«мєшћ‡р-ж‡сіп оќулары»



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі70 Kb.
#73153
  1   2   3   4

«МӘШҺҮР-ЖҮСІП: ӨМІРДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ, ІЗДЕНІСТЕРІ» АТТЫ
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
Негіздеме
Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы XIX ғасырдың бірінші жартысы мен XX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын, философ, тарихшы, фольклоршы. М-Ж. Көпейұлы ­ өмір сүрген дәуірі, қоршаған ортасы жағынан, тыныс тіршілігі алған рухани нәрі Абай, Шәкәріммен үндес, жолы бір адам.
М-Ж. Көпейұлының өз тұстарынан артықшылығы ­ бір ғасырды Абаймен аяқтап, екінші ғасырды кеңес дәуірі ақын-жазушыларымен бастады. М-Ж. Көпейұлының үш кітабы: «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сары арқаның кімдікі екендігі?» 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрді.
М-Ж. Көпейұлының әсіресе «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» Ресейлік патша үкіметіне зиянды, көтерген идеясы теріс болып көрінді, ақын ұзақ жылдар қуғында болды. Бұл кітаптың идеясы қоғамдық формация өзгерген соң да қызыл кеңесшілерге ұнамады.
Кеңес дәуірінде М-Ж. Көпейұлының бар-жоғы 2 томы жарық көрді (1990, 1992 ж.). Ақын шығармаларын, шығармашылығын шыны керек, Қазақстан Республикасы егемендігін алған соң ғана кеңінен насихаттауға мүмкіндік тиді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» орта арнаулы бағдарламасын қолға алғаны М-Ж. Көпейұлының мол мұрасын жарыққа шығаруға қозғау салды. Айталық, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанынан «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы құрылды. М-Ж. Көпейұлының шығармаларының жоспардағы 20 томдығының 15 томын басып шығарды. Ақын кесенесі 2006 жылдың 11-қарашасында ашылды. Жерлесіміз Мәшһүр Жүсіптің туғанына 2008 жылы 150 жыл толды.
М-Ж. Көпейұлы ғылымның қай саласын алсақ та қалам тартқан кісі. Дін, философия, тарих, фольклор, тіл, шығыс әдебиеті, орыс әдебиеті т.б. Әттең, өкініштісі сол, М-Ж. Көпейұлы Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты Кеңес дәуірінде зерттеліп, халқына ерте танылмады. Сондықтан да, қазақ жұртшылығы түгіл өз ұрпақтары, павлодарлықтар да Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларын аса терең біле бермейді.
Павлодар облысы көлемінде өткізілетін «Мәшһүртану» бағдарламасын дайындау қолға алынды. Ол үшін Республикалық «Абай оқулары» сияқты алқалы «Мәшһүр-Жүсіп оқулары » атты Республикалық байқауын өткізуді қолға алатын кез келді. Осыған орай, республика оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру және ақын, тарихшы-философтың шығармашылығын зерттеу жұмылдыру мақсатында осы турнирді өткізу жоспарланып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет