Н. Н. Малофеевтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беруге қосқан үлесі



Дата31.12.2021
өлшемі217,57 Kb.
#23229


Н. Н. Малофеевтың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті білім беруге қосқан үлесі.





МПИ Дефектология факультетінің түлегі. Профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Педагогика және психология бойынша сараптамалық кеңесінің мүшесі. Мұғалім-логопед, Мәскеу Облыстық балалар психоневрологиялық ауруханасының логопед-мұғалімі және оқу меңгерушісі қызметін атқарған. КСРО Мемлекеттік білім беру балалар құқығын қорғау және арнайы интернаттық оқу мекемелері басқармасының бастығы, түзету педагогикасы мен қиын балалар мәселелері бойынша РФ Білім Министрінің кеңесшісі. «Дефектология», «даму кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту» журналдарының бас редакторы, «Special Education» журналының редколлегия мүшесі (Литва) қызметтерін атқарған . Ресей Федерациясының Президенті жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңеске кірді. ЕО «Ресей Федерациясындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту қызметтерінің жүйесі»жобасының сарапшысы болды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық жүйелерін салыстырмалы талдау жаңа әдіснамалық тәсілдің авторы. 200-ден астам ғылыми жұмыс жазды.

Н. Н. Малофеев есту қабілеті нашар еститін балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін, ең алдымен, олардың болашақ өмірге әлеуметтік-педагогикалық бейімделуі үшін Хутор училищесінің үлкен маңызын атап өтеді. XX ғасырда есту қабілеті нашар балалар үшін ресейлік училищелердің желісі Мурзинский мектеп-хуторымен (1898) – саяси реформаларға толық жауап беретін бірегей арнайы оқу орнымен толықтырылады.



Н.Н. Малофеев өз еңбектерінде Еуропа елдеріне және Америкада дамуында бұзылыстары бар баларды қабылдап, нормативтік-құқықтық қор құрды, арнайы мектептерді қаржыландыру көздерін анықтады деп атап өтті.



Н .Малофеев бойынша инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін сипаттама берулері керек.

Академик Н. Н. Малофеевтың пікірінше: «...тиімді біріктірілген оқытуды ұйымдастру үшін, міндетті түрде педагогикалық кадрлардың арнайы дайындығы қажет». Оның мақсаты жалпы мектептер мен балабақшалардың педагогтарын арнайы психология мен түзету педагогикасының негіздеріне оқыту, оларға әдеттегідей емес балаға жеке тәсілдеме құруға мүмкіндік беретін арнайы оқыту технологияларын меңгерту. Бұндай дайындық ішінен бірнеше негізгілерін ерекшелеуге болатын өзара байланысқан міндеттерді білдіреді.



Ең бірінші кезекте, жалпы балабақшалар мен мектептердің педагогтарында мүмкіндігі шектеулі баланың пайда болуына сәйкес қатынасты: ұнатушылықты, қызығушылықты және осы баланы оқытуға деген шын пейілді тудыру.



Екіншіден, мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін ашу қажет. Бұндай балалардың арнайы ұйымдастырылған қолдау жағдайында өздерінің көптеген құрдастарының даму деңгейіне жетуі, тіпті оларды озуы да мүмкін екенін көрсету және дәлелдеу қажет.

Үшіншіден, мұғалімнің кіріктірілетін баланы ең алдымен бала ретінде қабылдауы оның психикалық дамуын, танымдық әрекетінің ерекшеліктерін, оның әлсіз және күшті жақтарын анық түсінуімен үйлесуге міндетті.



Төртіншіден, ата-аналармен және жақын қоршаған ортасымен өзара әрекеттенуге, ынтымақтастыққа және серіктестікке арнайы үйрету керек. Ең соңында, педагогтарды мектепке дейінгі және мектептегі интеграциялық оқыту жүйесіндегі баланы түзете қолдаудың нақты әдіс-тәсілдерімен таныстыру қажет» Бұл міндеттер жалпы түрдегі білім мекемелеріне кіріктірілген есту қабілетінің бұзылыстары бар балалармен жұмысқа жалпы мектепке дейінгі және мектептердің педагогтарын дайындаудың құрылған бағдарламасында жүзеге асырылуда.



Н.Н. Малофеев және оның ізбасарлары инклюзия, қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің жетекші үрдісі бола тұрып, арнайы білім беру жүйесін толық алмастыруға тиіс емес екендігіне сенімді. Бұл басқа да дәстүрлі және инновациялы түрлермен қатар жүретін түрлердің бірі ғана.

Н.Н. Малофеевтің ойынша, жаңа заманның педагогикалық жүйесі даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне қоғамның қарым-қатынасының өзгеруіне қарай, қоғамның ерекше балаларға деген бұрынғы қарым-қатынасына бағытталған алдыңғы білім беру жүйесін мойындамау ретінде пайда болады. Арнайы білім берудің ұлттық жүйелерінің қазіргі заманғы барлық даму үрдістерінің тереңде жатқан әлеуметтік-мәдени тамырлары мен белгілі «тарихи жасы» бар. Инклюзивтік білім беру Қазақстан Республикасы үшін жаңа жүйе екенін атап өткен дұрыс болады, бұнда оқушылар мен мұғалімдер ортақ мақсатта жұмыс жасайды — барлық балаларға бөлмей қолжетімді және сапалы білім береді. Қазіргі заманғы педагогикадағы интеграция үдерісінің дамуына білім берудің адам мен қоғамның дамуы үшін жағдай жасайтын әлеуметтік орта ретіндегі жаңа құндылықтарды мойындауы үлкен әсерін тигізді.



Қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға көзқарастарының дәрежесіне байланысты Н.Н.Малофеев 5 кезеңді бөліп көрсетті:



1-кезең.(Х ғ– 1198ж). Шет Батыс Еуропалық өркениетте дамуында ауытқуы бар адамдарға төзімсіздік пен қорқыныш сезімде болды.



2-кезең.(ХІІ–ХVІІғ) мүмкіндігі шектеулі балалардың бір бөлігін оқыту мүмкіндігінің бар екенін дәлелдейді. 1770 жылы Парижде есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балаға, 1784 жылы көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп ашылды.



4-кезең. ХХғ басынан -70 ж қарай дамуында бұзылыстары бар балалардың барлығын оқыту қажеттілігі туындады.



3-кезең.(ХVІІ–ХХғ)сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқытудың мойындалу кезеңі. Дәл осы уақытта көру, есту, ақыл-есі бұзылыстары бар балаларды біріктіріп оқытуға арналған арнайы мектептер ашыла бастады.

5-кезең. ХХғ 70ж аяғы– ХХІғ бөлектенуден кіріктіруге ауысу кезеңі. Осы кезеңде антидисикриминадциялық заңдастырылған акттер қарастырылды.



Білім беру – барлық уақытта да мәдениеттің даму мен қызмет етуінің

күрделі тарихи үдерісінің бөлігі болып қала береді. Н.Н. Малофеев қоғам мен

мемлекеттердің ауытқуы бар адамдарға деген қарым-қатынас эволюциясын барлай отырып, оны 5 кезеңге бөліп қарастырады . Ол кестені төменнен

көруге болады.



Шетелдердегі ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды оқытудың пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері:




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет