Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы



Дата06.01.2022
өлшемі168,61 Kb.
#16687

Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды.

Служебные слова не имеют самостоятельного лексического значения, но сочетаясь с частями речи, дополняют и уточняют их значение, обеспечивают связь слов, словосочетаний и предложений друг с другом. Служебные слова не могут быть самостоятельным членом предложения.

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:

В зависимости от функции служебные слова делятся на 3 группы:



  1. Септеуліктер (Послеслоги, являются аналогами предлогов)

  2. Жалғаулықтар (Союзы)

  3. Демеуліктер (Частицы)


Септеуліктер — белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады.

Послеслоги применяются только со словом, находящимся в определенном падеже. Связывают слова подчинительной связью. Послелоги выражают временные, целевые, причинные значения слов и находятся после слова. Могут сочетаться с именами существительным, прилагательным, числительным, местоимением и некоторыми формами глагола.

Сочетание послеслогов с падежами:

Атау септікті меңгеретін септеуліктер

  • Үшін

  • Сайын

  • Сияқты

  • Туралы

  • Арқылы

  • Бойы, бойымен

  • Шамалы, шақты, қаралы

  • Ғұрлы (ғұрлым)

Барыс септікті меңгеретін септеуліктер

  • Дейін (шейін)

  • Қарай, таман

  • Салым, тарта, жуық, таяу

Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер

  • Гөрі

  • Бері

  • Кейін

  • Соң

  • Бұрын

  • Бетер

Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер

  • Қатар

  • Бірге

  • Қоса


Мысалы (Пример):

  • университетке дейін - до университета

  • жыл бойына - в течение года

  • айтуы бойынша - по его рассказам

  • сабақтан соң - после урока

  • түстен кейін - после обеда

  • сен арқылы - через тебя

  • шаруашылық туралы - о хозяйстве

  • сен үшін - ради тебя

  • оқу үшін - для учебы

  • былтырдан бері - с прошлого года

  • менен бұрын - раньше меня

  • әрі отыр - сядь подальше

Шылау
Шылау сөз және сөйлемді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау.

Септеулік шылау
Септеулік шылау сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Олар атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Мысалы, сайын, үшін септеуліктері алдындағы сөздің атау септігінде тұрғанын қажет етеді (апта сайын, Отан үшін). Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:

тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септеулік шылауларды тауып, астын сызыңыздар.



Мен Ақжан Машанов туралы оқытушы арқылы білдім. Ол өмір бойы осы сала бойынша қызмет істеп келеді. ҚазҰТУ-да түрлі мамандық бойынша 13 мыңнан астам студент білім алады. Біздің университетті 1939 жылдан 1942 жылға дейін Андрей Иванович Коктов басқарды. 1952 жылдан 1962 жылға дейін университетті Ө.Байқоңыров басқарды. Ол институтты 10 жылдан аса басқарды. Геологиялық- барлау факультетінің 60 жылдық тарихында 10 мыңға жуық инженер-геолог дайындады. Олардың ішінде 100-ден аса кен орындарын ашушылар бар.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет