Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
МӨЖ Тақырыбы: Жоғары білім беру сапасын анықтайтын өлшемдер
Орындаған: Зиядибеков.Н
Қабылдаған: Ертарғынқызы.Д
Алматы 2022
Қазір білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Білім беру сапасының қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау үшін оған негіз болып табылатын мынандай 3 міндетті орындау шарт:
1. Басқарудың түпкі мақсаттарын көздейтін (білім беру стандартына, әлеуметтік стандарттарға сәйкес) сапа эталонын қалыптастыру;
2. Қол жеткізген даярлық деңгейін эталонмен салыстыру және осы негізде сапаны бағалау;
3. Қол жеткізген сапаны анықтайтын шарттар мен факторларға орын алған ауытқуларды жою бағытында пәрменді ықпал ететін шаралар қабылдау.
Мониторинг –мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым(қасиет) білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары (құралдары) да ортақ бұл элементтер мынандай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау.
Мониторинг басқарудың барлық функцияларымен және сатыларымен тығыз байланыста болады. Мониторинг қарастыратын негізгі мәселелер: мектеп білім беру жүйесінің мақсаты; хал-ахуалы және оның функциялық негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар; болжамдар; шешімдер; педагогикалық қызметті ұйымдастыру және атқару ; оқу мекемесі қызметін түзету.
Мониторинг басқару ісін ақпараттық қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға бағдарланған. Ол кез келген уақытта объекті туралы, оның хал-ахуалы жайлы біліп отыруға мүмкіндік береді. Мониторинг қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарға, білім беру ісін ұйымдастырудың әдістемелік материалдарына және мектепті дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Мониторингтің мақсаты мен міндеттері. Мониторингтің мақсаты мектеп білім беру жүйесінің хал-ахуалы туралы және оның фунциялық негзігі көрсеткіштері жайлы алынған ақпараттарды қорыту және талдау болып табылады. Ол атқарылған жұмыстарды бағалау және даму беталысын болжамдау үшін, сондай-ақ білім сапасын жетілдіруге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу біздің мектепте мынадай міндеттерді жүзеге асыру жолдарымен шешіледі:
- Мектептегі педагогикалық жүйенің хал-ахуалын және сол жүйе бойынша жүзеге асырылатын білім беру сапасын тұрақты түрде және жан-жақты зерделеп отыру.
- Шынайы ақпараттар негізінде бағалау және көмекші оқу персоналын қамтамасыз етудің шарттарын жетілдіру
- Көмекші оқу персоналының мынадай салалар бойынша жқмыс тиімділігін басқару;
- Психикалық –педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда
- Функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда;
- Мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда: білім беру процесіндегі өзгерістерді және оларды туындататын факторларды анықтау; оқу сапасын басқару.
- Мектептегі мониторингтік зерттеулер механизмін жетілдіру.
- Мектеп білім беру жүйелерін мониторингілеу, субъектілерін қызметтерін үйлестіру.
Мониторинг объектілері. Біздің мектепте мониторинг объектілері оқушы мен оқытушы, оқу нәтижелері(ағымды, қорытынды) , көмекші оқу персоналдарының ресурстық базасы.
Мониторингтің негізгі бағыттары мен түрлері. Мониторинг мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мектеп білім беру жүйесінің сапасы мына бағыттар бойынша айқындалады:
-оқушылардың оқып-үйренудегі(білім алудағы) қол жеткізген деңгейі;
- Педагогтардың кәсіби шеберліктері;
- Инновациялық қызмет
- тәрбиелеу жүйелерінің тиімділігі.
Мектеп білім беру қызметін мониторингілеу мынандай өлшемдер түрін қамтиды:
- Педагогикалық (біліктілік, оқу құрылымындағы жаңалықтар)
- Психологиялық(мінез-құлық, тұлғаның бағдарлануы, жеке тұлғалық қарым-қатынастар жүйесі, негізгі психологиялық сипаттамалар)
- Дидактикалық (оқушылардың іс-әрекеттерін басқаруға және түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету тәсілдері)
Білім сапасы 3 буын бойынша зерттеуге алынады:
- - Бастауыш буында 1-4 кластар;
- - Орта буында 5-9 кластар;
- - Жоғары буында 10-11 кластар.
Бұл бағытта оқушылардың білім сапасы қаралатындықтан, тоқсан сайынғы қорытындылар, әкімшілік бақылау жұмыстары, жыл сайынғы білім сапасы толық бақыланып, оның өсу немесе кему динамикасын анықтап, кемшіліктерді жою технологиясы құрастырылып, оң тұстарын одан әрі жалғастыру көзделеді.
Осы буындар ішінен негізгі мектептің нәтижесі ҰБТ дайындық бойынша көрінетіндіктен, осы ҰБТ дайындық қалай жүретіндігіне тоқталып кетсем
ҰБТ дайындықты ұйымдастыру бойынша
Мақсатымыз: оқушыларды ҰБТ форматындағы қорытынды аттестаттауға дайындау сапасын арттыруға және сапалы әдістемелік оқытуға бағытталған жағдай жасау арқылы пән мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігі деңгейін арттыруға жағдай жасауға ықпал ету.
Міндеттеріміз:
-оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауды ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін тереңдету және жетілдіру үрдісін бақылау және бағалау;
-білім беру ірдісін ұйымдастыру барысында оның сапасын арттыруға ықпал етуші тиімді басқарушылық шешімдерді анықтау;
-сабақты сапалық әдістемелік қамтамасыз етілуіне, пән мұғалімдерінің кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған жағдайларды анықтау және қалыптастыру;
-гимназия деңгейінде жүйелі әрекеттестікті ұйымдастырудың тиімді формалары мен тәсілдерін анықтау;
-ҰБТ-ға дайындық жөнінде жүйелі қызметті ұйымдыстырудың проблемалық сапаларын анықтау;
- педагогтердің ҰБТ-ға дайындық жөніндегі жүйелі қызметтін ұйымдыстыру барысында жеке мекен-жайлық әдістемелік көмек көрсету;
- қорытынды аттестаттауға дайындау барысында бақылау-сараптамалық және түзету қызметтерін ұйымдастыру бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсету;
-гимназияның басқарушылық қызметі жүйесінің оқушыларды оқыту сапасын көтеру деңгейіне пән мұғалімдерінің кәсіптік құзіреттілігі деңгейіне ықпал ету нәтижелерін бақылау;
-педагогтер мен оқушылардың сұраныстарын ескере отырып,түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Міне, осы міндеттерді атқару үшін бүгінгі кеңеске «Сараптамалық –консультациялық кеңес» құруды ұсыныс ретінде айтқым келеді:
Сараптамалық Консультациялық Кеңес қызметінің негізгі бағыттары мен уәкілеттілігі
1.Осы бағыттағы қызметтерді ары қарай түзету жөнінде ұсыныстар жасайды.
2.Пән бойынша, бейін бойынша “ Алтын белгіге” үміткерлерге жүргізілген сынақ тестілеу нәтижелерін талдайды.
3.ҰБТ-ға дайындық сапасына кедергі келтіруші проблемалар мен факторларды анықтайды.