Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет84/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   193
Прагматикалық сипат 
– айтушының мақсатына қарай, қатысымдық 
жағдайдың орны мен ерекшелігіне байланысты анықталады. Айтушының 
жеке  көзқарасына  қатысты  «қатысымдық-əрекеттің  қажеттілігіне» 
қарай, (Караулов) яғни тілдік тұлғаның прагматикалық деңгейі басты 
фактор ретінде жеке адамның ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшелік-
тер индивидтің логикалық ой-талқысына жəне білімі мен эмоциялық 
жағдаяттарына т.б. деңгейлеріне байланысты. Тілдік тұлғаның осы ке-
шенді сипатын əр кезде анықтау оңай емес.
Себебі  вербалдық  қатысым  жағдайында  айтушының  вербалдық 
мүмкіндігі сөздер арқылы белгілі болып тұрады, ал тілдіккогнитивтік 
сипатында концептілер немесе түрлі түсінік, идеялар прагматикалық си-
патта «қатысымдық-əрекеттің қажеттілігіне» қарай жүзеге асатындықтан 
оларды жүйелеп, пихолингвистикалық жəне əлеуметтік жағынан тілдік 
тұлғаның прагматикалық құрылымын дəл айқындау қиын. 
«Тілдік тұлға – сөйлеу əркетіндегі қабілет дəрежесіне қарай баға-
ланатын тілді жеткізуші, тіл иесі; тілдік тұлға ең алдымен индивидтің 


102
психофизикалық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Ол – сөзден мəтін 
түзуге жəне қабылдауға ықпал ететін сөздің тілдік тұлғасы. Ол – тілді 
қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланушы адамның вербальды əрекеті 
ерекшелігінің жиынтығын білдіретін коммуникативтік тұлға» [Маслова, 
2007: 24 ] болғандықтан, «тілдік тұлға» алдымен тек тіл иесі – жеке адам 
(индивид) деп қабылданады. 
Адам бойындағы тілге қатысты жекелік болмыс, ерекшелендіретін 
қасиет оқшау дамып, қалыптаспайды. Кез келген индивид бойына өзіне 
дейінгі тұлғалардың сөз байлығын сіңіріп қалыптасады. Əрі қарай жеке 
тілдік ерекшелік үйренген тіл байлығын одан əрі жетілдіру, сөз мəнерін 
ұштау, жалпы танымдық білімін тереңдету арқылы өзгелерден озық тіл-
дік тұлға болып танылады. 
Адресанттың адресатқа ақпар жеткізу қажеттілігі табиғи əрі рухани 
қажеттілік болса да, кез келген тіл тұтынушысы тілдік тұлға дəрежесіне 
көтеріле  алмайды.  Тілдік  тұлға  табиғатының  кешенді  сипаттарын 
саралағанда, ең алдымен өз халқының ұлттың құндылықтарын толық 
меңгерген аса жоғары интеллект болуы тиіс. Сонда ғана табиғи, ұлттық, 
рухани  қажеттіліктерді  өтейтін  ерекшеліктерімен  танылған  тілдік 
тұлғаның болмысындағы қуатты ойды жеткізетін экспрессиясы жоғары 
тілдік бірліктер ғана тыңдаушы санасына əсер етеді. 
Сондықтан тілдік тұлға – ұлттық тұлға – қоғамдық тұлға сияқты 
үш тағанымен дəйектелуі тиіс. (Кейде осы қасиеттер бір адамның бойы-
нан табылуы мүмкін. Мысалы, Абай, Алаш арыстары А.Байтұрсынов). 
Сөйтіп, тілдік тұлғаның көркемдік ойлау қабілеті терең танымдық білім-
мен ұштасқанда ғана жəне басқа индивидтерге қарағанда оның ұлттық 
жəне қоғамдық сана деңгейін жоғары көтеретін ой əлеуеті, прагматикалық 
уəжділігі басым болғанда ғана тілдік тұлға мəртебесі мойындалады.
«Тілдік тұлға» түсінігіне қатысты пікірлерді сарай келе, тұлғалық 
парадигма бірі – тілді тұтынушы индивид. Екіншісі – ұлттық танымдық 
болмысы жоғары, «тіл – өнер» деген синтездегі тұлғалық мінез иесі.
Тілдік  тұлға  мазмұны  ұлттық  дүниетаным  арқылы  ұлттық 
құндылықтарды меңгеру барысында лингвомəдени-этнотанымдық лек-
семалардан өзіндік сөз таңдау, афористік ой айту, концептуалдық метафо-
ралар жасау, этностың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тұрақталуға 
бейім фразеологизмдер дискурсы арқылы дəйектеледі.


103
Қазіргі қазақ фразеологиясының байлығы ауызша сөйлеу үлгілерінен 
жəне фольклор мен жыраулар тілінен атадан балаға өтіп тұрақталған кез-
ден бері жазба əдеби əдеби тілінің арналарынан да толығып қалыптасу 
үстінде. Дегенмен де, мына бір мəселені айтпасқа болмайды. Халықтың 
мəдени өмірінің өзгерісі соншалықты түрленіп көрінген сайын, халық 
аузында сол өзгерістерден хабар ететін соны тіркестер жиі жəне көп 
байқала бермейді. Неліктен?... 
Ертеректе қалыптасқан фразеологизмдерде қандай ұлттық мəдени 
ерекшеліктер сақталды десек, қазақ фразеологизмдерінің тақырыптық 
ауқымы сол халық тірішілігінен алынған бейнелі тіркестерде көрінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет