Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Математика және ақпараттық технологиялар факультеті Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы ҚАУЫМБЕК ИНДИРА СЕЙТБЕКОВНА СЕЙТИМБЕТОВА АЙГЕРИМ БАЙДУЛЛАЕВНА ОРАЗГАЛИЕВА МЕРУЕРТ АРШЫНОВНА ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ ТЕОРИЯСЫ пәні бойынша МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМ 6В01502 – Математика-Информатика Қарағанды-2021
Мазмұны
1 тақырып. Деректер қорын жобалау. Негізгі түсініктер
2 тақырып. Деректер моделі және түрлері
3 тақырып. Деректер қорының обьектілері
4 тақырып. OpenOffice.org Base -те деректер қорын жобалау кезеңдері
1. Деректер қорының негізгі түсініктері және пайда болуы
2. Деректер қорының түрлері
Әдебиеттер тізімі:
1. Гринченко Н.Н., Гусев Е.И. и др. Проектирование баз данных. СУБД MS Access: учебное пособие для вузов. – М.: Горячая линия – Телеком, 2014.
2. Гончаров A. Access в примерах. – СПБ.: БХВ-Петербург, 2012.
3.Робинсон С. Microsoft Access 2010. – СПБ.: БХВ-Петербург, 2011.
4. Хансен Г. Базы данных: разработка и управление: Перевод с англ. – М.: Изд-во БИНОМ, 2014.
Деректер қоры дегеніміз – компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз, яғни қандай да бір ақпарат тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығы.
Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар.
Деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.
Деректер қоры - ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авиация немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.