Музыка сабағындағЫ Ән салу мақсаты мен міндеттері дайындаған: Амангелді Шапағат



Дата01.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#41060
Байланысты:
122F4AD7-6DFB-43D0-9DE3-6F04E5ED1115


МУЗЫКА САБАҒЫНДАҒЫ ӘН САЛУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Дайындаған:Амангелді Шапағат
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ ӘБУ НАСЫР ӘЛ ФАРАБИ «МУЗЫКАЛЫҚ ИДЕЯ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫНДАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАБІЛЕТІНСІЗ ІСКЕ АСПАЙДЫ, МУЗЫКАНЫ КӨП ТЫҢДАУ, ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІН БІР-БІРІМЕН САЛЫСТЫРУ, ӘУЕНДІ ТАЛДАУ, ӘРБІР ТОННЫҢ ДЫБЫСТЫҚ ӘСЕРІН МҰҚИЯТ ЕСЕПТЕЙ БІЛУ АРҚЫЛЫ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУҒА БОЛАТЫНДЫҒЫН АЙТА КЕЛІП, ТӘРБИЕЛЕУ БАРЫСЫНДА ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАУДЫҢ РӨЛІ ЗОР ЕКЕНІН АТАП КӨРСЕТЕДІ», Т.Б. ӨЗГЕРІСІН БАҚЫЛАП, СЕЗІНУГЕ ҮЙРЕТЕДІ. ОҚУШЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯЛЫҚ КӨҢІЛ КҮЙ АРҚЫЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ӘСЕРЛЕНЕ СЕЗІНЕДІ. ОҚУШЫ ӨЗ ЖАУАБЫН ЖОЛДАСТАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫМЕН САЛЫСТЫРА ОТЫРЫП, ПІКІРІНІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА НЕМЕСЕ ЖАҢСАҚТЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗЕДІ. СОЛ АРҚЫЛЫ ОНЫҢ МУЗЫКА ЖӨНІНДЕГІ ОЙЫ МЕН ТАЛҒАМЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ.
МУЗЫКА ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ӘҢГІМЕЛЕСУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. КӨРКЕМДІК ҚҰРАЛЫН, КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫН САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ РЕТІНДЕ АЛЫНҒАН БЕЛГІЛІ БІР МӘСЕЛЕ ТӨҢІРЕГІНДЕ ТАЛДАУ ОҚУШЫ ТАНЫМЫН КЕҢЕЙТІП, СӨЗДІК ҚОРЫНЫҢ МОЛАЮЫНА ЖОЛ АШАДЫ.
Музыка мұғалімі сабақты талдауы үшін музыкалық құбылыстарға тән ұғымдардың қалай аталатынын білу қажеттігі туындайтындықтан, алдына басты мақсат етіп қояды. Бұл ретте оқушылардың музыкалық сөздік дәптерінің болғаны жөн. Себебі, оқушы бұл ұғымдарды күнделікті өмірде аса көп пайдалана бермейтіндіктен, тез ұмытуы мүмкін. Сөздік дәптер арқылы әр сабақ сайын әр оқушылардың сөздік қоры молайып, талдау мүмкіндігі кеңейе түседі.
Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай- талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал. «Бұлақ көрсең - көзің аш» - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты.

Мақсаты


ОСЫ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТІ ОРЫН-ДАУ ҮШІН БШІАНЫҢ ЖАЛПЫ МУЗЫКАЛЫК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ КЕРЕК.
БІРІНШІ МАҚСАТ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАНЫҢ СИПАТЫН СЕЗІНУ, ЕСТІГЕНІНЕ БІРГЕ КУАНУ НЕ КҮЙІНУ, МУЗЫКАЛЫҚ БЕЙНЕНІ ТҮСІНЕ БІЛУ. МУЗЫКА БӨБЕКТІ ТОЛҒАНДЫРАДЫ, ҚАБЫЛДАУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЯТАДЫ.
ЕКІНШІДЕН БАЛАНЫҢ ТЫҢДАУ КАБІЛЕТІН АРТТЫРУ, НЕҒҰРЛЫМ ЖАРҚЫН ЖӘНЕ ТҮСІНІКТІ МУЗЫКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ САЛЫСТЫРУҒА, БАҒА БЕРУГЕ БАУЛУ. МҮНЫҢ ӨЗІ ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТЫ ТЫҢДАП, ЕСТИ БІЛУ МӘДЕНИЕТІН, КЕЙБІР БЕЙНЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫНА ДЕН ҚОЙЫП, ЕРКІН ТЫҢДАУ ҚАБІЛЕТІН ОЯТУ.
ҮШІНШІДЕН БАЛА МУЗЫКАНЫ ТЫҢДАЙ ОТЫРЫП ӘНДІ, ОЙЫНДЫ, КӨРКЕМ КЕЙІПКЕРЛЕРДІ, БИДІ КӨЗ АЛДЫНА ЕЛЕСТЕТЕ ОТЫРЫП ӨЗІНШЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ. МЫ- САЛЫ, БАЛА САЛТАНАТТЫ АДЫМДАП КЕЛЕ ЖАТҚАН САРБАЗДАРҒА, МАҢ-МАҢ БАСҚАН АЮҒА, ҮРКЕК ҚОЯНҒА Т.Б. ТӘН БЕЙНЕЛІ ҚИМЫЛДЫ ІЗДЕЙДІ, ӨЗІ ОРЫНДАЙДЫ.
6

МІНДЕТТЕРІ


Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Музыка мұғалімі өз сабағында шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу- тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
6
МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ, ТАНЫМДЫҚ, ЭМОЦИОНАЛДЫҚ Т. Б. БІРШЕНЕ БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ БАҒЫТ - МҰҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ, ТӘРБИЕЛЕУ ПРОЦЕСІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚҰРЫЛАДЫ. БҰЛ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН ІРІКТЕУ, ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫН, САБАҚ ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ Т. Б.
ҚОРЫТЫНДЫ
ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ
АРҚЫЛЫ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР –
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ. ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫ СЕЗІМДІ, КӨҢІЛ-КҮЙДІ ОЯТАДЫ, АЛ КӨҢІЛ-КҮЙ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙДІ ТҰРАҚТАТАДЫ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙ АДАМ САНАСЫНДА ӨМІРГЕ ДЕГЕН БЕЛГІЛІ ДӘРЕЖЕЛІ ҚАТЫНАСТЫ БЕКІТЕДІ. МУЗЫКА ӨМІР ҚОЗҒАЛЫСЫНДА ДАМУ ДИНАМИКАСЫНДА ШЫНДЫҚТЫ БЕЙНЕЛЕЙДІ. МУЗЫКАНЫҢ МАЗМҰНЫ СЕЗІМ, ЭМОЦИЯҒА КӨҢІЛ-КҮЙ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ПӘН ӘДІСТЕМЕСІН ҮЙРЕТУ ДЕГЕНІМІЗ ОЛ БАЛАЛАРМЕН МУЗЫКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН, МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРДЕН, МАЗМҰНЫ, НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҮЙРЕТЕТІН ПӘН. ОЛ МУЗЫКАНЫҢ ӨМІРІ МЕН БАЙЛАНЫСЫН ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН, ӘДЕБИЕТ ПЕН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН, БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МЕН ТАРИХТЫҢ БАЙЛАНЫСЫН СОЛ АЙМАҚТЫҢ, ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫ МЕН САЛТ-ДӘСТҮРІНІҢ БАЙЛАНЫСЫН ОҚЫП ҮЙРЕТЕТІН ПӘН.
ӘДЕБИЕТТЕР
  • ДУЙСЕМБІНОВА Р.К. ҚАЗАҚТЫҢ ӘНШІЛІК ӨНЕРІ: ОҚУ ҚҰРАЛЫ.

  • – АЛМАТЫ: ӨНЕР, 1998. – 110 Б.
  • ДУЙСЕМБІНОВА Р.К. МУЗЫҚАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГИКАСЫ: ОҚУ ҚҰРАЛЫ. - ТАЛДЫҚОРҒАН, 2006. -216 Б.
  • АХМЕТОВА М. ӘН ӨНЕРІ ЖӘНЕ УАҚЫТ. – АЛМАТЫ: ӨНЕР, 1993. – 198 Б.
  • БАЛАБЕКОВ Е. ҚАЗАҚТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЫ: ОҚУ

  • ҚҰРАЛЫ. – АЛМАТЫ, 2006. – 157 Б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет