт Арган қолданған. Көшу модулін алғаш рет енгізген ағылшын математигі Роджер Коутс .
  • Қазақстанда жоғары оқу орындарында модуль арқылы оқыту мәселесін ғалымдар Г.Қ.Нұрғалиева, Р.Масырова – дидактикалық тұрғыдан, Қ.С.Мусин – салыстырмалы педагогика мәселесі қырынан, ғалым Н.Оралбаева – лингвистикалық тұрғыдан зерттеп қарастыруда. Модульмен оқытуды ғалымдар К.Сариева, М.Жанпейісова, З.Бейсенбаева практикалық тұрғыда өз тәжірибелерінде қолдануда. Аталған еңбекке әр ғалым модуль арқылы оқыту мәселесін өздерінің зерттеу объектісі тұрғысынан әр түрлі қырынан қарастырады .
  • Зерттеу жұмысының объектісі: мектептің білім беру үрдісі.
  • Зерттеу жұмысының пәні: модульдік оқыту технологиясы арқылы мектеп оқушыларының білім, білік, дағдыларын дамыту.
  • Зерттеу жұмысының мақсаты: модульдік оқыту біртұтас жүйе ретінде оқыту процесіндегі мектеп оқушылары мен мұғалімнің субъект-субъект қатынасын icкe асыру үшін жағдай жасауды ғылыми тұрғыдан негіздеу және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет