Морфология



Pdf көрінісі
бет100/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   1132
Сперматозоид құйрығы  үш бөлікке бөлінеді. Олар: бастапқы (аралық), 

негізгі  жəне  соңғы  бөліктер.  Құйрықтың  негізін  біліктік  жіп  (аксонема) 

құрайды. Ол дистальды центриольдің алдыңғы бөлігінен басталады. Біліктік 

жіптің  құрылысы  кірпікшелер  аксонемасына  ұқсас,  яғни  ол  тубулин  жəне 

динеин  белоктарынан  құралған.  Аксонеманы  шеңбер  бойымен  орналасқан 

тоғыз  жұп  шеткі  микротүтікшелер  мен  шеңбердің  орталығында  жатқан  екі 

микротүтікшелер  құрайды.  Көп  жануарларда  шеткі  түтікшелер  орталық 

түтікшелермен  қосымша  9  жеке  дара  жіпшелермен  байланысқан.  Аксонема 

толқынды  жəне  иілмелі  қозғалып,  аталық  жыныс  жасушасының  қимыл 

аппаратының қызмеұлпа атқарады. 

Сперматозоид  құйрығының  бастапқы  (аралық)  бөлігі  дистальды 

ценриольдің  алдыңғы  жəне  артқы  бөліктері  аралығында  орналасқан. 

Бастапқы 

бөлік 


сыртынан 

плазмолеммамен 

қапталған. 

Оның 


цитоплазмасындағы  митохондриялар  бір-бірімен  байланысып,  бастапқы 

бөліктің  қақ  ортасымен  өтеұлпа  біліктік  жіпті  сыртынаң  айнала  орап, 

спиральды  жіпті  түзеді.  Демек,  спиральды  жіп  —  митохондрия 

органеллалары. Олардың сукцинатдегидрогеназа жəне аденозинүшфосфатаза 

ферменттері  цитоплазмадағы  гликоген  түйіршіктері  мен  фосфолипид 

тамшыларын  ыдыратып,  сперматозоидтың  қозғалысына  керекті  энергиямен 

қамтамасыз етеді. 

Сперматозоид  құйрығының  негізгі  бөлігі  плазмолеммамен  қапталған 

жұқа  цитоплазма  қабаты  мен  біліктік  жіптен  тұрады.  Ал  оның  соңғы  бөлігі 

тек плазмолемма мен біліктік жіптеи құралған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет