Мпко 1 спо студенті Нұржан



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі19,95 Kb.
#118772
  1   2

МПКО 1 СПО студенті Нұржан

  1. «Ойлау», «математикалық ойлау» ұғымдарының сипаттамасын беріңіз.

Ойлау – объектімен тікелей қарым-қатынас арқылы емес сезім арқылы, сезімдік көріністерді ой арқылы өңдеуді жүзеге асыратын жанама таным. Ойлау объктілердің, құбылыстардың байланыстарының қатынастары мен заңдылықтарын және олардың қасиеттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Ол бақылаудағы құбылыстар мен оқиғалар және өзіндік іс-әрекеттердің нәтижелерін алдын-ала байқауға мүмкіндік береді. Ойлаудың заттандырылған түрі сөйлеу: сөйлеу барысында ой формаға ие болады, сөйлеуде адам ой нәтижесін ұғынады, сөз арқылы ойлау нәтижесі беріледі.
Математикалық ойлауға тән ғылыми ойлаудың жалпы сапасы: икемділік, белсенділік, мақсаттылық, кеңділік, тереңдік, сыншылдық және өзін сынаулық, айқындылық, дәлдік, дәлелділік, тиімділік және т. б. Математикалық ойауға тән құрылымдар: алгебралық құрылымдар; реттік құрылымдар; топологиялық құрыымдар.

  1. Математикалық ойлауды дамыту деңгейлері қандай?

Математикалық ойлауды дамыту деңгейлері ( А.А. Столяр бойынша)
1. Нақты жиындар деңгейі (6-7 жастан 8-9 жасқа дейін).
2. Нақты математикалық құрылымдар деңгейі ( 8-9 жастан 11-12 жасқа дейін).
3. Нақты құрылымдарды синтездеу деңгейі (11-12 жастан 15 жасқа дейін).
4. Мазмұнды құрылымдар деңгейі ( 15 лет дожастан 18-19 жасқа дейін ).
5. Абстрактілі құрылым деңгейі ( 19-20 жастан оқу орнынан тыс) .

  1. Ақыл-ой іс-әрекеттерін қалыптастырудың кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз.

Ақыл-ой амалдарын қалыптастыру кезеңдері:
1. Уәждеу кезеңі: оқушының тиісті уәждемесін өзектендіруді, әрекет мақсатымен алдын-ала таныстыруды көздейді, себебі тек тапсырма мақсаты уәжбен сәйкес келгенде ғана әрекет қызметке айналады.
2. Қызметтің бағдарлы негізі. Қызметтің (әрекеттің) бағдарлы негізін сезінумен байланысты. Осындай негіздің үш типі бар: • жедел орындау үшін қажетті үлгі бойынша толық емес бағдарлар жүйесі; • дайын түрдегі толық бағдарлы негізі; • жалпылама түрдегі бағдарлы негізі.
3. Материалдандырылғын (материалдық) кезең: сыртқы нысан бойынша орындау әрекеті - материалдық немесе материалдандырылғын , яғни қандай да бір модельдердің, схемалардың, сызбалардың және т. б. көмегімен. Бұл іс-әрекеттер бағыт-бағдар берумен қатар орындаушылық және бақылаушылық функцияларды қамтиды. Оқушылардан орындалатын амалдар мен олардың ерекшеліктері туралы хабарламаны дауыстауды талап етеді.
4. Сыртқы сөйлеу кезеңі (ауызша немесе жазбаша): тілдік (ауызша немесе жазбаша) ресімдеу және материализацияланған құралдан арылу арқасында әрекет әрі қарай жалпылауға ұшыраған кездегі сыртқы сөйлеуді болжайды.
5. Ішкі сөйлеу кезеңі: онда әрекет ақыл-ой формасына ие болады, бірақ бұл ретте оның орындалуын саналы бақылау сақталады.
6. Автоматтандырылған әрекет кезеңі: іс-әрекетті ақыл-ой жоспарында (әрекет интериоризациясы ) орындаумен байланысты, әрекет сана астары деңгейінде орындалады, яғни ойға ауысады.

  1. Ұғым, ұғымның мазмұны және көлемі дегеніміз не? Мазмұн мен көлем арасында қандай байланыс бар. Мысалдар келтіріңіз.

Ұғым - зерттеу объектісінің маңызды (ерекше) қасиеттері бейнеленетін ойлау формасы. Ұғымның мазмұны - ұғыммның барлық маңызды қасиеттерінің жиыны. Көлем – осы анықтама қолданыс табатын объектілер жиыны. Мазмұн үлкелген сайын, көлем кішірейе береді және де мазмұн азайған сайын көлем кеңейеді. Мысалы: Көпбұрыштар > дөңес көпбұрыштар > төртбұрыштар > параллелограмм > тіктөртбұрыш > шаршы

  1. Ұғымдарды қалыптастыру жолдары жән классификациялауға қойылатын талаптар қандай?

Ұғымды қалыптастыру – күрделі психологиялық процесс. Ол келесідей схема арөылы жүзеге асырылады: сезіну -> қабылдау > елестету > ұғым.
Ұғымды қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
- уәждеу (мотивация);
- ұғымның маңызды қасиеттерін анықтау;
- ұғымның анықтамасын тұжырымдау.
Ұғымды қалыптастырудың екі жолы бар: индуктивті және дедуктивті.
Жоғарыда адап өткендей, ұғымның көлемі классификация арқылы ашылады. Ұғымды классификациялаудың дұрыстығы келесі шарттарды ұстануды көздейді: - классификация классификациялау кезінде өзгеріссіз қалатын нақты белгі бойынша жүзеге асырылады; - классификациялау нәтижесінде алынған ұғымдар бір-біріне тәуелсіз болуы керек; - классификациялау нәтижесінде алынған ұғымдардың көлемдерінің қосындысы бастапқы ұғымның көлеміне тең болуы керек. - классификациялау кезінде берілген тектік ұғымның жақын түріне өтеді.

  1. Ұғымдарды анықтау дегеніміз не? Анықтамалар түрлері қандай? Мысалдар келтіріңіз.

Ұғымды анықтау - оның маңызды қасиеттерін атап өту. Ұғымның анықтамасы - ұғымның мазмұны ашылатын сөйлем, басқаша айтқанда, анықталатын ұғымға жатқызылатын объектілер класын анықтау үшін қажетті және жеткілікті шартардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет