№10-дәріс
Морфологияның жалпы бөлімі
Морфологияның жалпы бөлімінде А. Ысқақов грамматикаға анықтама
береді,
оның объектісін айқындайды, жалпы тіл білімі пәнінде айтыла
беретін лексикалық, грамматикалық мағыналар, грамматикалық форма мен
грамматикалық категория дегендерге тоқталады.
Сөздерді тапқа бөлуде бұл
автор тоғызыншы сөз табы етіп еліктеуіш сездерді қосады. Бұған дейін бұл
топқа жатқызылған сөздер «еліктеу одағайы» деп есептелетін. Одағай
дейтіндер—сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысы жоқ
сөздер, ал еліктеу сөздер олай емес, сондықтан соңғы автордың оны Н. К.
Дмитриевтің ізімен одағайдан бөлекше қарауы орынды. Осы кітаптан бастап
еліктеу (мимема —
Т. Қ.) сөздер жеке категория ретінде қалыптасты. Бұл
саладағы бір соны пікір көмекші есімдерге байланысты. Автор мекендік мәні
бар
асты, үсті, щасы, жаны, алды, арты деген
сөздерді жеке сөз табы
ретінде қарамағанымен, түркологиядағы пікірлерге сүйеніп, оларды зат
есімнің бір алуан түрі деп санап, айырықша сөз етеді. Ал бұған дейінгі
зерттеулерде бұлар мекен үстеуі деп саналатын.
Сөз таптары ішінде пікір алалықтарына
көбірек душар болып келе
жатқан сөз таптарының бірі — сын есім. Бұл саладан жазылған қомақты
ғылыми зерттеу де жоқ емес, бірақ соған қарамастан бір ізге түспей келеді.
Жоғарыда аталған педучилище оқулығынан кейін бұл тақырыпты Ғ.
Мұсабаев жан-жақты зерттеп, монографиялық еңбек жазды. Бұл еңбек — өз
кезінде айтылған біраз елеулі кемшіліктеріне қарамастан — сын есімді және
оның грамматикалық категорияларын едәуір кең көлемде талдаған зерттеу.
Педучилище оқулығындай емес, мұнда сын есімді мағынасына қарай
сапалық сын,
қатыстық сын деп екіге бөледі, сын есім шырайын талданып
отырған кітапта пед-училище оқулығында айтылғандай салыстырмалы,
таңдаулы, шағын шырай деп үшке бөлсе. Ғ. Мұсабаев оны салыстырмалы
(жақсырақ, үлкенірек), бәсең шырай (жақсылау, үлкендеу), шағын (көкшіл,
ақшыл, қызғылт), күшейтпелі шырай (сап-сары, қьш-қызыл, үп-үлкен),
үдетпелі шырай (өте жақсы, тым үл-кен) деп бес түрге беледі.
Осы автор
кейініректегі еңбегінде бәсең, шағын шырай дегендерін қосып бір-ақ шырай
еткен. Ал А. Ысқақов еңбектеріндегі алдыңғы екі авторда да айтылмаған
түрін жай шырайға жатқызу Қ. Жұбанов еңбектерінде де бар және ол дұрыс
та. Бірақ Қ. Жұбанов еңбегінде қазақ тіл білімінде орнықпаған кесімді
шырай, салыстырмалы шағын шырай,
жалаң шағын шырай, орта шырай
дегендер бар. А. Ысқақовтың жоғары оқу орнына арналған окулығында
шырай төртке бөлінген.
Сөз болып отырған кітапта басқаша әңгімеленетін тағы бір сөз табы—
шылау. Шылау грамматикалық жүйені сипаттауға арналған әдебиеттердің
ешқайсысында да назардан тыс қалған емес,
бірақ сонымен бірге, бір ізді
шешімін
де
тапқан
жоқ.
Революциядан
бұрынғы
практикалық
грамматикаларда шылаудың әр түрін жеке-жеке сөз табы деп те қарады. Қ.
Жұбанов еңбектерінде — «шылау» деген терминді жалпы атау ретінде
қолданған да, оны өз ішінен қосалқы сөз, қосымшалар деп екі түрге бөлген.
Ал қолданылу орнына қарай қосалқыны (қазіргі термин бойынша шылау,—
Т. К-) дәйек қосалқы, аяқ қосалқы, деп тағы екі түрге бөледі. Дәйек қосалқы
(қазіргі атау бойынша күшейткіш үстеу) дегенге
тым, бек, әрең, қас, өте,
тап
дегендерді
жатқызады.
Дәйек
қосалқылар
сөз бен
сөзді
байланыстырмайды, тек жеке сөзге қосымша мағына үстейді дейді де, соған
қарай оларды үстеуіш қосалқы деп те атайды. Терминдік түрлілігіне
қарамастан автордың
ете, аса, тым, тіпті т. б. дегендерді шылау құрамында
қарауы дұрыс, өйткені бұлар негізгі
сезден бөлек қолданылмайды, сөйлем
мүшесі де бола алмайды.