99
Қазіргі тілдік қолданыста жүрген фразеологизмдер ғасырлар бойы тіл-
дік қатынастың бейнелі, əсерлі, мəнерлі болуына үздіксіз қызмет етіп ке-
леді. Фразеологизмдердің қалыптасуына жəне тілде тұрақталуына қазақ
рухын танытатын ауыз əдебиеті мен би-шешендер жəне ақын-жыраулар
дискурсының ықпалы айырықша болды. Эпостық жəне лиро-эпостық
жырлар, ертегілер, тарихи жырлардағы суретті сөз тіркестері, аты мəлім
би-шешендердің дуалы аузынан шыққан орамды сөйлемдер жалпақ
жұртқа ауызша таралды. Жай ғана таралып қойған жоқ, оқиғаны неме-
се жағдаятты айтушы, жеткізуші, суреттеуші өз сөз əдебі мен мəнеріне
салып, түрлі көркемдік тəсілдер арқылы құлпырта, құйқылжыта қазақ
əлеміне жайды.
Қазақ ұлтының көркемдік ой-қиялын еуропалықтармен мүлдем
салыстыруға болмайды. Табиғаты ғажап сайын дала мен сахарадағы
еркін өмір тек əдемі қиял, асқақ романтикаға бейім болғандықтан, қазақ
тілдік тұлғасының жан-дүниесі сұлу сөзбен кестеленген кең тынысты
үлкен картина іспеттес.
Əлемнің көрінісін əр ұлт өзінше таниды, болмысына қарай
қабылдайды,
өз тілінде бағалайды, суреттейді.
«Қабағынан қар жауып, кірпігінен мұз тамған», «астыңғы ерні жер
тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп» – эпостық жырдағы батырлардың бейнесі,(
– фразеологиялық мағынасы: ашулы адамның кейпі);
ертегілер сюжетіндегі
«көзіне топырақ шашу», «мұзға отырғызып
кету» –
алдап кету;
тарихи шығармалардағы
«қылыштың жүзі мен найзаның ұшымен» –
күш көрсету;
«қысқа күнде қырық рет шабу» – күн бермеу;
«жастығын
ала жату» – өш алу;
«жығасы қисаю» –
басынан бағы таю;
«Қозы-Көрпеш, Баян сұлу» жырындағы
«Қарабайдай қанпезер»
– сараңдық, «Қыз Жібектегі»
«Қыз Жібек пен Төлегендей»- махаббатқа
тұрақтылық;
Махамбеттің жорық жолдарынан қалған
«етектен кесіп, жең болмас»
– əр нəрсенің
өз орны бар;
Адамзаттың Абайы айтқан
«қысқа күнде қырық жерге қойма қою»
– қулық-сұмдықпен
кедергі келтіру;
сондай-ақ, қазақ даласының əр аймағында шешендік өнерімен аты
шыққан
«аузымен құс тістеген», «аттыға сөз, аяқтыға жол берме-
101
Мəселен тілдік тұлға құрылымы туралы Ю.Н.Караулов тілдің
теориялық-гносеологиялық үлгісін вербалды-семантикалық,
тілдіктанымдық (лингвокогнитивтік), прагматикалық уəжділік сияқты
үш деңгейге бөледі. (Караулов, 12).
Достарыңызбен бөлісу: