Морфология және физиология кафедрасы



Дата30.11.2022
өлшемі19,7 Kb.
#53770

Қарағанды Медицина Университеті
Морфология және физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Бас сүйектің анатомиялық құрылымындарының рентген сипаттамасы
Орындаған:Берікұлы Орынбек
Группа-1018 ОМ
Тексерген:Шайкина.С.Н

ЖОСПАР
І Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім

  1. Бассүйек қаңқасы

  2. Ми сауыты

  3. Бет бөлімі

ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Адам қаңқасы (skeleton) деп сүйектердің жиынтығы мен олардың қосылыстарын атайды. Олар механикалық қызмет атқарады және мезенхимадан дамиды. Қаңқа өзара дәнекер, шеміршек, сүйек тіндернің көмегімен байланысқан сүйектерден тұрады. Барлығы бірге қимыл аппаратынын пассивті бөлімін құрайды.
Адам қаңқасы біліктік және қосымша болып, екі топқа бөлінеді. Біліктік қаңқаға — бас қаңқасы, омыртқа жотасы, кеуде торының сүйектері, қосымша қаңқаға — қол, аяқ сүйектері кіреді. [pic 1]
Негізгі бөлім
Бассүйек (cranium)- атқаратын қызметіне байланысты екіге, ми сауыты және бет сүйектері тобына бөлінеді. Бас сүйек бір бірімен өзара жіктер және шеміршектер арқылы байланысқан сүйектерден тұрады. Оның негізгі қызметі асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлімін, көз шараларын, ми қорабын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайды.
Ми сауыты (cavitas crani) - маңдай сүйек (os frontale), жұп тас төбе (os parietale), самай сүйектері (os temporale), сына тәрізді сүйектер (os sphenoidale), шүйде сүйегінен (os occipitale) тұрады.
Бет сүйектері (ossa faciei) – жоғарғы (maxilla), төменгі (mandibula) жақсүйектері, таңдай (os palatinum), кеңсірік, мұрын (os nasale), көзжас (os lacrimale), төменгі кеуілжір және бет сүйектерінен (os zigomaticum) тұрады.

Маңдай сүйегі (os frontalis) бас сүйек қақпағын түзуге қатысады. Ол сезім ағзаларымен байланысқан тақ сүйек. Маңдай сүйегі негізінен екі бөлімнен вертикальды қабыршақ (squama frontalis) және горизонтальды бөлімнен тұрады. Горизонтальды бөлім өз ішінде жұп көз бөлігі (pars orbitales) және тақ мұрын (pars nasalis) бөлімінен тұрады. Яғни барлық бөлімдерді қосқанда төрт бөліктен тұрады.


Маңдай қабыршағы (squama frontalis) сырт жағынан дөңес ал іш жағынан ойыс болып келеді. Сыртқы бетінің төменгі бөлігі көз ұя үсті бөлігіне (pars supraorbitalis) жалғасқан. Оның екы жағында анық байқалатын көз шарасының жиегі ( margo supraorbitalis) орналасқан. Көз ұясының жоғарғы жиегінен жоғары қас үстілік доғалар ( margo superciliaris) байқалады. Олардың ортасында кеңсірік үстілік жазықтық (glabella) орналасады. Көз ұясының жоғарғы жиегінде көз ұясының жоғарғы тілігі ( incisura supraorbitalis), ал оның ішкі жағында маңдай жүлгесі ( sulcus frontalis) орналасқан. Көз ұясының жоғарғы жиегі бетсүйектік өсіндіге (processus zygomaticus) жалғасады. Ал бетсүйектік өсіндінің сыртында жоғары бағытта самайлық сызық (lineae temporalis) айқын көрінеді. Қабыршақты бөліктің ішкі беті ( facies interna) ойыстау келген және ми батыңқылары (impressiones digitatae) орналасқан. Орта сызық бойымен шұңқыршақтар ( sulcus sinus sagittalis superioris) одан төмен маңдай қырқасы (crista frontalis), және одан төменірек орналасқан соқыр тесік ( foramen caecum)-мен аяқталады.
Көз бөліктері (partes orbitales) артқы жиегі сына тәрізді сүйекпен байланысқан. Горизонтальды орналасқан екі табақшадан тұрады. Бет өсіндісінде көз жас безі шұқыршағы ( fossa glandulae lacrimalis) және incisura supraorbitalis жанында fovea trochlearis және кішкентай қылтанақ (spina trochlearis) орналасқан.
Кеңсірік немесе мұрын бөлігі (pars nasalis) таға тәрізді болып келеді. Оның кеңсіріктік тілігі (incisura ethmoidalis) және кеңсірік пердесін түзуге қатысатын мұрындық қылқан (spina nasalis) бар.
Шүйде сүйек (os occipitale) бас сүйек қақпағын және бас сүйек қорабының қабырғаларын түзеді. Оның төрт бөлігі анықталған: қабыршақты бөлігі (pars squamous), негізгі немесе базилярлы бөлігі (pars basilaris), және екі латералды бөлігі (partes laterales). Осы аталып кеткен төрт бөлігі бірігіп үлкен шүйде тесігін (foramen magnum) түзеді.
Қабыршақты бөлігінің екі беті facies externus және facies internus ажыратылады. Сыртқы бетінде сыртқы шүйде шодыры (protuberantia ossipitalis externa) орналасады. Сонымен қатар осы бұдырдың латералды түрде иілген сызық жоғарғы мойын сызығы ( linea nuchae superior) одан жоғары ең жоғарғы сызық (linea nuchae suprema) орналасқан. Шүйде бодырынан төмен қарай сыртқы шүйде қырқасы (crista occipitalis externa) өтеді, оның жан жағынан төменгі мойын сызықтарын ( linea nuchae inferiores) жүреді. Ішкі бетінде тік бұрыш жасай қиылысқан қырқа арқылы төр бөлікке бөлінген. Бұл екі қырқа бірге крест тәрізді қыратты ( eminentia cruciformis) және олардың қиылысқан жеріндегі шүйде болырын (protuberantia ossipitalis interna) түзеді. Жақсы байқалатын екі жүлгесі: көлденең қойгаудың жүлдесі ( sulcus sinus transfersi) және жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгесі (sulcus sinus sagittalis superioris) бар. Бойлық қырқаның төменгі жартысы (crista occipitalis interna) сүйірленіп келген. Латералды бөліктері бас сүйектің омыртқа жотасымен байланысуына қатысады. Базилярлы бөлігі сына тәрізді сүйекпен бірігіп біріңғай сүйек (os basilarr) түзеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет