Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты
Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы
МӨЖ Пән: Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу
Тақырыбы: Өз зерттеу тақырыптарыңыз бойынша зерттеу тақырыбының өзектілігін, пәнін, мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығын анықтау
Орындаған:магистрант Ергеш Н.С.
Тексерген: профессор Сағымбаева А.Е.
Алматы, 2022 жыл
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық пәнінен білім берудің смарт платформасын жасау технологиясы
Өзектілігі:Бүгінгі таңда балаларға әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін жетілдіру адамзат қоғамының маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру, оның қабілеттерін, ең алдымен интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау өзекті болып саналады. Қазіргі кезде оқу үрдісін ақпараттық коммуникациялық құралдарсыз көзге елестету қиын. Әсіресе, интернет технологиясы арқылы оқыту өте танымал болып келеді. Интернет технологиясы арқылы оқыту (E-learning) – бұл интернет желісі арқылы оқу үрдісіне қажетті ақпараттың үлкен көлемін тасымалдауды және оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік арақатынасты жүзеге асырып, осы процестерді компьютерлік бақылауға негізделген.
Пәні:Бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық пәнінен білім берудің смарт платформасын жасау технологиясы
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына цифрлық сауаттылық пәнін оқытудағы смарт платформа әзірлеу
Міндеттері:
Бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық пәнінің оқу жоспарымен танысу, оқулықтарға шолу жасау;
Цифрлық сауаттылыққа оқыту процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың рөлі мен орнын анықтау;
Қазіргі таңдағы қолданыстағы смарт платформаларға салыстырмалы талдау жүргізу және олардың негізгі артықшылықтарын анықтау;
Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылықты оқытуды жүзеге асыруға көмектесетін смарт платформаны және әдіснамалық нұсқауларды жасау;
Бастауыш сыныпта цифрлық сауаттылық пәнін оқытудың апробациясын өткізу және анализ жасау;
Ғылыми жаңалығы:Бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық пәнінен білім берудің смарт платформасы