Дәріс 13. Денсаулық және медицина Медицина әлеуметтануы. Қоғамдық денсаулық



Pdf көрінісі
Дата04.12.2023
өлшемі367,44 Kb.
#134279


Дәріс 13. Денсаулық және медицина 
 
1. Медицина әлеуметтануы.
2. Қоғамдық денсаулық. 
 
Қоғамдық денсаулық – адамдар əл-ауқатының физикалық, əлеуметтік-
экономикалық, психологиялық жəне т.б. түрлерін қамтитын өзара байланысты элементтер 
мен құрылымдар негізінде қалыптасатын күрделі ашық жүйе. Қоғамдық денсаулық 
категориясын денсаулықтың негізгі ресурстары адамдардың табысы, тұрғын үй мəселесі, 
тамақтануы мен өмір салты екенін ескере отырып, жүйелі бағытта қарастыру керек. 
Сондықтан денсаулықты жақсарту осы компоненттердің, сонымен қатар, денсаулықты 
жақсартатын экономикалық, физикалық, əлеуметтік жəне мəдени ортаның шарттарының
тұрақтылығын талап етеді. 
«Медицина əлеуметтануы» терминінің бірінші рет айқындалуын (1895 ж.) Ч.Мак-Интайр 
есімімен байланыстырады, дегенмен, денсаулық сақтаудың қоғамдағы орны туралы 
əлеуметтанулық талдау алғаш рет атақты саясаткер экономист У. Петтидің «Саяси 
арифметика» атты еңбегінде ұсынылған (1690 ж.). 
Денсаулық пен сырқат туралы əлеуметтанулық концепциялардың ішінде ерекше 
маңыздылыққа жарты ғасыр бойы дамытылып келе жатқан рөлдік теория алады. Медицина 
мен қоғамның, оның əлеуметтік институттарымен өзара байланысын, денсаулық сақтау 
жүйесінің дамуын əлеуметтік феномен ретінде интенсивті зерттеу тек XX ғасырда дəрігер 
мен пациенттің арасындағы байланыстың əлеуметтік аспектілерін зерттеген Толкотта 
Парсонстың еңбектерінен кейін басталады. Оның рөлдік теориясында (1951-1958 жж.) 
еңбекке қабілетсіздік пен девиацияның парадигмалары «дəрігер мен пациент» жүйесінде 
қарастырылады. Т. Парсонс тек əлеуметтанулық немесе психологиялық бағыттарда емес, 
жүйелік бағытта, сонымен қатар, экономикалық бағытта өндіруші мен тұтынушы 
арасындағы айырбас ретінде зерттеді. 
Атақты американдық психолог, қазіргі менеджменттің негізін салушыларының бірі
Абрахам Маслоу денсаулық мəселесін қарастыру кезінде, барлық дене жəне 
психоəлеуметтік мүмкіншіліктерді жүзеге асыру – өзіндік актуализациялану деп жазған, 
бірақ физикалық құрылым психикалық құрылым секілді «норма» жəне «денсаулық» 
түсініктеріне сəйкес келе бермейді. 
Осылайша, əлеуметтанулық бағыт бойынша «денсаулық» түсінігін қарастыру кезінде, 
оның екі түрлі сипаттамасын айқындаймыз. Біріншіден, қоршаған орта мен адам 
арасындағы үйлесімділік міндеттемесі. Осы үйлесімділікті түсінудің субъективті жəне 
объективті сипаттамасы бар. Біріншісі адамның жəне қоршаған ортаның субъективті 
бағалауымен байланысты. Əр түрлі авторлардың нəтижелері сəйкес келмеуі мүмкін: 
субъект өзін үйлесімді, дені сау тұлға ретінде қабылдауы мүмкін, ал қоршаған адамдар 
науқас жəне қалыпты емес, жəне керісінше. 
Денсаулықты түсінудің екіншісі қазіргі білімнің деңгейімен шеттелген «денсаулықтың» 
салыстырмалы күйімен байланысты. Себебі қалыпты генетикалық кодтың барлық 
элементтерін толық білгенде ғана салыстыру үшін үлгі пайда болады. Ол уақытқа дейін
соматикалық денсаулықтағы, мінез-құлықтағы ауытқулар (айқын көрінетіндерінен басқа) 
индивидуалдық ретінде қарастырылуы мүмкін. 
Осыған байланысты Гоффманның стигматизация теориясы ерекше қызығушылықты 
туғызады. Осы теорияға сəйкес, сырқаттың немесе кемшіліктің болуы қоршаған ортаға 


проекцияланады жəне əлеуметтік өзара қарым-қатынаста көрінетін науқас адамға белгілі 
бір мінез-құлық ерекшеліктерді белгілейтін науқасқа деген ерекше қатынасты айқындайды. 
Осылайша, «Абсолютті сау адам бар ма?», – деген сауал туындайды. Мұның жауабы 
көбіне теріс. Əрбір адамның белгілі бір гендік кемшіліктері болады, ол ауру механизмін
жібереді. 
Сонымен қатар, травмаға деген тұқымқуалаушылық бейімді айқындайтын зерттеулер 
мəлім. 
Денсаулық жəне сырқатпен байланысты көптеген теориялар мен концепциялардың 
түрлілігін ескере отырып, Н.И. Скок оларды мынадай топтамаларға жіктеді: 
философиялық, əлеуметтік-биологиялық, биологиялық, əлеуметтанулық, əлеуметтік-
психологиялық. Əлеуметтік-философиялық жəне əлеуметтанулық бағыттар. 
Қазіргі уақытқа дейін «қоғамдық денсаулық» түсінігінің ортақ анықтамасы жоқ. 
Бір топ зерттеушілер қоғамдық денсаулықты «бір жағынан, жеке адамның индивидуалдық 
өмір ұзақтығын, екінші жағынан, жалпы қоғамның жəне оның үздіксіз, үйлесімді даму 
мүмкіншіліктері мен əлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын қоғамдық 
денсаулықтың индивидуалдық деңгейлерінің жиынтығы» ретінде қарастырады. 
Екінші көзқарас бойынша, қоғамдық денсаулық бұл «биологиялық жəне абиотикалық 
шарттарға бейімделу деңгейін көрсететін, əлеуметтік факторлармен айқындалған, тарихи 
негізделген, индивидуалдықтан жоғары адамдардың іс-əрекетін ұйымдастыру нысаны. 
«Қоғамдық денсаулық» түсінігінің мазмұны бұл – өмір салты арқылы
трансформацияланған денсаулық сақтау саласындағы шынайы қоғамдық қатынастардың 
бірегей нысандағы бейнесі. Басқаша айтқанда, қоғамдық денсаулық əлеуметтік организм 
ретінде қоғамның жəне оның институтының, соның ішінде, денсаулық сақтау, нəтижесі». 
Осылайша, қоғамдық денсаулық күрделі əлеуметтік категория жəне көптеген 
факторлардың жүйелі есептемесі мен талдауын қажет етеді. «Қоғамдық денсаулық» 
категориясы мынадай əлеуметтанулық түсініктермен тығыз байланысты: «өмір салты», 
«өмір сапасы», «денсаулық сапасы» жəне т.б. Олардың көбі «өмір деңгейі» деген 
категорияға негізделеді. 
Денсаулық сақтау – қоғамның əлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта 
құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт 
денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. 
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке 
меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа əдістері енгізілуде
дəрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты 
қалыптасуда, осының бəрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімділікпен дамуда.
 
Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мəселелер де бар: 

ауылдарда кəсіби мамандардың жетіспеуі; 

медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, əлеуметтік жағынан аз 
қорғалғандығы; 

аймақтардағы 
медициналық 
мекемелердің 
техникалық 
жағынан 
нашар 
жабдықталуы; 

жіберілген дəрігерлік қателіктерге дəрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, 
олардың кінəсін дəлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы. 
Осы міндеттер бүгінге дейін көрініс беруде жəне оны шешу үшін кешенді түрде шешім 
қабылдауды қажет етеді. 
ПАЙДАЛАНҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 
1. Абсаттаров Р., Дакенов М. Əлеуметтану. Алматы, 2014 


2. Иекенов А.И. Əлеуметтану негіздері. Алматы, 2014 
3. Қарабаев Ш.Қ. Əлеуметтану негіздері. Алматы, 2017 
4. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмагамбетова З.Н., Социология. Алматы, 2013 
5. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология: учебное пособие. 
Алматы, 2016 
6. Бринкерхоф Д., Уейте Р., Ортега С. Əлеуметттану негіздері. Алматы,
Ұлттық аударма бюросы, 464 б., 2018 
7. Ритцер Д., Степницки Д. Əлеуметтану теориясы. Алматы, Ұлттық аударма
бюросы, 856 б., 2018 
8. Волков Ю.Г., Мостовая И.В., Добреньков В.И. Социология: Учебник. М.: Гардарики, 
2013. 
9. Кравченко А.И. Социология: учебник для вузов. М., 2014. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет