Ms access мәліметтер қорына арналған зертханалық жұмыстар Кіріспе Мәліметтер базасы



бет1/6
Дата23.08.2022
өлшемі32,24 Kb.
#38226
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6

MS Access мәліметтер қорына арналған
зертханалық жұмыстар
Кіріспе
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз. Мысалы үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастырайық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштеріңде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер негізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары бар.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөңелтуге арналған программалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар-бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады.
·Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады. Бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. 3
·Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді.
·Сұраныс — қолданушы көрсеткен, белгілі бір шарттарды қанағаттандырып, ақпараттарды мәліметтер қорынан алу жолдары. Сұраныс нәтижесі кесте түрінде көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет